Торғай ақындарының



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата26.01.2017
өлшемі0,79 Mb.
#2761
1   2   3   4   5   6   7
ЕКІНШІ ТАРАУ 
Торғай ақындарының әдеби дәстүрі 
 
 
     ХІХ  ғасырдың  соңғы  ширегі  мен  ХХ  ғасырдың  басында  Торғай  өңірінде 
өзіне  тән  дәстүрлік  ерекшеліктері  бар  ақындық  мектеп  болғандығын,  ол 
ақындық  мектептің    негізін  қалаған  Уақ  Жұмабай  Шалабайұлы,  Сейдахмет 
Бейсенұлы,  Есенжол  Жанұзақұлы,  Әбіқай  Нұртазаұлы  сияқты  ақындардың 
өмірімен, шығармашылығымен таныстырдық. Ендігі сөз осы ақындық  мектепті 
қалыптастыруға  негіз  болған  бастау  арналар  туралы  болмақ.  Ең  алдымен 
анықтап  алатын  мәселе  –  осы  ақындық  мектеп  өкілдері  ауызша  әдебиетке 
жақын ба, әлде жазба әдебиетке жақын ба?! Осы бөлімде шығармашылықтарын 
сөз  еткен  Уақ  Жұмабай  Шалабайұлы,  Сейдахмет  Бейсенұлы,  Есенжол 
Жанұзақұлы,  Әбіқай  Нұртазаұлының  шығармаларына  қарап  отырып,  ауыз 
әдебиеті  өкілдерінің  бірте-бірте  жазба  әдебиетке  ауысу  процесін  байқаймыз. 
Мысалы,  Уақ  Жұмабай  мен  Сейдахмет  өлеңдері  көбіне  ауызша  шығарылса, 
Есенжол мен Әбіқай өлеңді ауызша да, жазып та шығарған.  
      Торғай  ақындық  мектебінің  қалыптасуының  негізгі  бастау  арнасы  болған, 
оның дамуына  ықпал еткен мына жағдайларды айтып өткіміз келеді: 
       1. Торғай ақындық мектебінің бастау арналары:  
       а)  Қазақ  халық  ауыз  әдебиеті.  Қай  елдің  болса  да  ауыз  әдебиеті  жазба 
әдебиетінен бұрын болды. Жазу-сызу шығып, мәдени сатыға көтерілгенге дейін 
қай  халық  болмасын  ой-пікір,  көңіл-күйлерін,  тап  болған  қоғамда  таптық 
мүддесін ауызша жырлап, ауызша айтып берді. Ол туындылар ауыздан-ауызға 
тарап, халықтың, халық жыршыларының жадында сақталып, біздің дәуірімізге 
жетті.  
     Ауыз  әдебиеті  жазба  әдебиеттен  бұрын  туғандықтан,  жазба  әдебиеттің  өсу, 
даму  жолындағы  негізгі  қор,  негізгі  тірек  –  ауыз  әдебиеті.  Ауыз  әдебиетінің 
тыс, онымен байланыссыз дамып, өз бетімен өскен жазба әдебиет жоқ.  
      ...Қазақтың  жазба  әдебиеті  өзінен  бұрынғы  ауыз  әдебиетімен  тікелей 
байланысты.  Абайға  дейінгі  ақындарымыздың  көпшіліг  ауыз  әдебиетінің 
ықпалында болып, соның негізінде өсті. Ол кездегі ақындар орыс тілін білмеді, 
сондықтан орыс, Еуропа мәдениетімен араласа алмады. ХІХ ғасырдың бірінші 
жартысының аяқ  кезінде өмір  сүрген кейбір  ақындардан шағатай,  түрік,  татар 
тілінде басылып шыққан әдеби шығармаларға еліктеу байқалады. Бірақ жалпы 
алғанда,  қазақтың  жазба  әдебиет  үлгісінің  алғашқы  өнегесі  қазақтың  ауыз 
әдебиеті болды [15, 16  б.]. 
      Торғай  ақындық  мектебінің  қалыптасуында  да  басты  арна  –  қазақ  ауыз 
әдебиеті болды.  
      ә)  Ақындық  мектеп  қалыптасқанға  дейінгі  қазақ  әдебиеті,  яғни  ХІХ 
ғасырдың  екінші  жартысына  дейінгі  ХҮ-ХҮІІ  ғасырлардағы  жыраулар 
поэзиясы, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық идеяны жырлаған 
Махамбет бастатқан, ақындар мен зар заман ақындарының шығармашылығы да 
Торғайдағы ақындық мектептің қалыптасуына зор әсерін тигізді.  
       2) Торғай ақындық мектебінің дамуына ықпал еткен жағдайлар:  

 
54 
       а)  Торғай  ақындық  мектебі  өмір  сүрген  кезеңдегі  қазақ  әдебиеті.  Бұл 
кезеңдегі  әдебиетіміздің,  яғни  ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың 
басындағы  әдебиетіміздің  екі  бағытын  айта  кеткеніміз  орынды.  Торғай 
ақындық  мектебіне  бұл  екі  бағыттың  екеуі  де  әсерін  тигізді.  Ол  діни-
ағартушылық  бағыттағы  ақындар  мен  ағартушы-демократтық  бағыттағы 
ақындар  шығармашылығы.  Бұл  ретте  Абай  мен  Ыбырайдың  орны  айрықша. 
Торғай  ақындары  Абай  шығармашылығын  сол  кезде  шығып  тұрған  “Дала 
уалаяты”  газетінен,  “Айқап”  сияқты  журналдардан  оқып  білсе,  Ыбырай 
Алтынсарин Торғай ақындарының көбімен аралас-құралас болған, ақыл-кеңесін 
беріп  отырған.  Ал,  діни-ағартушылық  бағыттағы  ақындармен  –  Әбубәкір 
Шоқанов, Мақыш Қалтаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Нұржан  Наушабаевтармен 
олардың  шығарған  азды-көпті  кітаптары  арқылы  танысса,  демкораттық 
бағыттағы  С.  Торайғыров,  С.  Дөнентаев,  С.  Көбеев,  М.  Сералин  т.б.  ақындар 
шығармаларын  таныстыруда  ХХ  ғасырдың  басында  Қазан,  Уфа,  Орда,  Орал 
қалаларында,  Торғайға  іргелес  Орынбор  мен  Орскіде  шығып  тұрған  мерзімді 
баспасөздің зор роль атқарғандығы анық.  
      ә)  Орыс  әдебиетінің  әсері.  Торғай  ақындарының  орыс  әдебиетімен 
танысуына бір жағы Орынбор, Орск қалаларының жақын болуы, сонымен бірге 
Торғай  қаласының  сол  кезеңде  Ресей  үшін  маңызды  орталықтың  бірі 
болғандығы  ықпал  етті.  Сонымен  бірге,  Ы.  Алтынсариннің  Торғай  қаласында 
мектеп  ашып,  қызмет  істеуі  де  игі  әсер  етті.  Сол  сияқты  Торғай  қаласындағы 
төрт кластық орыс мектебінде, училищеде қызмет еткен орыс ұлтының өкілдері 
де  Торғай  ақындарын  орыс  әдебиетімен  таныстыруы  әбден  мүмкін.  Мәселен 
Құбаша  Шалбайұлы  аталған  мектепті  бітірген.  Оның  “Ағайын”  деген  өлеңі 
ұстазы А. Д. Сыров деген орыс мұғаліміне арналыпты. Бұл өлеңде ақын:  
 
 
 
...Сен арқылы мен орысты таныдым, 
 
 
Дүниеге шын өзгерді нанымым, – 
 
дейді.  Әбіқай  Нұртазаұлы,  Файзолла  Сатыбалдыұлы,  Әлмұхаммед  Оспанұлы 
сияқты ақындар  да орыс тілін жетік білген.  
     б)  Шығыс  әдебиетінің  әсері.  Торғай  ақындық  мектебінің  өкілдері  шығыс 
әдебиетімен  “Салсал”,  “Жұмжұма”  сияқты  діни  дастандар,  “Мың  бір  түн” 
хикаялары,  сол  сияқты  Қазан,  Уфа  қалаларында  жарық  көрген  қазақ  кітаби 
ақындарының  шығыстық  сюжетке  құралған  нәзиралық  дастандар    арқылы 
таныс  болған.  Мәселен,  Сейдахмет  ақынның  “Мың  бір  түн”,  “Тотынама” 
сюжеттеріне 
құралған 
“Махрума”, 
“Өнерлі 
уәзір” 
дастандары,                                     
Н. Ахметбековтің “Албан Жұпар ханым”, “Қамарыл Заман” дастандары соның 
айғағы.  Торғай  ақындарын  шығыс  әдебиетімен  таныстыруда  Бұхарадағы 
“Көкілташ”  медіресесін  бітіріп  16  жасында  Құранқари  атанған  Файзолла 
Сатыбалдыұлы  мен  Троицк  қаласындағы  “Расума”  медіресесін  бітірген 
Әлмұхаммед Оспанұлының да еңбегі айрықша. 
      Торғай  ақындарының  әдеби  дәстүрін  сөз  етпес  бұрын  әдеби  дәстүр  туралы 
бұрын-соңды айтылған, жазылған пікірлерді саралап алған жөн.  

 
55 
       Дәстүр  дегеніміз  бір  ұрпақтан  келесі  ұрпаққа  ұдайы  ауысып  отыратын 
тарихи  тұрғыдан  қалыптасқан  әлеуметтік  нормалар  мен  принциптер.  Дәстүр  – 
халықтың  мінез-құлқы  мен  іс-әрекеттерінің  рухани  негізі  болып  табылады. 
Мұның  өзі  көркемдік  дәстүр  жалғастығына  тікелей  қатысты  болып  келеді. 
Өйткені  әрбір  ұрпақ  өзінен  бұрын  ғұмыр  кешкен  барлық  ұрпақтар  жасаған 
рухани мұраны игеріп, оны жаңа қоғамдық-тарихи жағдайға сәйкес жетілдіріп 
отыруы  тиіс.  Сонда  ғана  қоғам  дамуының  рухани  мүмкіндіктері  объективті 
түрде жүзеге   асады [30, 3 б.].  
      Дәстүр 
мен  жаңашылдық  дейтін  проблема  кең  мағынасында  – 
философиялық  проблема.  Бұл  дүние  жүзіндегі  барлық  даму  атаулының  тетігі. 
Мұнсыз өсу, өрбу, өзгеру жоқ.  Онсыз өмір жоқ. Неге десеңіз ештеңеден ештеңе 
шықпайтыны, яғни “нөлден” ештеңе өнбейтіні, екінші сөзбен айтқанда, жоқтан 
бар  болмайтыны  белгілі.  Оның  үстіне  дүниеде  не  бар,  соның  бәрі  дамып, 
өзгеріп  отырады,  жаңғырып,  жаңарып  отырады.  Ол  бұрынғы  мен  бүгінгінің, 
көне  мен  жаңаның  арасындағы  табиғи  жалғастық  құбылысының  заңдылығы,  
философия  тілімен  айтқанда,  дәстүр  мен  жаңашылдық  дейтін  проблеманың 
қарастыратын заңдылығы.  
      Әр  халықтың  тарихи  қалыптасқан  тұрмыс-салт,  әдет,  ғұрып  бар,  мінез-
құлқы  бар,  тілі  бар,  толып  жатқан  өнер  түрлері  бар.  Бұлар  да  белгілі 
заңдылықпен  дамып,  өзгеріп  жаңғырып  отырады.  Ол  жаңалықтың  көктеп 
түспейтіндігін,  оның  жоқтан  емес,  бардан  пайда  болатындығын  танытатын 
диалектикалық даму процесінің заңдылығы [33, 4 б.].  
      Дәстүр  –  өте  бай  ұғым.  Ол  адамзат  өміріне,  өнеріне,  біліміне  қатысты 
салалардың  көбін-ақ  тән  құбылыс.  Қай  салада  болмасын,  жалпы  дәстүр 
атаулыға тән қасиет – ол дайын күйінде тумайды, не өзге біреуден оңай алына 
салмайды,  ол  заманалар  жемісі,  тәжірибелер  нәтижесі,  уақыт  сынынан, 
ұрпақтардың ақыл-ой елегінен мүдірмей өткен, халықтың тіршілік-тұрмысына 
жауап беру арқылы өміршең сипат алып, әрдайым өсіп, өніп, жалғасып отырған 
әрі  тұрақты,  әрі  жанды,  белсенді  құбылыс.  Әрине,  дәстүр  атаулының  бәрі 
бірдей барлық дәуірге ортақ, озық та өрен сипатта бола бермейді [34, 14 б.].  
      Дәстүр, әдет, салт, үрдіс, тіпті дағды, ғұрып деген сөздер кең мағынада адам 
мінезі  мен  тіршілігіне  байланысты  қанға  сіңген  қылықтар.  Демек,  ұлттық 
дәстүр  тез  өзгеріп,  немесе  жоғалып  кете  қоймайтын  құбылыс.  Ұзақ  уақыт 
бойына, тіпті таптық формациялардың ауысуына қарамастан өзгермей қалатын 
кездері  де  бар.  Мұндай  әдет-ғұрыптар  адам  санасының  жаңалануына  біраз 
уақыт  кедергі  жасауы  да  мүмкін.  Үрдіс,  дәстүр,  салт  адам  психикасына, 
мінезіне байланысты түзіліп қаралатын тұрақты құбылыс [32, 286 б.].  
      Әр  ұлттың  психикалық  түзілісі  ұлттық  сезім,  ұлттық  салт,  дәстүр  және 
ұлттық мінез-құлық сияқты бір-біріне сүйенген компоненттерді қамтиды. Және 
ұлттық сезімдер  мен    ұлттық  мінез-құлық  түрлері ішкі  формалар ретінде, осы 
ұлт  таптарының  рухани  ерекшеліктері  мен  қасиеттері  ретінде  көрінеді,  ал 
ұлттық салт пен дәстүрлер сыртқы факторлар ретінде, қоғамдық пікірлер  күші 
ретінде,  осы  ұлт  өкілдерінің  қоғамдық  тәртібін  бір  қалыпқа  келтіретін 
материалданған идеялар ретінде байқалады [32, 288 б.]. 

 
56 
      Жалпы  дәстүр  туралы  пікірлердің  дені  осы  сарындас.  Бұл  пікірлерден 
шығатын  қорытынды  –  дәстүрдің  философиялық  ұғым  екендігі.  Оның  тарихи 
тұрғыдан қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер жиынтығы немесе 
белгілі  бір  ұлттық  қоғамдық  тәртібін  бір  қалыпқа  келтіретін  материалданған 
идеялар  жиынтығы  екендігі.  Оған  тән    қасиеттер  ұлттың  айырмашылықты 
білдіретіндігі, атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратындығы, белгілі-
бір  уақыт  аралығындағы  тұрақтылығы,  жаңалыққа,  жаңашылдыққа  жол 
бергендігімен  уақыт  өте  келе  оны  өзіне  (дәстүрге)  айналдырып  алатындығы. 
Ал, әдебиет пен көркемөнердегі дәстүрдің, кең мағынадағы дәстүрге ұқсастық 
жақтары  болғанымен,  өзіндік  ерекшеліктері  де  бар.  Сонымен  әдебиеттегі 
дәстүр дегеніміз не? 
      Әдебиет  пен  көркемөнердегі  ұлттық  дәстүрлер  сан  ұрпақтың  дүниені 
көркем  оймен  тану  жолындағы  тәжірибелерден  жасалғаны  мәлім.  Дәстүр-
болмысты  көркем  образға  айналдырудың  ғасырлар  бойы  машықталған 
тәсілдерінен  және  айналамызды  қоршаған  қоғамдық  орта  мен  табиғатты,  ой 
таразысына  сала  отырып  бейнелеудің  ұрпақтардан  ұрпақтарға  мирас  болып 
келе  жатқан  қағидаларынан  құралады.  Дәстүр  тұлғасы,  тарих  талқысынан 
өткен,  халықтың  ой-сезіміне  етене  болған,  халықтық  эстетикалық  талғамына 
төтеп бере алатын бейнелеу нақыштары мен күллі ұлттық тіл байлығы арқылы 
айқын көрінеді.  
     Ұлттық дәстүрлер көркемдік шеберліктің халықтар жинаған мол қазынасын 
ғасырдан  ғасырға  әкеп  тапсыратын  эстафета  іспетті.  Бірақ  олар  ұлттық 
әдебиеттердің  өзара  қарым-қатынасының,  өзара  игі  ықпалының  нәтижелерін 
міндетті  түрде  қамтиды.  Сонымен  қатар,  қоғамдық  өзгерістердің  және 
халықтың    ұлттық  характері  дамуының  нәтижесінде,  ұлттық  дәстүрлердің 
кейбір  элементтері  күн  асқан  сайын  құри  береді.  Көне  заман  творчествосына  
тән  діни  мифологиялық  образдар  мен  метафоралар,  немесе  кейбір  ежелгі 
ақындардың  бипаздалған  бал  көмейлігі  мен  лұғатты  сәуегейлігі  –  қазір  бағзы 
архаика  ғана.  Дәстүрлер  шебер  суреткердің  жаңашылдық  ізденуі  арқасында 
толысып, түрленіп отырады. Жаңа дәстүрлер туады [35, 509 б.].  
      Тіршілік  үшін  күресте  әрбір  халық  өзіне  тәжірибе  алып,  өмірлік  тәсіл, 
тұрмыстық  салт  құратыны  сықылды,  өнерпаздық  тәжірибе  арқылы 
творчестволық  дәстүр  құрады.  Өнер  дамуы  дегеніміз  оның  осы  дәстүрінің 
дамуы, себебі өнердің  негізгі ұрығы – халық даналығы, халықтың рухани күш-
қуаты  десек,  дәстүр  өнер  атаулы  жеміс  ағашының,  образбен  айтқанда 
орныққан, бекіген тамырлы түбірі. Ал, жаңалық дейтініміз сол дәстүрдің даму 
нәтижесінде жаңа салған жапырағы мен жемісі. Дәстүрдің дамып, көңілдегідей 
жақсы  жаңалықты  жеміс  беруі  қоғамдық  жағдай,  талант,  мәдениет  сықылды 
көптеген  факторларға    байланысты.  Мұны  қазақ  әдебиеті  тарихынан  анық 
көруге  болады.  Қазақ  халқының  жүз  жылдар  бойы  қорланып,  шыңдалған  бай 
поэзиялық творчествосының дәстүрі ХІХ ғасырдың жаңалықты жемісі ретінде 
Абай  мен  Махамбет  есімдерін  жарқыратты.  Ал  бұл  екі  ақынның  мұрасы 
бұрынғы  дәстүрді  дамытқан  жаңалық  бола  тұра,  енді  өзіндік  дәстүр  құрды. 
Махамбетті  туғызды,  ал  екінші  жартысында  Қазақстанның  тарихи-мәдени 
прогреске шылбыр беруі қазақ халқының басқа ұлттармен қарым-қатынасының 

 
57 
биіктеуіне қолайлы жағдай жасады да данышпан Абайды туғызды. Сондықтан 
Абай  әкелген  жаңалық  тек  ауыз  әдебиеті  ізіндегі  әлдеқалай  жаңалық  емес, 
сонымен  бірге  Шығыс  пен  Батыстың  жазба  әдебиеті  ізіндегі,  әсіресе  орыс 
әдебиетінің  дәстүріндегі    үздік  жаңалық  еді.  Сондықтан  Абай  құрған  жаңа 
дәстүр  де  бұрынғы  шағын  шеңберді  кеңейткен  кең  өрісті  айрықша  үлкен 
ұлттық үрдіс жасаған дәстүр болды [36, 145 б.]. 
      Көркем  өнердегі,  оның  ішінде  әдебиеттегі,  тіпті  біздің  сөз  етіп  отырған 
поэзиясындағы  ақындық  дәстүр  жөнінде...  Халық  поэзиясындағы  дәстүр 
дегеніміз өте кең ұғымды қамтиды. Тұтас алғанда ол осы поэзиядағы тұрақты 
көркемдік  арсеналы  деген  сөз.  Ал,  бұл  ұғымға  халық  поэзиясының  “әу”  деп 
басталатын  беташарынан  бастап,  соңғы  тынысына  дейінгі  барша  көркемдік 
құралдар  (теңеулер,  метафоралар,  троптар  т.б.),  әдіс-тәсілдер,  қалыптасқан 
түрлер, пішіндер, көркем ұғымдар мен түсініктер т.б. кіреді. Бұлардың бәрі де 
халықтың тіршілігіне, тұрмысына, дүние танымына, көркемдік ойының өзіндік  
қалыптасуы  мен  даму  дәрежесіне,  өзге  халықтар  әдебиетімен,  мәдениетімен 
байланысына    және  өзгешелігіне  т.б.  сәйкес,  сабақтас  өріс  алады.  Сөйтіп, 
поэзияның ұлттық ерекшелігін де, халықтық сипатын танытатын, құрайтын осы 
белгілер.  Олар  ұзақ    уақыт  өмір  сүру  арқылы  өзіне  тән  барша  өзгешеліктерді 
қалыптастырады,  тұрақтандыра  түседі,  соның  нәтижесінде  белгілі  дәстүр 
дәрежесіне көтеріледі [34, 15 б.].  
      Әдебиеттік  дәстүр,  яғни  әдебиеттегі  ұлттық  дәстүр,  сөз  жоқ,  әрбір 
халықтың,  ұлттың  өмірді  көркемдік,  образдық  жолмен  тануынан  шығып 
қалыптасқан.  Оның  арғы  төркіні  белгілі  бір  халықтың  белгілі  географиялық 
ортада,  белгілі  климаттық  жағдайда,  адамдардың  белгілі    әлеуметтік 
қатынастары  нәтижесінде  түзілген  әдет,  салт,  дәстүрлерде  екенін  жоғарыда 
айттық.  Екеуінің  арасында  сабақтастық  бар.  Ол  сабақтастықтың  бірі  себеп  те, 
екіншісі салдар.  
      Әдебиеттегі дәстүр деп көбіне-көп қазір қызмет атқарып жүрген, белгілі бір 
әдебиеттің  ұнамды  айырым  белгісі  болып  табылатын,  оның  қазіргі  сипатын 
танытатын, бірақ әріден келе жатқан ерекшеліктерін айтамыз.  
      Әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық бір-бірін үнемі толықтырып отырады.  
      Поэззияның  фольклорлық  түрінен  бастап,  негізін  Абай  қалаған  жазба 
поэзияға,  онан  соң  бүгінгі  дәуірдің  поэзиясына  дейінгі  ұзақ  шығармашылық 
жол  дәстүр  мен  жаңашылдыққа  бай.  Көне  заманнан  бері  бар  сөздік  өнерін 
поэзия  түрінде  сақтап  келген  халықтың  қалыптасқан  ұлттық  дәстүрі  мол.  Сол 
ұлттық дәстүрлердің арқасында ғана бүгінгі ұлттар әдебиетінің қатарында қазақ 
әдебиеті,  әсіресе  қазақ  поэзиясы  өзіндік  түр,  сипатпен  көрініп  отыр.  Оның 
ұлттық  дәстүрі  жалпы  әдебиеттің  сырын,  бояуын  танытады,  байытады,  жаңа 
өмір  құбылыстарын  реалистік  жолмен  суреттеу  арқылы  оның  мазмұнын 
тереңдетеді, реализмнің жаңа белестеріне қарай сілтейді [32, 298 б.].  
      Жалпы  дәстүр,  оның  ішінде  поэзиядағы  дәстүр  де  дамиды,  өзгереді,  өседі, 
жаңарады.  Бірақ,  бұл  үшін  көбінесе  халықтың  тіршілігінде,  өмірінде, 
санасында,  көркемдік  дүниетанымында  жаңа  бетбұрыс,  үрдіс  даму  болуы 
қажет. Соның өзінде байырғы, төл дәстүр аз уақттың ішінде өзгере салмайды, 
ұзақ  процестің,  қоғамдық  дамудың,  сондай-ақ,  өмірді,  табиғатты,  адамдарды 

 
58 
жаңаша  тану,  бейнелеудің  нәтижесінде  кем-кемдеп  өзгереді,  жаңарады.  Яғни, 
байырғы  дәстүрдің  іштей  түлеуі,  біртіндеп  жаңа  сипатқа  көшуі  тәрізді 
өзгерістерді  бастан  кешіреді.  Белгілі  бір  дәстүрдің  белгілі  бір  тарихи  кезеңде 
өзгеруі  мен  жаңаруы  жалпы  ұлттық  поэзияның  ұлттық  сипатынан  айрылуы 
немесе кенет өзгеше сипатқа ие болуы деп есептелмейді. Дәстүрдің бірі де, бәрі 
де  ұлттық  сипаттың  ішіндегі  құбылыстар.  Олардың  барлық  жиынтығы  ғана 
ұлттық  поэзияның  өзіндік  дара  қасиетін  белгілейді.  Сондықтан  дәстүрдің 
өзгеруі  мен  жаңаруы  жалпы  ұлттық  поэзияның  арнасында,  аясында  болып 
жататын,  оның  жалпы  тіршілік-тынысын,  өсу  қадамын  танытатын,  аз-аздап  
жаңа  белгілерді  бойына  жинау  тәрізді  өзгерісін  аңғартатын  ішкі  қалыпты 
жайлар.  Өйткені  жалпы  халыққа  тән,  оның  поэзиясына  тән  түбегейлі  ұлттық 
сипаттар тұтастай алғанда сол халықпен, оның поэзиясымен бірге жасайды.  
      Сонымен  әдебиетіміздегі  дәстүр  әдебиетіміздің  ұлттық  сипатын,  ұлттық 
ерекшеліктерін  танытады  дедік.  Ал,  әдебиетіміздің  ұлттық  сипат  пен  ұлттық 
ерекшеліктері  қандай?  Бұл  сұрауға  әдебиеттанушы  ғалым    М.  Базарбаев 
былайша жауап береді:  
      “Диалектикалық  сарын,  халық  түсінігі  мен  үлгісіндегі  ақыл,  өнеге,  үгіт, 
насихат сарыны, суреттен гөрі хабарлауы, баяндауы басым сарын, кейін шығыс 
әсері, әсіресе ескіше оқуға, ілімге байланысты үлгілер көбейген кезде этикалық, 
тәрбиелік тақырыптардың қанат жаюы, тарихи немесе, негізінде реалистік өлең, 
поэмалардың  сюжетінің  көбіне-көп  фольклорлық,  аңыз-әңгімелерге,  яки 
ғажайып  оқиғаларға  құрылуы  –  міне  осында  және  басқа  да  ерекшеліктер 
бұрынғы  поэзияда  көп  орын  алған.  Бейнелеу  құралдарының  бар  арсеналы  – 
қазақтың  кең  даласы,  ондағы  табиғат  көрінісі,  жан-жануарлардың  өмір 
тіршілігі,  күн  сәулесі,  айлы  түн  келбеті,    соққан  жел  лебі,  қамысты  көлдің 
айдыны  тағы  басқалар.  Қысқартып    айтқанда,  қазақ  ұғымының  маңызды 
факторлары  болған  табиғат  пен  қауымдағы  типтік  көріністер.  Өлең  мен 
жырдың, халықтық поэмалардың түр, формасына байланысты ерекшеліктер өз 
алдына  бір  сала.  Жыр,  толғау,    желдірме,  қара  өлең,  айтыстың  сан  алуан 
түрлері, тақпақ, жаңылтпаш тағы басқа формалар өзінің бағыт, мақсатына қарай 
қазақ поэзиясында белгілі ұлттық ерекшеліктер қалдырған [32, 299 б.].  
       Торғай  ақындық  мектебіндегі  дәстүр  мәселесін  сөз  еткенде  алдымен  осы 
ақындық  мектеп  өкілдерінің  шығармашылығындағы  көркемдік  ерекшеліктер 
мен  өлең  құрылысындағы  ерекшеліктерге  тоқталып  өткен  жөн.  Сол  арқылы 
ақындық  мектептің  қандай  дәстүрлері  болды,  ол  дәстүрлерді  кейінгі  буын 
өкілдері  қалай  жалғастырды,  қаншалықты  дамытты,  толықтырды,  қандай 
жаңалықтар қосты – міне осы сауалдарға толыққанды жауап алуға болады. 
        1. 
Торғай 
ақындары 
шығармашылығындағы 
көркемдік-тілдік 
ерекшеліктер.  
        Поэзия  –  сөз  өнері,  көркемдік  шеберліктің  теңдесі  жоқ  озық  үлгісі.  Оның 
үстіне поэзияның аса маңызды, әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды бейнелеп 
көрсете алатын зор мүмкіншілігі бар. Ол айналамыздағы дүниені, өмірді танып-
білудің күшті құралы, біздің қоғамдық ой-санамыздың, көркемдік, эстетикалық 
сезіміміздің 
үлкен, 
өнімді 
саласы. 
Сондықтан 
поэзиядағы 
сөз 
суреттілігі,бейнелілігі өмір шындығынан нәр алып, соған тікелей жалғас туады. 

 
59 
Сөз  қолдану  шеберлігі,  көркемдік  шеберлік  дегеніміз  өмір  құбылыстарын 
танып-білу,  ұғып-түсіну  қабілетімен,  көркем  ой-сезім  қуаттылығымен  терең 
тамырласып, қабысып жатады [28, 11 б.].  
       Ақындар  халықтың  ғасырлар  бойы  жасалған  рухани-мәдени  байлықтарын 
ана  сүтіндей  бойларына  сіңіріп  жатулары  тиіс.  Олар  эпос  тілінің  дархан 
шалқарлығын,  ұрпақтан-ұрпаққа  мирас  болып  қалған  ділмар  поэзияны, 
символикалық белгілерді, көркемдегіш-мәнерлегіш құрал-әдістемелердің алуан 
түрлі,  сан  қилы  үлгілерін,  қанатты,  жатық  тіркестерді  меңгеруге,  игеруге 
ұмтылады.  
      Ақынның  қаруы  –  тіл.  Күллі  құбылыстар  құпиясы  мен  олардың 
сабақтастығын айтып бере  алатын күш-поэзия  десек, ал поэзия  тілі  –  образды 
қуат пен бейнелі суреттің, сұлу ырғақ пен төгілмелі ұқсастың негізі [23, 13 б.].  
      Көркемділік  –  өнер  шығармаларының  өзіндік  ерекшелігі  эстетикалық 
сұлулығы,  дүниені,  болмысты  сипаттап  сөйлетудегі  суреттілік,  бейнелілік, 
өрнектілік.  Көркемдік  келісім  жоқ  жерде  өнер  шығармасы  өмір  сүрмейді. 
Көркемділік – өнер туындысының сапалық көрсеткіші [23, 41 б.].  
     Сондықтан  өлең  сөз  сезімге  толы,  мейлінше  әсерлі,  көркем,  бейнелі  болып 
келеді.  Өмірді  көркемдік  жолмен  қабылдап,  сезіну,  эстетикалық,  ақындық 
сезім, 
айрықша 
эмоционалдық, 
сезімталдық-поэзия 
тілінің 
басты 
ерекшеліктерін, міне, осылар белгілейді. Өлең тілінің бейнелі, көркем, кестелі 
болып  келуі  поэзиядағы  ой-сезімнің  әсерлі  көркемдігін,  бейнелілігін, 
сұлулығын танытады [28, 14 б.].  
      Көркемдік  шеберлік  пен  поэзиялық  мәдениетті  танытатын  көрсеткіштердің 
ішіндегі  көрнектісі  бейнелеу  құралдары  болып  табылады.  Біз  талдау, 
салыстыру  әдістері  арқылы  Торғай  ақындарының  бейнелеу,  көркемдеу 
құралдарын  қолданудағы  ерекшеліктерін  тауып,  оларға  ортақ  көркемдік 
дәстүрлерді 
анықтауды 
нысанаға 
алмақпыз. 
Торғай 
ақындары 
шығармашылығындағы  эпитет,  теңеу,  метафора,  метонимия,    синекдоха  т.б. 
көркемдеуіш-бейнелеуіш  құралдарды  қолдану  ерекшеліктері  оларға  ортақ 
көркемдік дәстүрлерді түзеді.  
      Бейнелі  сөздердің  басым  көпшілігі  –  теңеу,  метафора,  метонимия, 
аллегория,  символ,  эпитеттің  ауыспалы  мағынасы бар  мол  тобы  –  екі нәрсені, 
екі құбылысты бірімен-бірін салыстыруға, бірінің сипатын біріне алмастыруға 
негізделеді [28, 22 б.].  
      Эпитеттер.  Басқа  тілдердегі  тәрізді  қазақ  тіліндегі  эпиттетер  де  негізінде 
сын  есім  арқылы  анықтауыш  т.б.  жолдармен  жасалады.  Екінші  бір  түрі  – 
көсемше мен өткен шақтық есімше. Сөйлем мүшесі ретінде эпитеттердің басым 
көпшілігі анықтауыш, кейде толықтауыш, пысықтауыш болып келеді. Эпитет, 
өте  ерте  замандардан  бері  келе  жатқан,  адамзат  баласының  сәбилік  дәуірінде 
өзінің  ой-пікірін  сурет  арқылы  берумен  байланысты  шыққан  көркемдеудің  ең 
көне құралы. Торғай ақындарының эпитетті қолданудағы ерекшеліктері дегенге 
біз,  ауыз  әдебиетінен  бастап,  осы  уақытқа  дейінгі  көркем  шығармада  болсын, 
ауызекі  тілде  болсын  жиі  қолданылып  әбден  таптаурын  болған  эпитеттерді 
емес.  Олар  ортақ  қолданған  тұрақты  эпитеттер    мен  олардың  өздері  жасаған 
тың эпитеттерді сөз етпекпіз.  

 
60 
       Торғай  ақындары  әдеби  заңдылыққа  сәйкес  эпитеттің  қарапайым  түрін  де, 
күрделі түрін де қолданған.  
       Өзге  сөз  таптарынан,  әсіресе  зат  есімнен  сын  есімге  айналған  сөздерден 
жасалған  эпитеттер:  сұңқар  дарын,  дауылды  өлең,  қызба  жас,  құлан  иек  күн, 
қазбауыр бұлт, алтын тақ (Уақ Жұмабай); армансыз күн (Сейдахмет); орта жас, 
күйлі  ел,  раушан  күн,  айбынды  ер,  тас  мешін,  қайран  дәурен,  дәулетті  дәуір, 
көсем ат, жаз заман (Әбіқай); арқар аспас асу, айыр тіл, белін бермес ер, жаны 
дархан ел, күн келбетті ана (Құбаша); кереге жалды кер бесті (Күдері). 
       Сын  есімнен  жасалған  эпитеттер:  асыл  ер,  ұлы  шаң,  жалпақ  өрт,  жас 
шырпы, сарыала ту (Уақ Жұмабай); албырт қиял, арам дүние (Сейдахмет);кесір 
сөз,  ұлы  дүбір,  түйдек  сөз,  қараңғы  өмір  (Есенжол);  жылы  сөз,  қызыл  жүз, 
сарыала  ет,  адал  кәсіп,  ақ  өзек,  ала  қамшы  (Әбіқай);  өр  даңқ,  қызыл  сөз 
(Құбаша);  ауыр  іс,  жаңа  желі,  жақсы  өмір  (Әбдірахман);  қара  күн  (Күдері); 
еркін күн, азат күн (Файзолла); 
       Сын  есім  мен  сын  есімге  айналған  өзге  сөз  таптарының  тіркесуі  арқылы 
жасалған күрделі эпитеттер: түйін қабақ тас түлек, көбік ауыз қарыспа, қамыт 
соғып қажыған кәрі тарлан, самсаған сары қол (Уақ Жұмабай); бал татыған ана 
тілі,  нұрлы  ақ  таң  (Есенжол);  ақ  сирақ  жұт,  ақ  құйрық  шай;  жайсаң  жүріс 
жылжыма,  жалы  сұйық  жүрдек  ат,  кер  торы  керіскедей  ат  кемесі,  жет  те  бас, 
желке қыңыр нағыз (Әбіқай); асыл туған мәрт, тегі түзу текті адам (Құбаша); 
       Өз  шығармаларында  өткен  заман  мен  өз  замандарын  салыстыра  жырлауда 
ақындар  күн  сөзімен  тіркестіріп  сол  заманды  суреттеуде  жақсы  эпитеттер 
жасай білген: армансыз күн (Сейдахмет); раушан күн, тар күн, жоқ күн, өткен 
күн,  қайран  күн,  уайым  күн  (Әбіқай);  қара  күн  (Күдері);  қараңғы  күн 
(Әбдірахман); қараң күн (Әлмұхаммед); еркін күн, азат күн (Файзолла); 
       Осы  тұрғыда  заман, дәуір, дәурен, өмір сөздерінен  синонимдік  қатар  түзіп 
бейнелі  эпитеттер  шоғырын  жасаған:  қараңғы  өмір  (Есенжол);  қайран  заман, 
қараң  заман,  тар  заман,  жаз  заман,  өткен  заман,  қайран  дәурен,  өткен  дәурен; 
дәулетті  дәуір,  өткен  дәуір  (Әбіқай),  жақсы  өмір  (Әбдірахман),  қызғылықты 
өмір, арамдыққа жуылған дәуір, өткен заман, ескі өмір (Файзолла). 
       Теңеулер.  Көркем  теңеулер  –  көркемдік  қиялдың  жемісі.  Әрі  қоршаған 
ортаны,  табиғатты,  тұрмыс  тіршілікті,  шаруашылықты  жетік  білуде  поэзия 
тілінің  құлпыра  түсуіне,  оюлы,  өрнекті  сөздердің,  сырлы  суреттердің  молая 
беруіне жойқын әсер етеді [23, 31 б.].  
       Теңеу  –  екі  нәрсені,  құбылысты  салыстырудың  ең  көп  тараған  тәсілі. 
Жасалу қалпына қарай теңеулердің сан түрлі болып келетіні байқалады. Бірде 
теңеу  екі  нәрсені  тұтас  алып  салыстыру  арқылы  жасалса,  енді  бірде  айтылып 
отырған  нәрсенің  бір  сипат-белгісін,  түсін,  дыбыс  үнін,  тағы  басқадай  жеке 
ерекшелігін  өзге  нәрсемен  салыстырып  бейнелеу  негізінде  туады.  Сонымен 
қатар бір нәрсені басқа нәрсемен қимыл-қозғалысындағы ұқсастықты тірек етіп 
салыстыру жолымен жасалған теңеулер де жиі кездеседі.  
        Бір-біріне  мүлде  жанасымы  жоқ  сияқты  көрінетін  екі  нәрсенің  қандай  да 
бір  қасиет-белгілерінен,  не  қимыл  өзгешелігінен  ұқсастық,  жақындық  тауып, 
теңестіруге болатынын атап айта кету қажет. Бұдан теңеуді әдебиетте, поэзияда 

 
61 
бейнелеу  құралы  етіп  пайдаланудың  шексіз  бай  мүмкіндігі  бар  екені 
айқындалады [28, 24 б.].  
       Қазақ тіліндегі теңеулер негізі екі жолмен жасалады: 
       а)  жұрнақтар  арқылы,  яғни  –дай,  -дей,  -тай,  -тей,  -дайын,  -дейін,                      -
тайын, -тейін, - ша, -ше жұрнақтары арқылы; 
       ә)  тәрізді,  сияқты,  секілді  сөздерінің  тіркесіп  келуі  арқылы:  кейде  құсаған 
(ұқсаған),  нышандас,  тұрпатты,  пішіндес  сияқты  сөздердің  тіркесіп  келуімен 
теңеулер  жасалынады,  бірақ  өте  сирек.  Сол  сияқты  сынды  сөзімен  тіркесіп те 
теңеу жасалады.  
       Торғай  ақындары  шығармашылығында  теңеу  жасаудың  осы  екі  жолы  да 
кездеседі:  
       -дай,  -дей,  -тай,  -тей,  -дайын,  -дейін,  -тайын,  -тейін  жұрнақтары  арқылы 
жасалған теңеулер:  
 
...Мұзға түскен қаңбақтай, 
Ұшырармын деміммен... 
   
 
(Уақ Жұмабай) 
...Батырға бір оқ кез келсе, 
Бәйшешектей солмай ма? 
   
 
(Уақ Жұмабай) 
...Деміндей айдаһардың тартқан достың, 
Бірі жоқ осы күнде қолмен ұстар.  
   
 
(Сейдахмет) 
...Өзгеден бір омыртқаң артық екен, 
Сыдыра тал, Мұңтағаның ағашындай. 
   
 
(Сейдахмет) 
...Түндей өмір түрмесі, 
Талантымды жалмадың.  
   
 
(Есенжол) 
...Түйдек жырды төгейін, 
Жауға шапқан қосындай.  
   
 
(Есенжол) 
...Сілкініп бірер айда қайта түлеп, 
Жылмиып жұлындай боп семіреді. 
   
 
(Әбіқай) 
...Іштегі шер шіреп бара жатқан соң, 
Ауыздан сөз шықты оттай жалынды. 
   
 
(Әбіқай ) 
...Шақшақтың өр даңқына дақ түсірмей, 
Толғайын топан жырды көк мүсіндей. 
   
 
(Құбаша) 
...Сауабы сан хажыға тұрарлықтай, 
Батырым бақыр елдің қамын жеген.  
   
 
(Құбаша) 
...Ахмет айдау көрді-ау жастайынан, 

 
62 
Басылып қалар ма екен тастай ұлан. 
   
 
(Әбдірахман) 
...Даланың елігіндей еркін өскен,  
Дариға-ай, мөлдіреді-ау торда көзің. 
   
 
(Әбдірахман) 
...Басқа қара күн туып,  
Қара бұлттай құрсанды.  
   
 
(Күдері) 
...Өзіме-өзім оқ аттым, 
Өсекті қардай бораттым.  
   
 
(Уәлі) 
...Мың салса бір баспайтын қой торыдай, 
Қалып бар құр әншейін бүлкілдеген.  
   
 
(Файзолла) 
...Сұм дүние, сырғақтаған сынаптайсың,  
Секілді сұлу тазы бұлғақтайсың. 
   
 
(Әлмұхаммед)  
...Тұлпардай тұяғыңнан дүбір шығып, 
Дабылың астанаға асқан, інім. 
   
 
(Әлмұхаммед) 
 
       Сияқты,  тәрізді,  секілді  сөздерімен  тіркесіп,  аналитикалық  тәсілмен 
жасалған теңеулер:  
 
   
 
...Оқсыз мылтық секілді, 
   
 
Шайтанды дұрыс атпадың. 
   
 
 
 
 
(Есенжол) 
   
 
...Секілді ай мен жұлдыз аспандағы, 
   
 
Қажетің түссе егер бір наданға. 
   
 
 
 
 
(Сейдахмет)  
...Дүниенің бейне ұжмағы секілденіп, 
Мәжілісте ақын, шешен сайраған жер. 
   
 
(Әбіқай) 
...Секілді жайым менің жетім лақ, 
Естір ме маңырасам жарық құлақ. 
   
 
(Құбаша) 
...Жайшылықта достар көп қой күлдірген, 
Піскен алма сияқты оңай ілдірген. 
   
 
(Файзолла) 
...Сұм дүние, сен бір сынап сырғақтаған, 
Секілді сұлу тазы сылақтаған. 
   
 
(Әлмұхаммед) 
...Әлемге бірдей көктегі ай, 
Секілді көпке көріндің. 
   
 
(Сәт) 

 
63 
 
      Жалпылай  алғанда  Торғай  ақындары  шығармашылығында  теңеудің 
аналитикалық  тәсілмен  жасалған  түрінен  көрі  синтетикалық,  яғни  жұрнақ 
арқылы  жасалған  түрлері  жиі  кездеседі.  Аналитикалық  тәсілмен  жасалған 
теңеулердің басым көпшілігі секілді сөзімен тіркесіп келеді. Ал сияқты, тәрізді 
сөздері  арқылы  жасалған  теңеулер  сирек.  Олай  болатын  себебі  –  жергілікті 
елдің сөйлеу тіліне, диалектілік ерекшеліктерге байланысты.  
      Метафора.  Ақын-жыраулар  поэзиясының  көркемдік  сипатын  зерттеген 
әдебиетші-ғалым С. Негимов образды немесе поэзиялық сананың эволюциялық 
дамуы  екі  кезеңнен  –  мифологиялық  ойлау  және  метафоралық  ойлау 
кезеңдерінен  тұрады  дей  келе,  ақын-жыраулар  поэзиясын  метафоралық  ойлау 
кезеңіне  жатқызады.  Метафораның,  яғни  ауыстырудың  екі  түрлі  қызметі  бар: 
ол,  бір  жағынан  көркем  сөз  аударудың  амалы  болса,  екінші  жағынан,  белгісіз 
заттар мен құбылыстардың атауының орнына жүреді. Ауыстыру әр түрлі заттар 
мен  құбылыстарды  бір-бірімен  түсіндіруде  шексіз  мүмкіндіктерге  ие  болып, 
шын мәнісінде, белгілі бір құбылысты жаңаша сипаттап, оның ішкі табиғатын 
жарқырата көрсетуге мейлінше қабілетті. 
     Ауыстыру  тәсілінің  бойында  сан  алуан  қасиеттер  бар.  Олар:  өрнектілік, 
экспрессивтік,  түсіндірмелік,  болжағыштық,  танымдық,  репрезентативтік. 
Метафора  –  синтетикалық  құбылыс,  психологиялық  феномен,  әлеуметтік-
мәдени  өміріміздің  жемісі.  Ауыстыру  –  тілдің  өзіндік  даму  жүйесінің  бай 
мүмкіндіктерін жарқыратып ашуға зор ықпал жасайтын көркемдік құрал [23, 26 
б.].  
      Метафораның теңеуден айырмасы – онда салыстырылған екі нәрсе екі бөлек 
көрінбей, көбінесе екеуі тұп-тура  бірігіп, бір бейнеге, айналғандай болады да, 
екі нәрсенің біреуі ғана айтылып, екіншісі емеурін жасау арқылы да айқын елес 
беріп тұрады.  
      Метафора  бірде  мағына  ауыстыру,  бірде  нәрсенің,  құбылыстың  орнына 
соған  ұқсас  екінші  нәрсені,  екінші  нәрсеге  телу,  балап  айту  түрінде 
қолданылады [37, 20 б.].  
      Ауыстыру  суреткер  болмысымен  тікелей  байланысты.  Бұл  орайда  орыс 
ақыны  В.  Я.  Брюсов:  “Ақынның  өзіндік  бейнесін  оның  шығармашылық 
тәсілдеріне  қарап,  оның  образдары,  қолданған  метафоралар  арқылы  болады” 
[23, 26 б.], – деп жазды.  
      Олай 
болса, 
Торғай 
ақындары 
шығармашылығының 
көркемдік 
ерекшеліктерін сөз еткенде, олар метафора, яғни ауыстыру тәсілін қаншалықты 
меңгеріп, қалай пайдалана білгенін талдау арқылы олардың ақындық болмысын 
анықтап,  сол  арқылы  жалпы  ақындық  мектептің  дәстүрлік  ерекшеліктерін 
сипаттауға болады.  
      Көркемдеуіш-бейнелеуіш  құралдардың  ішінде  теңеу  мен  ауыстыру  бір-
біріне өте жақын. Сондықтан да біз осы екеуінің ара жігін ашып алғанды жөн 
көрдік. Бұл ретте біз көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, Абай поэзиясының тілін 
жан-жақты зерттеген Қ. Жұмалиевтің пікіріне сүйенеміз.  
      ...Сөйтіп, қазақ өлеңдеріндегі теңеу мен метафораның жақындығы: теңеудің 
жұрнағын  қысқартсақ  метафора  болып,  метафораға  теңеу  жұрнақтарын 

 
64 
жалғаса, теңеуге айналады, бұл бір. Екінші, теңеуде де, метафорада да екі нәрсе 
қатар  алынады,  әйтсе  де,  қазір,  бұл  екеуінің  арасындағы  айырмасы  да  ашық 
нәрсе.  
       Бірінші,  теңеуде  бір  нәрсе,  екінші  нәрсеге  теңелсе,  метафорада  баланады. 
Теңеу: бұл – пәлендей, сол тәрізді десе, метафора: бұл пәлен, бұл соның өзі деп 
кесіп айтады. Мағына жағынан, әрине, екеуі бір емес.  
       Екінші, теңеудің өзіне тән жұрнағы бар да, метафораның өзіне тән жалғау, 
не басқа сөздері бар.  
       Үшінші,  теңеуде  теңеу  жұрнақтарының  теңейтін  сөзге  жалғануы  міндетті 
түрде  болса,  метафорада  сөзге  метафоралық  мән  беретін  сөздер,  не 
жалғаулардың үнемі бола беруі міндетті емес. Жалғаусыз да, не көмекші сөзсіз 
де,  бір  нәрсе  екінші  нәрсеге  сырт  жағынан,  не  басқа  жағынан  ұқсастығына 
қарап, тікелей балана береді.  
     Төртінші, теңеуде теңелетін нәрсе мен теңейтін нәрсе екеуі де ұдайы қарама-
қарсы  тұрса,  метафорада  ұқсастығы  бар  нәрсенің  бір  жағы  қалып  қоюы  да 
мүмкін. Бірақ контекст бойынша, ол нәрсені оқушы қиялы түсіне алады. Міне, 
теңеу  мен  метафораның  бірлігі,  айырмашылықтары,  негізіне  алғанда  осы 
айтылғандар [38, 215 б.].  
      Ғалым  теңеу  мен  метафораның  ара  жігін  осылайша  ажырата  келіп,  қазақ 
поэзиясындағы метафораны құрылысы жағынан бес түрге бөледі:  
      Бірінші:  метафораның  жай  түрі.  Метафораның  жай  түрі  жалғаусыз, 
жұрнақсыз бір нәрсені екінші нәрсеге балау арқылы жасалынады. 
      Екінші: жалғаулар арқылы жасалынатын метафора. Бұл –мын, -бын, -пын, -
сың,  -жіктік  жалғаулары  арқылы,  не,  -м,  -н,  -ы,  (сы)  –  тәуелдік    жалғаулары 
арқылы жасалынады.  
      Үшінші: көмекші етістік арқылы жасалынатын метафора. Бұл еді, едім, едің, 
екен, ем, ең көмекші етістіктері арқылы жасалады.  
      Төртінші: күрделі метафора, немесе метафораның ұлғайған түрі.  
      Бесінші:  бейне  бір,  тең  деген  сөздердің  көмегімен  жасалынатын  метафора 
[38, 217 б.]. 
      Енді  Торғай  ақындарының  метафоралық  тәсілді  қалай  қолданғанын 
талдауға  көшелік.  Торғай  ақындарының  метафоралық  қолданысын  шартты 
түрде  екі  топқа  бөліп  қарауға  болады.  Оның  біріншісі  қазақтың  тұрмыс-
тіршілігіне,  шаруашылығына,  әдет-ғұрпына,  географиялық  орнласауына 
байланысты сөздерден, ұғымдардан жасалған метафоралар: 
  
...Ағайын бала мінер көк тайыңды, 
Бәйгеге білмей қостың тұлпар барын. 
  
 
 
 
(Жұмабай) 
...Торғайдан Сейдахмет күлік келді, 
Ізтілеу мырза екенін біліп келді. 
  
 
 
 
(Сейдахмет) 
...Қошқардағы қажымастай Оспан мен, 
Әйдеркеден ақыл салған дорбамыз. 
  
 
 
 
(Әбіқай) 

 
65 
...Қарсы тұрып аштық деген қабаның, 
Қайран елім тайып кетті-ау табаның.  
Қосылатын күн болар ма қатарға, 
Біз секілді арықтұрақ, шабаның. 
  
 
 
 
(Шаңдыаяқ) 
...Тәніңмен дұшпан көрсең түгің шығып, 
Лайық заманына арыстаным.  
Үлгімен әр орында тұра берген, 
Ақылға Аплатон данышпаным. 
  
 
 
 
(Қарпық) 
 
...Жақсының сөзі – книге, 
Жаманның сөзі – селебе. 
  
 
 
 
(Есенжол) 
...Қанатым – бес бауырым, 
Істің салдың ауырын. 
  
 
 
 
(Әбдірахман) 
...Сайраған Сарыарқаның бұлбұлымын, 
Торғайдың топтан озған дүлдүлімін. 
  
 
 
 
(Нұрхан) 
...Өліп кеткен сабазым, 
Азаматтың көркі еді, 
Қойдағы көсем серке еді. 
  
 
 
 
(Нұрхан) 
...Жүлделі жүйрік тұлпарым, 
Қу ілген көлден сұңқарым. 
  
 
 
 
(Ахметхан) 
 
       
Халық  ақыны  Нұрхан  Ахметбековтың  анасы  Әбіштің  Басықараның 
Қанапиясымен айтысындағы мына бір шумақ тұтасымен метафора: 
...Кездесті бағыланға кәрі қасқыр, 
Кәріні жеңгелерім деді састыр.  
Қоңына тісі батпай сол марқаның, 
Айрылып қалып қойды қара басқыр. 
  
       
Екінші топтағы метафоралар дүние, өмір, өнер, өлең, білім т.б. абстрактілік 
ұғымдар  арқылы  жасалған  метафоралар.  Бұл  тұрғыда  Торғай  ақындарының 
жаңалықтары да жоқ емес.  
 
Дүние  ұғымына  байланысты  метафоралар:  дүние  сөзі  (Файзолла);  дүние 
тілі,  дүние  салмағы  (Есенжол);  дүние  сөзі  (Құбаша);  дүние-сынап 
(Әлмұхаммед); 
 
Жүрек,  көңіл,  өмір  т.б.  ұғымдарына  байланысты:  жүрек  дерті,  көңіл 
жемісі  (Файзолла);  өмір  түрмесі,  тіршілік  тоқпағы,  жоқтықтың  қармағы 
(Есенжол);  мұқтаждық  жолы  (Сейдахмет);  өмір-толқын,  көңіл  кірі,  тағдыр  ісі, 
бақыт бесігі (Құбаша); қасірет оты (Қарпық); 

 
66 
 
Өлең,  жыр,  өнер  ұғымдарына  байланысты:  өлеңнің  от-қызуы,  өнердің 
асқары  (Есенжол);  өлең  ұясы,  жыр  нөсері,  жыр  күмбезі  (Жұмабай);  өлең-
толқын (Құбаша);  
Білім, ой, сана, ғылым, ар ұғымдарына байланысты: ой-теңіз (Файзолла); 
зерденің ұясы, ғылымның құпиясы, адамдықтың ақ жолы (Сейдахмет); білімнің 
тілден  тарар  сабағы  да,  қазығы,  желісі  мен  сағағы  да  (Есенжол);  сананың 
сәулесі,  ардың  ақ  сәулесі  (Құбаша);  сөз  самалы  (Әлмұхаммед);  қиялдың  кілті 
(Нұрхан); 
Бақыт  ұғымына  байланысты:  бақыт-сынап  (Файзолла);  бақыттың  таңы 
(Есенжол); бақыт бесігі (Құбаша).  
Әр  түрлі  ұғымдардағы:  құлқынның  құлы  (Есенжол);  Аурудың  қанды 
қақпаны  (Сейдахмет);  сөздің  тұздығы,  сөздің  дәмі  (Әбіш);  ескілік  жолы 
(Сұлтанбек). 
Жоғарыда  көрсетілген  метафораларды  қарастыра  отырып  Торғай 
ақындарының  шығармашылығындағы  метафоралық  қолданыстары  туралы 
мынадай пікір айтуға болады. 
Біріншіден,  Торғай  ақындары  өздері  өмір  сүрген  ортаның  тұрмыс-
тіршілігіне,  шаруашылығына,  әдет-салт,  дәстүрлеріне  байланысты  ұғымдарды 
метафора жасауда қолданып отырған. Мысалы: тай, тұлпар, күлік, шабан, арық-
тұрақ, дүлдүл, бағылан, марқа сөздері мал шаруашылығына қатысты, қазақтың 
тіршілік тұрмысына қатысты сөздер мен ұғымдар болса, қабан, бұлбұл, сұңқар, 
қыран,  қасқыр,  арыстан  сөздері  аңшылық  кәсіппен  байланысты.  Ал,  дорба, 
селебе,  қылыш,  қақпан,  кілт,  тұздық,  дәм,  құлып,  бесік  сияқты  сөздер 
тұрмыстық құралдардың аттары.  
Екіншіден,  дүние,  өмір,  тағдыр,  бақыт,  жүрек  сияқты  ұғымдар 
философиялық,  дидактикалық  сарындағы  ойды  жеткізу  мақсатындағы 
шығармаларда метафораның негізгі материалдары болғанға ұқсайды.  
Үшіншіден,  ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы 
ағартушылық 
ағымның 
әсері. 
Торғай 
ақындарының 
метафоралық 
қолданыстарындағы ғылым, білім, ой, сана, зерде, ар сияқты ұғымдардан анық 
байқалады.  
Төртіншіден, 
өлеңді 
өнер 
деп 
білген 
Торғай 
ақындарының 
қолданысындағы  өлеңнің  от-қызуы,  өнердің  асқары,  өлең  ұясы,  өлең-толқын, 
жыр нөсері, жыр күмбезі т.б. метафоралар олардың поэзия туралы эстетикалық 
талғам-түсініктерінен хабар береді.  
Торғай ақындық мектебінің дәстүр ерекшеліктерінің тағы бір парасы өлең 
құрылысынан 
көрінеді. 
Аталған 
ақындық 
мектеп 
өкілдері 
өз 
шығармашылығында  өлеңнің  қай  түрін  қолданды  дегенде,  алдымен  қазақ 
поэзиясының түрлері жөніндегі пікірлерді саралап өткен абзал.                  Ш. 
Уәлиханов  “Қазақ  халық  поэзиясының  түрлері  жөнінде”  атты  мақаласында  өз 
дәуіріндегі  қазақ  поэзиясының  бес  түрін  атап  көрсетеді:  жыр,  жылау-жоқтау 
өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең [40, 179 б.].  
Ал,  А.  Байтұрсынов  қазақ  өлеңін  әуезе,  толғау,  айтыс  деп  үшке  бөледі 
[41, 103 б.].  

 
67 
С.  Мұқанов:  “Абайға  дейінгі  қазақ  өлеңдерінде  екі-ақ  түр  болушы  еді: 
төрт жолды, әр жолы 11 буынды, үйлесі ааба боп бітетін қара өлең, үйлесінде 
белгілі  өлшеу  жоқ,  жолдары  7  буынды  боп  отыратын  жыр”  [42,  28  б.]  –  деп 
жазады.  
Көрнекті  ғалым-әдебиеттанушы  Б.  Кенжебаев  қазақ  өлеңінің  құрылысы 
жөнінде  мынадай  тұжырым  жасайды:  “Қазақ  халқының  ертедегі  (Абайдан 
бұрынғы) өлеңі  өзінің  құрылысы  жағынан  екі  түрлі болған.  Оның  бірі  –  өлең, 
екіншісі – жыр” [16, 95 б.].  
Өлең  құрылысының  тіл  табиғатына  сәйкес  болуы  –  оның  үнемі  дамып, 
жетіле  түсіп,  байып  отыратындығының  кепілі.  Қазақ  поэзиясының  буынға 
негізделген  силлабикалық  өлең  құрылысы  –  жүздеген  жылдар  бойы 
қалыптасып, шыңдалған, өрнектері мол өлең жүйесі. Бұл өрнектер, көп тараған 
он  бір  буынды,  жеті-сегіз  буынды,  тағы  сондай  өлшемдер  тілдің  өзіне  тән 
серпінділік,  екпінділікті,  сөз  бен  сымды  гармонияны  бойына  барынша  толық 
сіңірген... 
...Қазақ поэзиясында ең көп қолданылатын өлең өлшемдері жеті- буынды,  
жеті-сегіз буынды, он бір буынды. Алты буынды өлең, онан да қысқарақ төрт 
буынды өлең сиректеу кездеседі. Он төрт, он бес буынды өлеңдердің тармағы 
құрама болып келеді, яғни жеті буынды екі тармақтан, не жеті, сегіз буынды екі 
тармақтан құралған болады [28, 147 б.].  
Бұл  пікірлерден  шығатын  қорытынды  –  бірі  өлең  түрін  мазмұнына, 
екіншісі құрылысына қарап жүйелесе де,  қазақ поэзиясында негізінен екі түр, 
яғни екі өлең өрнегі, өлшемі қолданылған. Ол – он бір буынды өлең, жеті-сегіз 
буынды жыр өлшемі. Торғай ақындары да осы екі өлең өлшемін пайдаланған. 
Ал,  осы  ақындық  мектепке  тән  ерекшеліктер  өлеңнің  ұйқасы  жағынан 
байқалады.  
Қазақтың өлең, жыр ұйқасының өлшемі төрт түрлі: 1 буынды,               2 
буынды, 3 буынды, 4 буынды болды [16, 86 б.].  
Торғай  ақындарының  өлең  құрылысындағы  ерекшелігі  –  олардың 
ұйқастары үнемі төрт буынды ұйқас түрінде келеді.  
Қазақтың ертедегі өлең, жырлары үнемі жалаң, бір ұйқасты болып келеді 
[16, 86 б.].  
Расында да, балталаса бұзылмайтын, төрт аяғын тең басқан төрт буынды 
ұйқас  Торғай  ақындық  мектебі  өмір  сүрген  ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ 
ғасырдың  басына  дейін  де,  одан  кейін  де  поэзияда  сирек  қолданылған.  Ал, 
Торғай ақындық мектебінде төрт буынды ұйқас дәстүрге айналған. Әсіресе, Уақ 
Жұмабай,  Есенжол,  Әбіқай,  Құбаша,  Алтыбас  Ақмолда,  Қарпық  ақындардың 
шығармашылығында  екі,  үш  буынды  ұйқастар  сирек,  тіпті  жоқ  десе  де 
болғандай. Және бұл төрт буынды ұй 
қас  олардың  шығармашылығында 
“алып  жатыр,  салып  жатыр,  барып  жатыр”  сияқты  мағынасыз  ұйқас  емес, 
өлеңде айтылатын оймен мәндес, мазмұндас сөздерден құрылған ұйқас түрінде 
келеді:  
...Қанатын қаға алмаса сұңқар дарын, 
Менің де өлең жырдан бұлтарғаным. 
Ағайын бала мінер көк тайыңды, 

 
68 
Бәйгеге білмей қостың тұлпар барын.  
Шамаңды, көлеміңді байқа балам, 
Жөн болар шалабыңды шайқамаған. 
Өлеңші ата көріп бата берген, 
Бір қонып кеткенің жөн қайталаған... 
   
 
 
 
(Уақ Жұмабай). 
 
...Тербесе домбыраны он бармағым, 
Оралар ақ қағазға толғанғаным. 
Шығатын кер ауыздан кесір сөзді, 
Өлеңді өлтірер деп қолданбадым.  
Аузыма бал татыған ана тілім, 
Сондықтан қазақ болып жаратылдым. 
Құдай – бір, құран – шынды қазақша айттым, 
Арабтың оқысам да санатын мың... 
   
 
 
 
(Есенжол). 
 
...Бес ешкі біздің үйден лақтайды, 
Лақты қонақ келсе шыдатпайды. 
Бұл күнде лақ түгіл шұнақ та жоқ, 
Қонақты  қатын-бала ұнатпайды... 
   
 
 
 
(Сейдахмет). 
 
...Ахмет айдау көрді-ау жастайынан, 
Басылып қалар ма екен тастай ұлан.  
Дарынды дарын елі қашан танып, 
Сыртынан былапыттан шашпай лаң... 
 
...Адасып Алласынан молдекелер, 
Шарғысыз болды даулы сөзге шебер. 
Садақа, сараңдардан зекет өнбей, 
Түрі бар шап беретін шендесе егер, 
Қадірлеп ісі қалмай пенде сенер, 
Боп кетті барлығы да баққа құмар, 
Қалмады дейтін бір жан “елдесе көр”. 
   
 
 
(Әбіқай). 
...Кетіп жүр кедейліктен байға кегім, 
Қашаннан-ақ зымиян, тайғақ едің. 
Біздерге күн туатын заман болса,  
Артыңа екі қолың байлар едім. 
Айтпаймын, айтқанымнан қайтқан емен, 
Аяпқа болсын куә, айғақ елім. 
   
 
 
(Аяп). 
...Шақшақтың өр даңқына дақ түсірмей, 
Толғайын топан жырды көк мүсіндей.  

 
69 
Жәнібек – Ғазіреті Ғалы дерсің, 
Кетпеген күшін оның жат түсінбей. 
   
 
 
(Құбаша). 
Торғай  ақындары  жеті-сегіз  буынды  жыр  өлшемі  үлгісімен  де  жазған, 
алайда он бір буынды қара өлеңнің өлшемі анағұрлым көп қолданылған. Он бір 
буынды  қара  өлең  өлшемінің  төрт  тармақты  түрі  де,  көп  тармақты  түрі  де 
кездеседі. Осы жерде айта кетерлік тағы бір ерекшелік бар. Ол, айтылмақ ойды 
екі  шумақпен  білдіру,  яғни  төрт  тармақты  қара  өлең  өлшемінде  ой  түйіні 
үшінші,    төртінші  тармақтарда  айтылса,  Торғай  ақындарында  осы  үлгіге 
енгізілген  жаңалық  кездеседі.  Мысалы,  ұйқастары,  құрылымы  екі  бөлек  екі 
шумақпен  күрделі  ойды  білдіру  үлгісі.  Мұнда  айтылмақ  ойдың  негізгі  түйіні 
бірінші  шумақта  айтылмайды,  екінші  шумақта  айтылады,  ал  бірінші  шумақ 
екінші  шумақтағы ой түйінінің кіріспесі болып есептеледі. Мысалы:  
1-шумақ 
...Ойлаймын дүниеде жалқылығын, 
 
 
Ұстанған имандылық салты мығым. 
 
 
Қаршадай Ахметке басын иіп, 
 
 
“Торғайда туа салған алтын інім” 
 
2-шумақ 
Деп оны қадірлеуі танығаны, 
 
 
Шарықтап шығуы да анық әлі.  
 
 
Шын ақын Сейдахмет әттең кедей, 
 
 
Қайтейін – дейді өзі, қамығады, – 
немесе: 
 
1-шумақ 
...Дүние жеткізбейді қос аттыға, 
 
 
 
Кедейлік екі қолды босатты ма? 
 
 
 
Тоқпағы тіршіліктің күнде ұрғылап, 
 
 
 
Ауру ғып аяқ-қолды тұсатты да, 
 
 
2-шумақ 
Көңілім шағалаша шарықтамай, 
 
 
 
Өлімнен қайтып жүрмін барып талай. 
 
 
 
Әйтеуір, жазығым жоқ тірі жанға, 
 
 
 
Бағамды берер екен халық қалай?! – 
деген Есенжол өлеңі мен Құбашаның “Шақшақ Жәнібек” дастанындағы: 
 
1-шумақ 
... “Санама сәуле болып құйылатын, 
Атам!” – деп Ахмет те сыйынатын. 
“Қара шал – қара аруағы қолда десе, 
Жан-жақты періште күш жиылатын”, – 
 
 
2-шумақ 
Деп Ахаң атасын шын дәріптеген, 
 
 
 
Үлгі алған пайғамбарлық әліппеден. 
 
 
 
Оқушым өзі біліп түсінер-ақ, 
 
 
 
Мен мақтап қызыл сөзбен дәріптемен... 
Немесе: 
 
1-шумақ 
...Түймесін жейдесінің ағытты да, 
 
 
 
-Қалдың сен қаһарланбай нағып тына? 

 
70 
 
 
 
Ауызын ат дорбадай аша берді, 
 
 
 
-Тап өзің түсер барып табытты да, – 
 
 
2-шумақ 
Деді де қозғалмастан жата берді, 
 
 
 
Хас батыр дүрліктірген атағы елді. 
 
 
 
Мұп-мұздай бауырымен жоғары өрлеп, 
 
 
 
Абжылан ін-ауызға бата берді, – 
деген шумақтар осы үлгіде жазылған. Біздің ойымызша ақындар бұл үлгіні өз 
шығармаларында төл сөз бен автор сөзін қолданудағы әдіс ретінде пайдаланған. 
Сонымен  бірге  Торғай  өңіріндегі  мақам-әуендер    арасында  осындай  үлгілерге 
арналған  арнайы  ән  үлгілері  де  кездеседі.  Бұл  мақам-әуендерде  ән  қайырымы 
әдеттегідей төрт жолдан кейін қайырылмайды, сегіз немесе он екі жолдан кейін 
қайырылады.  Қазіргі  Торғай  төңірегінен  шыққан  айтыс  ақындарының  бұл 
мақам-әуендерді айтыста қолдана алмай жүруінің де бір себебі осында жатыр.  
Өлең  түрінің  жоғарыда  аталған  екі  түрінен  басқа  түр  өте  сирек,  оның 
өзінде Құбаша Шалбайұлы шығармашылығында кездеседі. Мысалы:  
...Бұл дүние жеткізбейді, 
Тыным көрмей қуғанмен. 
Адам жаны жанға қонақ, 
Бір анадан туғанмен. 
 
Көңіл кірі кету қиын, 
Шүберекше жуғанмен. 
Гүл қауызы жетілмейді, 
Жұлынған соң тұрғанмен.  
 
Бұл өлең буын санына қарасақ, жеті-сегіз буынды өлең. Алайда, кәдуілгі 
жеті-сегіз буынды жыр үлгісінен ерекшелігі оқып көргенде аңғарылады. Оның 
себебі,  шумақтың  бірінші  және  үшінші  тармақтарының  соңғы  бунақтары 
әдеттегі жыр үлгісіндегідей үш буынды емес, төрт буыннан тұрады. Бұл үлгіні 
Құбаша  Шалбайұлы  орыс  поэзиясына  еліктеп  жазған  болса  керек.  Себебі 
Құбаша  орысша  өте  сауатты,  орыс  мектебінде  оқыған,  төңкерістен  кейін 
Торғайда  орыс  тілі  мен  әдебиетінен  сабақ  берген  кісі.  Жалпы  Құбаша  ақын 
орыс  әдебиетімен  танысу  арқылы  Торғайдағы  ақындық  мектепті  жаңа  сатыға 
көтерген ақын.  
 
Сонымен, Торғай ақындары шығармашылығы көбіне өлең құрылымының 
он  бір  буынды  қара  өлең  өлшемі  үлгісіне  негізделгенін  байқадық.  Он  бір 
буынды  қара  өлең  өлшемі  тармақтағы  бунақтардың  орналасуына  байланысты 
үш түрге бөлінеді.  
 
Қазақ  тіліндегі  жырдан  басқа  өлеңде  көбінесе  бунақтың  екі-ақ  түрі 
жұмсалады. 1. Үш буынды бунақ. 2. Төрт буынды бунақ. Өлең түріне қарай әр 
бунақтың  шумақ  ішінде  таңдамалы  да,  талғамалы  да  орны  бар.  Таңдамалы 
орны  берілмесе,  өлең  өлең  болмай  шығады.  Талғамалы  орнына  назар 
салынбаса, өлең жорғасынан жаңылады.  

 
71 
 
Бунақтың  таңдамалы  орны  тармақ  аяғында  болады,  талғамалы  орны 
тармақтың басы мен ортасында болады. Тармақтың аяғында ылғи үш буынды 
бунақ келіп отырарға керек. Мысалы:  
 
1.
 
Үш буын аяғында болғандағы өлең кестесі 
ХХХХ  ХХХХ 
 
ХХХ 
ХХХХ  ХХХХ 
 
ХХХ 
ХХХХ  ХХХХ 
 
ХХХ 
ХХХХ  ХХХХ 
 
ХХХ 
2.
 
Төрт буын аяғындағы өлең кестесі 
ХХХ 
ХХХ  
ХХХХ 
ХХХ 
ХХХ  
ХХХХ 
ХХХ 
ХХХ  
ХХХХ 
ХХХ 
ХХХ  
ХХХХ 
3.
 
Үш буын ортасында болғандағы өлең кестесі 
ХХХХ  ХХХ  
ХХХХ 
ХХХХ  ХХХ  
ХХХХ 
ХХХХ  ХХХ  
ХХХХ 
ХХХХ  ХХХ  
ХХХХ 
   [41, 76 б.]. 
 
Қара өлеңнің әр тармағы 11 буынды, 3 бунақты болады, оның бір бунағы 
үш  буынды,  қалған  екі  бунағы  төрт-төрт  буынды  болады.  Ал,  тармақ  ішінде 
бунақтар  орны  жылжымалы  ауыспалы  келеді.  Яғни  кейбір  қара  өлең 
тармақтарының басқы бунағы мен аяққы бунағы    4  буынды,  орта  бунағы  3 
буынды  болады... 
...Кейбір қара өлең тармақтарының басқы бунағы 3 буынды, орта, аяққы 
бунақтары 4 буынды болады... 
...Кейбір  қара  өлең  тармақтарының  басқы,  орта  бунақтары  4  буынды, 
аяққы бунағы 3 буынды болып келеді [16, 80 б.]. 
        А.  Байтұрсынұлы  мен  Б.  Кенжебаевтың  бұл  пікірлеріне  академик                          
З. Ахметов те қосылады. Қазақ өлең құрылысын жан-жақты зерттеп-зерделеген 
бұл  үш  ғалым  да  қара  өлең  өлшемінде  тармақтың  соңғы  бунағы  үш  буынды 
болып  келетін  түрі  қазақ  жазба  поэзиясы  өркендегенге  дейін  өте  сирек 
қолданылғанын  айтады.  Бұл  үлгіні  А.  Байтұрсынұлы:  “Оны  қазақ  өлеңшілері 
түрікпен ағыны деп атайды. Не үшін олай атайтындығының себебі белгісіз” [41, 
81 б.] – десе, академик З. Ахметов: “Он бір буынды өлшемнің соңғы бунағы үш 
буынды  болып  келген  түрі  (4  буын  +  4  буын  +  3  буын)  жазба  әдебиеті 
өркендеген кезге дейін аз тарап келгені белгілі. Оның себебі мұндай өлең ауыз 
әдебиетіндегі  әдет  бойынша  әуендетіп,  әндетіңкіреп  айтқанда  өлең  ырғағы 
біркелкі естілетіндіктен” [28, 148 б.], – деп пайымдайды.  
Бір  қызығы,  осы  үлгіні  Торғай  ақындары  жиі  қолданған.  Торғай  өңірінде 
ХҮІІІ  ғасырда  өмір  сүрген  Қайдаш  ақынның  бізге  жеткен  екі-ақ  шумақ  өлеңі 
осы үлгіде жасалған:  
...Тұлпар шауып алыс жерге бара алмай, 
Іздегендер бақыттарын таба алмай. 

 
72 
Лашындар көлден үйрек іле алмай, 
Жапалақтар аққу ілген заман-ай.  
 
Қатын айтар ері ұрысса кетермін, 
Ерлігің жоқ жаман байды не етермін. 
Сенен басқа бір мырзаға тиермін, 
Есіл-дерті зина болған заман-ай [3, 24 б.].  
  Сейдахмет ақынның “Көлденеңнен пайда табу жарамас”, Әбіқай ақынның 
“Түрмедегі  бауырларға”  өлеңі  мен  “Тас  мешін”  поэмасының  бір  тарауы, 
Құбашаның  “Ағайын”,  Шаңдаяқ  ақынның  “Қарсы  ұмтылып  аштық  деген 
қабаның”  атты  Файзолла  Сатыбалдыұлы  мен  Әлмұхаммед  Оспанұлының  да 
көптеген өлеңдері осы үлгіде жазылған.  
Ақындық дәстүр жалғастығына қатысты тағы бір жайт ақындық мектептің 
ұстаздары  Уақ  Жұмабай,  Әбіқай,  Сейдахмет,  Есенжол  ақындардың  дәстүрін 
жалғастырушы Файзолла мен Әлмұхаммедке байланысты.  
А.  Байтұрсынұлы  “Әдебиет  танытқыш”  еңбегінде  діндар дәуірдің  айырма 
түрлері деп көрсеткен өлең түрлерінің бірі мінажат.  
Діндар  дәуір  мұңды,  зарлы  сөздеріне  мінажат  деп  ат  қойған.  Әуелінде 
мінажат  деп  ғұламалардың  құдайға  айтқан  зары,  арызы,  налысы  айтылған. 
Бара-бара зарлық, мұңлық мағынасына айналып, зарлық өлең сияқты сөздер де 
мінажат  деп  аталатын  болған”,  –  дей  келе  ғұлама  ғалым  Сейдахмет  ақынның 
“Мінажат”  атты  өлеңі  мысалға  келтіреді.  Сейдахмет  ақынның  осы  дәстүрін 
Файзолла  Сатыбалдыұлы  мен  Әлмұхаммед  Оспанұлы  сталиндік  репрессияға 
ұшырап, түрмеде жатқан кезінде   жалғастырып, дамыта түскен. Бұған 
мысал 
ретінде  Файзолланың  “Мінажат”,  “Шағыну”  өлеңдерін,  Әлмұхаммедтің 
“Тұтқындардың  бірінші  мінажаты”,  “Тұтқындардың  екінші  мінажаты”,  “Сұм 
дүние”, “Қоштасу” өлеңдерін атауға болады.  
Торғай  ақындарының  тағы  бір  дәстүрі  шежірені  өлеңмен жырлау  дәстүрі. 
Шежіре  болғанда,  өз  ру,  өз  атасының  шежіресі  емес,  жалпы  қазақ  халқының 
шежіресін  жырлау  дәстүрі.  Шежірені  өлеңмен  жырлау  бізге  Шәкәрім  қажы 
Құдайбердіұлы  арқылы  таныс.  Шәкәрімнен  көп  бұрын  өмір  сүрген  Есенжол 
Жанұзақұлының  “Қазақ    шежіресі”  дастаны  Адам  атадан  бастап    таратылып 
жазылған.  Алайда,  бұл  шежіре  қазаққа  дейін  таратылып  келіп,  ары  қарай 
ақынның  өз  руы  қыпшақ  шежіресімен  сабақталады.  Есенжол  ақынның  бұл 
дәстүрінің  жалғасын  Файзолла  қаридың  “Адамзат  шежіресі”  мен 
Әлмұхаммедтің “Қазақ шежіресі” дастандарынан көруге болады. Бұның ішінде 
әсіресе  Файзолла  қаридың  шежіресі  өте  сауатты  жазылған.  Файзолла  қари 
шежіресін  Нұх  пайғамбардан  бастап  одан  Хам,  Сам,  Яфис  атты  үш  нәсіл 
тарағанын  айтады.  Одан  әрі  осы  үшеуінен  қандай  халықтар  тарайтынын, 
олардың қай жерлерді мекендейтінін айтады: 
... Хамнан нәсіл тараған қара халық, 
Бұл расы тарихта болғаны анық. 
Бұл нәсілден көп халық өсіп өніп, 
Жер құрлығын Африка жатыр алып.  
Атасам білгенімді Нигерия, 

 
73 
Пәкстан, Ғарап елі және Индия. 
Міне осылар болады Хам нәсілі, 
Жүрген, Бостан, Ангола, Эфиопия. 
 
Ақ нәсіл кеп тарайды енді Самнан, 
Көбейіп өсіп, өнген бұлар да жан.  
Неміс, Испан, Ағылшын, Италия, 
Бельгия, Швеция және Руссия 

43, 73

.  
Осылайша  одан  әрі  сары  нәсілді,  одан  түркі  жұртын,  түркіден  қазақты 
тарата  отырып,  үш  жүздің  шежіресін  баяндай  отырып,  олардың  басындағы 
тарихи оқиғалар, тұрмыс-тіршілігі, тарихи тұлғалар туралы сыр шертеді.  
Жоғарыда аталған шежірелерден Әлмұхаммед шежіресінің өзгешеліктері 
бар.  Мұнда  рулар  таратылып  айтылмайды.  Түріктен  Қазақ,  Қазақтан  Ақарыс, 
Жанарыс,  Бекарыс  тарап  үш  жүзге  бөлінеді  дейді  де,  ақын  жүз  деген  сөздің 
мағынасын  түсіндіре  келе  ақын  қазақ  халқының  басындағы  жоңғар 
шыпқыншылығы,  “Ақтабан    шұбырынды,  Алқакөл  сұлама”  оқиғаларын, 
Абылай, Әбілхайыр хандардың ерлігін, қазақтың Ресейге қосылуын жырлайды.  
Екінші 
бөлімді 
қорытындылай 
келе, 
Торғай 
ақындарының 
шығармашылығын талдап-таразылау арқылы мынадай  тұжырымдар жасаймыз:  
1. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Торғай өңірінде өзіндік 
дәстүр ерекшеліктері бар ақындық мектеп өмір сүрді.  
2.  Бұл  ақындық  мектептің  негізін  қалаушылар:  Уақ  Жұмабайұлы, 
Сейдахмет  Бейсенұлы,  Есенжол  Жанұзақұлы,  Әбіқай  Нұртазаұлы.  Торғай 
ақындарының  дәстүрін    жалғастырушылар:  Құбаша  Шалбайұлы,  Күдері 
Жолдыбайұлы,  Әбдірахман  Иманқұлұлы,  Қашқымбай  Қазұлы,  Шаңдыаяқ, 
Қияқбай,  Алтыбас  Ақмолда,  Қарпық,  Аяп,  Уәлі  ақындар,  Файзолла 
Сатыбалдыұлы, Әлмұхаммед Оспанұлы, Омар Шипин, Нұрхан Ахметбеков т.б. 
3. Бұл ақындық мектептің өзіне тән әдеби дәстүрі болды. Оның дәстүрлік 
ерекшеліктері:  көркемдеуіш-бейнелеуіш  құралдарды  қолдану  ерекшеліктері 
және  өлең  құрылысына,  түріне,  ұйқас  қолдану  ерекшеліктері  екінші  бөлімде 
жан-жақты талданып, дәлелденді.  
4.  Торғай  ақындық  мектебінің  дамуында  шығыс  және  батыс 
әдебиеттерінің  әсері  болды.  Сонымен  бірге  Торғай  ақындарының  жазба 
әдебиетте  ұшталуына,  батыс,  орыс  әдебиеттерімен  таныстыруда  көрнекті 
ағартушы Ы. Алтынсариннің рөлі, ақындық мектептің соңғы буын өкілдерінің 
шығармашылық деңгейінің өсуіне 1917 жылы Торғай қаласында қызмет еткен 
Алашордашылардың  және  осы  ақындық  мектептен  алғаш  тәлім  алып  түлеген  
А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлының ықпалы өте зор болды.  
5.  Торғай  ақындарының  біразы  А.  Байтұрсынұлы  мен  М.  Дулатұлының 
ұстаздары  болғандықтан,  енді  біразы  рухтас,    пікірлес  достары  болғандықтан, 
шәкірттері болғандықтан,  екінші жағынан шығармалары кеңестік идеологияға 
сай  келмегендіктен  кеңес  заманында  баспа  бетінде    жарияланбады,  әдебиетші 
ғалымдар    назарынан  тыс  қалды.  Сол  себепті  де  Торғай  ақындары  қазақ 
әдебиеті  тарихынан  өзіне  лайықты  орын  алуға  тиісті.  Біздің  бұл  жұмысымыз 
осы игі істі атқаруға арналған алғашқы қадам болмақ. 

 
74 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет