Топтық жұмыс Орындаған: жт-19-4Дк



бет4/11
Дата14.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#67678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Иірім жіптерді ширату
Иірілген жіптер мен жіптердің топтасуы
Иіру әдістеріне қарай мақтадан иірілген жіптер – шөткелік, тарақтық және аппараттық жүннен иірілген жіптер – аппараттық, тарақтық және жартылай-тарақтық, жібектен иірілген жіптер – тарақтық және аппараттық; зығырдан иірілген жіптер – құрғақтай иірілген зығыр жіптерге, ылғалды иірілген зығыр жіптерге, құрғақ және жіп, ылғалды әдіспен қалдықтан иірілген жіп болып бөлінеді .

ЖТ-19-4Дк практика сәтінен
Талшықтардың, құрамына қарай иірілген жіп біратты талшықтардан тұрса біртекті деп және әратты талшықтардан тұрса әртекті (аралас) деп бөлінеді. Өңделуі мен бояуына қарай иірілген жіп шикі түсті (өңделмеген), ағартылған, боялған, зерленген, меланжды (түрлі-түсті талшықтардан құрылған) болып бөлінеді.
Құрамы (конструкциясы) жағынан жалаң қабат ширатылған, қосарланған, үлгілі, сымаралас және үлкен көлемді болып бөлінеді. Жалаң қабат иірілген жіп – иіру нәтижесінде ширатылған жеке талшықтардан тұрады. Жалаң қабат иірілген жіпті тарқатсақ бөлек-бөлек талшықтарға ажырайды.
Ширатылып иірілген жіп екі және одан да көп жіптерден тұрады. Егер тарқататын болсақ, ол жіптерге ажырайды . Қосарланып есілген өзара жіп екі не одан да көп көп жіптерден тұрады. Сәнді иірілген жіп – белгілі бір сыртқы көрініс үшін жасалады. Бұл ұзындығы әрқалай жіптерді ширату арқылы алынады.
Сымаралас жіптің өзегі болады, оның сыртын мақта, жүн, зығыр не химиялық талшықтар мен түсті металдан созылған жіптерді араластырып ұзына бойына орайды. Үлкен көлемді иірілген жіп (созылуы 30%, одан да көп) әрқалай синтетикалық штапель талшықтарынан жасалады.
Құрама тоқыма жіптер бойлық бойымен біріктірілген жәй жіптерді желімдеп не ширату арқылы алынады. Кокон жіптерін желімдеп жібек – шикізат аламыз. Жібек – шикізаттың бірнеше жібін қосып есу арқылы ширатылған таза жібек аламыз. Ширату қарапайым (бірнеше жіпті есу) немесе күрделі (бірнеше ширатылған жіпті есу) болуы мүмкін.
Қарапайым ширатумен: осал есілген жібек-арқау аламыз, қатты есілген жібек-муслин және өте қатты есілген жібек-креп алынады. Күрделі ширатудан жібектің негізі жасалынады.
Химиялық қарапайым жіптерді есу арқылы жайдақ ширатылған жасанды және синтетикалық құрама жіптер, қатты ширатылған (муслин), өте қатты ширатылған (креп), сәнді (түйінді, шиыршықталған т. б.), ерек-ше ширатылған (мооскрептер, текстураланған) жіптер алуға болады. Мооскрептер мен текстураланған жіптер матанын мамықтығын арттырып, көлемді көрсетеді, жылу сақтау қасиетін жаксартады.
Мооскреп – күрделі ширатылған жібек өзектік (негізгі) және оның сыртын орайтын қума жіптен тұрады. Өзектік жіп ретінде вискозды крепті, ал қума жіп ретінде ширатылмаған вискозаны (вискозды мооскреп) немесе ацетатты (ацетатты мооскреп) жібекті пайдаланады.
Стандартта көрсетілген иірілген жіп пен жіптердің қасиетіне олардың сызықтық тығыздығы, ширатылуы, мықтылығы, созылғыштығы, тегістігі жатады. Талшықтардікі сияқты иірілген жіп пен жіптердің сызықтық тығыздығы текспен сипатталады.
Иірілген жіптің жуандығы текс жүйесінде 1000 м жіпке келетін грамм өлшеміндегі массаньң шамасымен анықталады. Текстің сандық мазмұны неғұрлым жоғары болса, жіп те солғұрлым жуан. Штапельді мақта және шеткелі иірілген аралас жіптің сызықтық тығыздығы 12-85 текс, биязы жүннен иірілген тарақты жіптің (бір қабаты да, араласы да) сызықтық тығыздығы 16-41 текс, қылшық және жартылай қылшық жүннен иірілген тарақты жіптін, сызықтық тығыздығы 28-85 текс, зығырдан иірілген жіптін, сызықтық тығыздығы – 18-300 текс.
Аппаратты иірілген жіптің сызыктық тығыздығы – мақтанікі – 85-250 текс, биязы жүндікі – 125-670 текс. Текс пен метрикалық номерді анықтау үшін иірілген жіпті таразыда немесе квадрант деп аталатын арнайы аспапта өлшейміз.
Квадранттар салмақтық және номерлік болып бөлінеді. Рычагтің ілгегіне жүз метрлік пасманы ілгенімізде рычагтың екінші басындағы стрелка тиісті массаны не номерді көрсетеді.
Жіптердің диаметрін жуандық өлшегіш немесе сызықтық тығыздық бойынша есептеу арқылы анықтауға болады. Иірілген жіптің ширатпасы оның 1 м ұзьндығына келетін сұралу санымен сипатталады. Ширатпаның өсуіне байланысты иірілген жіп тегіс, мықты, серпімді болады. Ары қарай жіптің мықтылығы артпай кемісе, оны ширатудың шегі дейді.
Ширатылған мөлшерді анықтау үшін иірілген жіптің үлгісін арнайы аспапта ширатпа өлшеуіште тарқатады. Ширатпа өлшеуіште иірілген жіптің үлгісін бекітуге арналған екі қысқаш, тарқатқан кезде жіптің ұзаруын көрсететін тартылу күшін өлшегіш , жіптің тарқатылуын қарауға арналған лупа және айналу санын есептегіш бар. Қысқаштың біреуі қозғалмайды, екіншісі, айналатыны, есептегішпен жалғанған. Мақта штапель жіптерінің басқа талшықтардың барлық түрінен жасалған құрама, бұралған иірме, сонымен бірге жалаң иірілген жіптердің ширатпасын анықтау үшін талшықтардың параллель түсуіне дейін тарқату әдісі қолданылады .
Жіптерді оң және сол ширату бар. Егер тарқату оң қолмен өзіңнен сыртқа қарай жүргізілсе оң ширату дейді. Оң ширату Z латынның әрпімен, ал сол ширату S латынның әрпімен белгіленеді .
Иірілген жіп пен жіптерді, талшықтарды көргендегі мықтылық мөлшері оларды үзуге жеткілікті ең аз салмақпен сипатталады. Үзу салмағы жіп улгісін үзу машинасында көру арқылы анықталады. Бұл жағдайда үзу салмағын ұзындығы 100 м бір тал жіп үшін де, бүкіл ширатылған жіп үшін де анықтауға иірілген жіптің созылғыштығы динамометрде жіптің үзілердегі мықтылығымен қоса анықталады.
Созылғыштық жіптің үзілер кездегі ұзаруымен сипатталады және талшықтың құрамына, жуандығына және иірілген жіптің – ширатылымына байланысты. Тегіс еместік – иірілген жіп пен жіптердің жуандығыньң, ширатылуының, мықтылығының және ұзаруының бірдей еместігі. Иірілген жіптің тегіс еместігін лабораториядағы эталондармен (үлгілермен) қатар қойып салыстыру арқылы немесе олардың тиісті аспаптардағы бірнеше керсеткішін өлшеп сонан соң формула бойынша тегіс еместік процентін есептеу арқылы анықталды . Таза талшықтан иірілген жіп пен құрама жібек жіптерге қарағанда химиялық және штапельдік талшықтардан жасалған жіптер қасиеті жағынан біркелкі.[5]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет