Топтық жұмыс Орындаған: жт-19-4Дк



бет5/11
Дата14.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#67678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Топтық жұмыс (копия)

Жіпті біріктіру
Тігін бұйымдары бөлшектерін жіппен біріктіру тәсілдері
Тігін бұйымын дайындауда қол жұмысы мен машина жұмысы, сондай-ақ ылғалды жылумен өңдеу операциялары қолданылады. Киім бөлшектерін өңдеуде жіппен біріктіру, желіммен біріктіру және дәнекерлеу, қадау әдістері кеңінен қолданылады.

Көлшікбай Айдана Бегдарқұл Қанат
Тігін бұйымдарын дайындау барысында өте жиі қолданылатын тәсілдердің бірі – жіптік тәсіл. Киім бөлшектерін біріктірудің жіптік тәсілі дегеніміз – екі немесе бірнеше қабат материалдардың бір, екі немесе одан да көп жіптерден құралатын инешаншымдар арқылы бекітілуі. Инешаншым – материалдың ине мен екі шаншымы арасындағы құрылым элементі. Тігім инешаншымдардың бірізділік қатарынан құралса, ал тігіс тігіндер арқылы екі немесе бірнеше қабаттарының біріктірілуі барысында пайда болады.Киімдердің бұқаралық өндірісінде орындау жылдамдығы мен сапалы тігімді қажет ететіндіктен, машиналық ине шаншымдар мен тігістер қолданылады. Машиналық жіптік тігімдер сипаты – берік, эластикалық, әсем. Осы тәсілмен тігін бұйымдарын біріктіру процесі жеңіл орындалады және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етуді қажет етеді. Тігін өндірісінде жіптік тәсілдің жиі пайдаланылу себебі, ол материалдың барлық түрлерін бріктіруге мүмкіндік береді. Киім бөлшектерін желіммен біріктіру тігін өндірінде кең өріс алуда. Пайдалану процесінде бұйымның қалпы беріктілігін, ұзақ мерзілімділігін қамтамасыз ететін киімдердің желімдік материалдар пакетін қолдану − жоғары сапалы және бәсекелестікке қабілетті тоқыма бұйымдарын шығарудың бірден-бір жолы. Текстураланған жіптер химиялық талшықтардан алынады, қосымша өңдеудің салдарынан құрамы өзгерген. Олардың ширатпасы тұрақты, үлпілдек, жұмсақ, серпімді.
Созылу дәрежесіне қарай текстураланған құрама жіптер үш түрге бөлінеді: қатты созылатын (100%, одан да жоғары), жақсы созылатын (100%-ке дейін) және әдеттегідей созылатын (30%-ке дейін).
Қатты созылатын жіптердің (эластик, акон, комэлан) құрамындағы барлық талшықтардың ширатпалы келеді. Созылымды жіптердін созылуы 400%-ке дейін жетеді, серпімділігі де жоғары.
Эластик (созылымды) жіптер – термопластикті полиамид талшықтарын ширатпасын жылумен ұстап қальш ескеннен шығатын өнім. Кейін қарай таратқанда жіптердің арасы ажырайды да, иірілген жібіміз көлемді болып көрінеді .
Акон – екі мәрте ширатылған, капрон және ацетат жіптерінен тұратын қатты созылатын жіп. Қомэлан – ҚОМЭ машинасында жасалатын капрон мен құрама ацетат жіптерінен тұратын қатты созылатын жіп. Машинаның ерекшелігі – онда майысқан белдік түрінде айналмалы механизм бар.
Майысқан белдікке жанасканнан соң жіп ширатыла бастайды. Жіпті қыздыру арқылы оның бұралаңын сол күйінде сақтап қалуға болады.
Жақсы созылатын жіптер (мэрон, мэлан, рилон, гофрон) сырттық, спорттық және іш киімдік тоқыма бүйымдарға, маталарға, тігін жіптеріне (гофрон) жүмсалады. Мэрон (құрама капрон жіптерден) және мэлан (лавсан жіптерден) жіптерін бір процесті жалған ширату әдісімен және одан соң автоклавада тиянақтау нәтижесінде аламыз.
Пластинканың қызған жиегімен капронды созу әдісін пайдаланып рилон алынады. Гофрон жіптерін ал« ғанда беті тегіс күрама капрон жіп арнайы роликтер мен иректелген тақтаньщ ортасынан етіп толқынданады да, қызған түтікті камера арқылы өтіп ол өз кейпін сақтап қалады .
Әдеттегідей созылатын жіп (аэрон) – текстурланған жіптердің арасындағы ең тығызы; құрама капрон жіптерге қысыммен ауа ағының бағыттағанда олардың бетінде ілмектер пайда болады. Бұл ілмектер қолға жүн жіптері сияқты сезіледі. Маталар, трикотаждар және жасанды мех өндіргенде кең қолданылады.
Текстураланған құрама жіп (трикон, такон) әртүрлі текстураланған жіптерді ширатылмаған құрама жіптермен қосып ширатқаннан алынады. Трикон капрон – эластик пен триацетат, ал такон – капрон мен ацетат жіптерімен түрады .
Дара жіптер синтетикалық талшықтардан алынады. Көбіне көлденең қимасы дөңгелек кейде жалпақ не кескінделген болуы мүмкін. Дара жіптің жуандығы оның қаттылығына, серпімділігіне және пайдаланылуына байланысты. Оның ең жіңішкелерін желімдік жіп ретінде және блузалық, көйлектік маталарға, трикотажға қолданады. [6]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет