Топтық жұмыс. Топ: 1703-51. Тақырыбы: бақ жүйесі,қызметі қазіргі жағдайы. Видеоға қатысқандар



бет4/4
Дата20.05.2022
өлшемі21,49 Kb.
#35139
1   2   3   4
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТАНУ

БАҚ-ның сатылары.
БАҚ саласындағы өзгерістермен сараласақ, ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады.
Біріншісі кезең. Жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға ұшырауы.
Екінші кезең. Ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде қайтадан қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы.
Үшінші кезең. Еліміздегі экономикалық-әлеуметтік, мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және Қазақстанның ғаламдық ақпарат айдынына талпынысымен сипатталады.

БАҚ-дағы мәселелер:
Қоғамның пікірін қалыптастыру, ақпаратпен қамтамасыз ету, ағарту, ойын-сауық, хабар беру және экономикалық жағынан үлес қосу сияқты қызметтер ақпарат құралдарының қызметі бола тұра, мәселелері де жоқ емес:
Біліктілікті арттыру;
Экономикалық мәселелер;
Журналистердің танымалдығы;
Жұмыспен қамту (жалақы);
Ақпарат құралдарының еркіндігі және этикалық жағдайы;
Tираж, жарнама және тарату жолдары;
Жергілікті ақпарат құралдарының мәселелерін қолға алу.

БАҚ-тың қоғам өміріне тигізетін жағымды әсерлері:
БАҚ-тың қоғам өміріне тигізетін жағымды әсерлеріне:ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және сақтау; аудиторияның талғам деңгейін өсіру; ұлттық аудиторияның гомо­генділігін сақтау; ұлттық ақпараттық кеңістікті отандық сапалы медиа өніммен толтыру, бос кеңістік қалдырмау; ұлттық біртұтас ақпараттық күн тәртібін орнықтыру, т.б. секілді БАҚ функцияларын қолдауға, арттыруға бағытталған шараларды қабылдай отырып, оның жағымсыз ықпалын азайтатын, алдын-алатын және болдырмайтын тетіктерді енгізген орынды.

Сауалнама.
Топтық жұмысты атқару барысында онлайн әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Жалпы респонденттердің саны - 25 адамды құрады. Барлығы 17-18жас аралығындағы жастар. Сауалнамада БАҚ-тың маңызы, қоғамдағы рөлі, түрлерінің қайсылары жиі қолданылатындығы секілді сұрақтар болды.
Нәтижесінде, ақпарат, жаңалық пен жарналамаларды көптеген студенттер әлеуметтік желі арқылы хабардар болатындығы белгілі болды. Себебі, олар теледидар, радио, газет жкрналдан гөрі ұялы телефонды, яғни интернетте көп пайдаланады екен. 90% студенттер БАҚ-тың қоғамдағы рөлі зор деп біледі, себебі олар еліміздегі ақпараттарды таратушы құрал болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет