Қой маңырайды
Жылқы сүйеді баласын Шұбарым деп. Жүгіруден жазбаған Тұлпарым деп. Жылқы сүйеді баласын Шұбарым деп. Жүгіруден жазбаған Тұлпарым деп. Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (суйрік), айғыр деп атайды. Ал оның жүйріктігіне, тағы да басқа қасиеттеріне қарай әсіресе батырлар жырларында жорға, су жорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл, арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер-азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған. Жылқының майын адамның сүйектерінің сынған жерлері дұрыс бітпегенде, бұзып, қайта салуға және сарысу иленгенде пайдаланады.
Жылқы кісінейді.
Сиыр сүйеді баласын Торпағым деп. Қараңғыға баспаған Қорқағым деп. Сиыр сүйеді баласын Торпағым деп. Қараңғыға баспаған Қорқағым деп. Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта епетейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Дегенмен, сиыр да үйдің берекесі, айран-сүттің көзі, балаларының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Сиыры жоқ үй ас-ауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қарай бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған.
Сиыр мөңірейді
Түйе сүйеді баласын Тайлағым деп. Жабу жапса жарасқан Жайнағым деп . Түйе – төрт түліктің төресі. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады. Сол үшін түйені «Дала кемесі» депте атаған Түйе екі жылда бір рет боталайды, 30-35 жыл жасайды. Сүтінің құрамында адам ағзасына қажетті витаминдер өте көп. Шұбат шипалы сусын ретінде пайдаланылады. Әсіресе, өкпе ауруына бірден-бір емдік сусын ретінде қолданылады. Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына қарсы әсері анықталған. Шудасы – буын, бүйрек аурыларына ем.
Түйе боздайды
Достарыңызбен бөлісу: |