Топтық жұмысты ұйымдастырудың маңызы



бет2/3
Дата24.11.2022
өлшемі2,1 Mb.
#52272
түріСабақ
1   2   3

Топты іріктеу


Психолог Ю.Н. Кулюткин зерттеуі бойынша топты іріктеуде екі белгіні негізге алуымыз керек: оқушылар арасындағы оңтайлы қарым- қатынастар мен оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейі. Гомогенді және гетерогенді топтар болуы мүмкін. Гомогенді топ дегеніміз- бірыңғай жақсы оқитын немесе білім деңгейі бірыңғай төмен оқитын оқушылардан тұрады. Ал гетерогенді топта білім сапасын әртүрлі деңгейде меңгерген оқушылардан тұратын топ болады.
Топқа бөлу
1. «Ойлан, жұбыңды тап». Оқушыларға қағаздан жасалған әртүрлі фигуралардың қиындыларының жартысын береді. Олар өз фигураларының келесі жарты бөлігін тауып, топтасу керек.


Топпен жұмыс жүргізудің түрлері
Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар:
  • Бірыңғай топтық жұмыс. ( Барлық топ бірдей тапсырма орындайды)
  • Сараланған топтық жұмыс. (Берілген тақырып аясында әр топ әртүрлі тапсырмаларды орындайды)

  • Эстондық ғалым Х.И.Лийметс топтық жұмыстың төмендегідей принциптерін анықтайды:
    . Сынып оқушылары 3 немесе 6 адамнан топқа біріктірілуі керек.
    . Әр топ бірыңғай тапсырмаларды немесе сараланған тапсырмаларды алып орындайды.
    . Топ ішінде оқушылар «көшбасшы», «спикер», «сараптамашылар», «уақыт есептеушілер» жұмыстарын бөліп алады.
    . Тапсырмаларды орындап, топ мүшелері бір – бірімен пікір алмасады, бірін- бірі бағалайды.
    . Топта қабылданған шешімдер бүкіл сыныппен талқыланады.

Топтағы лидерді сайлау

Топта лидерді сайлау социаметриялық әдіспен өтеді. Білім деңгейі бірдей оқушылардан құралған топта тапсырма орындауда құнды пікір айтқан, топты тығырықтан алып шығатын оқушы сайланады.Топта әрқашан спикер және бағалаушы сол бір оқушылар бола бермес үшін мұғалім әр сабақта топтың құрамын реттейтін журнал бастап, есеп жүргізіп отыруы дұрыс шешім болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет