КЕЙБІР инфекциялық аурулардың сипаттамасы.
Оба
Зооноздық сипаттағы аса жұқпалы ауру.
Оба таяқшасы бірнеше минуттан 2-3 сағатқа дейінгі тура күн сәулесінің әсерінен жоғалады. Ауру адамдардың қақырығында 10 күнге дейін, мүрделерде 6-7 күнге дейін сақталады.
3% лизол мен карбол қышқылының ерітіндісі қоздырғыштарды 5-15 минуттан соң жояды, сулем ерітіндісі (1:1000) 1-2 минуттан соң жояды. Негізгі клиникалық формалары: 1) бубондықя; 2) өкпе; 3) септикалық; 4) ішек; 5) және тері обалары.
Инкубациялық кезең 1-3 күн (5 тәулік).
Бруцеллез
Жалпы инфекциялық-аллергиялық аурулар тіреу-қозғалтқыш, невтік және басқа да жүйелерді зақымдай отырып әсер етеді.
Қоздырғыштар топырақта, шаң-тозаңдарда, киімдерде 3 айға дейін, су мен азық-түлік өнімдерінде (май, сыр, етте) 2 және одан да көп айлар бойына сақталады. Төменгі температурада бруцеллез қоздырғышы одан да артық сақталады. Ылғалды ортада 55-80ºС температурада 60 минут бойына сақталып, қайнатқанда тез жойылады. Құрғақ ыстық ауа жай әсер етеді. 90-95º температурада бруцелл 1 сағаттан соң жойылады, 5% фенол ерітіндісінде 3-5 минут бойына сақталады.
Инкубациялық кезең шамамен 2-3 аптаға созылады.
Сібір жарасы
Жедел инфекциялық зооноздық сипаттағы токсикалық-септикалық ауру.
Оның таяқшалары 30 минут бойы қайнатқанның өзінде де тіршілік қабілетін жоғалтпайды. 5% ерітіндіде олар 40 тәулікке дейін өлмейді. Хлорлық әктің 10% ерітіндісінде 1 сағатқа дейін сақталады. Су мен топырақта жылдап сақталады.
Инкубациялық кезең орташа 1-3 тәуліктерге созылады, кейде олар 6-7 күнге дейін созылуы мүмкін.
Сібір жарасының үш түрі бар:
Тері; 2) өкпе; 3) ішек.
Тері формасы салыстырмалы түрде жеңіл өтеді.
Әр формадағы өлімге душар ету жағдайы 15% құрайды, өкпе және ішек түрлерінде 80-100% дейін жетеді.
Зақымдалған тері қабығы, тыныс алу жолдары мен ауыз арқылы зақымдануға болады.
Сібір жарасының зақымданған адамнан жан-жағындаларға таралу жағдайы тіркелген емес.
Достарыңызбен бөлісу: |