«Төрт түлік малдың қазақ халқының өміріндегі маңызы»



бет1/3
Дата02.12.2023
өлшемі2,01 Mb.
#131393
  1   2   3
Байланысты:
Презентация Төрт түлік мал



«Төрт түлік малдың қазақ халқының өміріндегі маңызы»
Төрт түліктің түрлерімен жан - жақты танысып, малдың пайдасы мен адам өмірінде алатын орнының зор екендігін, халқымыз малды бағып қағу арқылы, еңбек сүйгіштікке үйреткенін анықтау.

Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып келеді. Мал кезінде алты алаштың жесе - асы, кисе - киімі, мінсе - көлігі, жапанда - серігі болған. Біз ежелден малға жақын халықпыз. Кезінде ата бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп қонып жүрген. Қазақ төрт түлікті ерекше құрметтеген төрт түліктің жайымен жазда жайлауға, қыста қыстауға көшкен. Малдың еті, сүті тамақ болған, терісінен, жүнінен арқан жіптер, киіз үй жабдықтары, киім - кешек, алаша, кілем тоқып т. б. әр түрлі бұйымдар жасаған. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз «ағарған» немесе «ақ» деп атаған.
Халық ұғымында әр малдың пірі, иесі бар.
,
Қой – қазына, мырзалық Жылқы - сәндік, мақтан
Қой атасы - Шопаната Жылқы атасы - Қамбарата
Түйе - байлық, салтанат Сиыр - қанағат, ақтық, Түйе атасы – Ойсылқара Сиыр атасы – Зеңгібаба

Қой сүйеді баласын Қоңырым деп, Еш нәрсені білмеген Момыным деп.

Қой сүйеді баласын Қоңырым деп, Еш нәрсені білмеген Момыным деп.

Қой – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі. «Қойдың сүті – қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол-ақ. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Қой өсу жасына орай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп аталады. Ешкі - қазақтар үшін өсімтал малдың бірі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайды. Ешкі сүті қарны ауырған адамға да пайдалы. Ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырады, оның бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкі жеңілтек мал деп есептеледі де, мінезі ұшқалақ, шыдамсыз баланы (әсіресе қыз баланы) «ешкі құсап селтеңдеп» деп, ешкіге теңеп отыратыны бар. Ешкіні жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет