Топтық жұмыс Орындаған: жт-19-4Дк


Жіп иіруді механикаландыру



бет3/11
Дата14.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#67678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Топтық жұмыс (копия)

Жіп иіруді механикаландыру
Жіп иіруді механикаландыру 1770 – 80 жылдары Еуропада басталды. Техниканың кемелдене түсуіне байланысты түту, шүйкелеу, тегістеу процестері де механикаландырыла бастады. Жіп иіру – тоқыма өнеркәсібінің негізгі өндірісінің бірі. Өңделетін талшықтың қасиетіне және алынатын жіп сапасына қарай жіп иірудің әр түрлі жүйелері пайдаланылады. Тарау тәсіліне қарай иірудің негізгі 4 жүйесі бар: 1) кард жүйесінде тарауыш машинада ғана таралған мақта, зығыр, шелқабық талшықтарынан, кейде жүннен төмен және орта нөмірлі жіп алынады; 2)тарақтап иіру жүйесінде тарауыш машина да, тарақтап түту машинасы да пайдаланылады. Ұзынынан тегістелген жүн және ұзын талшықты мақтадан жоғары нөмірлі және аса жоғары сапалы жіп алынады; 3) түту жүйесінде талшық таралмайды, тек қылшықтан ажыратылады. Жүннің, зығырдың, жібек қалдығының ең ұзын талшығын өңдеу үшін қолданылады; 4)аппаратты жүйеде тегістеу кареткамен жалғастырылған 2 – 3 тарауыш машина бірден қолданылады да, төмен нөмірлі үлпілдек жіп алынады. Талшық түріне қарай жіп иіру мақта иіру, жүн иіру, жібек иіру, зығыр иіру, т. б. болып бөлінеді. Әр алуан талшықты жіп иіру үшін өңделетін талшықтың қасиетіне қарай әр түрлі машиналармен өңдеудің түрлі тәсілдері пайдаланылады.[3]
Жіпті ұршықпен иіру - түтілген жүнді ұзынынан созып, спиральді тәсілмен орап ұзын, мықты тоқыма жіп алу тәсілі.
Ұршықтың құрылысы
Ұршық негізгі үш бөліктен құралады. Олар- ұршықтың басы, сабы және мұрындығы. Ұршықтың басын тығыз ағаштан ойып, жұмсақ тастан қашап, қорғасыннан дөңгелектеп құйып жасайды. Ұршық басының ауыр не жеңілдігі иірілетін жіптің жуан-жіңішкелігіне сәкес болуға тиіс. Ұршық сабының ұзындығы 30 сантиметрдей болады. Ұршықты саптағанда оның мұрындық өткізілетін, жағын ұршық басқа кигізеді (басынан 3 елідей шығарып). Саптың ұшынан жіп жататын сай салып, ұшынан 1 елідей төменіректен мұрындық өткізеді. Оның жуандығы сіреңке шырпысынан сәл ғана жуандау болады. Жіп ауырлағанда сынып кетпеу үшін, мұрындық қатты ағаштан дайындалады.
Ұршықпен иірілетін жіптердің ең жуаны өрмектің арқауы, күзуі, серуі және түйенің жабуын көктейтін, киіз үйдің түндік, үзік, туырлық сияқты әбзелдерін тігуге арналған шуда жіп, ал ең жіңішкесі - шидем шекпен тоқуға, теріден киім тігуге арналады. Жіп иірілуіне қарай екі түрлі : оңқай жіп, солақай жіп болады. Жіптің бұл түрлері шекпен тоқығанда таңдай түсіру үшін пайдаланылады. Жіп иіргенде шебер майдалап түтілген жүннен шүйке жасап, оны бостау етіп, домалақтап шүберектен не шүйкенің өзінен саусаққа ілетін ілгек шығарады. Иірілген жіпті ұршық сабына төгеді.[4]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет