Төртінші Индустриялық Революция Тақырып: Қозғаушы Күштер



бет2/3
Дата28.11.2022
өлшемі69,55 Kb.
#53287
1   2   3
Байланысты:
Төртінші Индустриялық Революция Сатаев М.О.

Озық робот техникасы. Сенсорлар (sensors) саласындағы жетістіктер роботтарды үй шаруа­шылығындағы тірліктен бастап аса ауқымды міндеттер атқаруға тарта отырып, олардың қоршаған ортаны жақсы қабылдау мен оған әсер ету қабілетін арттыра түседі. Роботтардың келесі ұрпағы – адамдар мен машиналардың арасындағы қарым-қатынасты күшейту жағына қарай ойыса дамиды.
Жаңа материалдар. Қазіргі кезеңде осыдан бірнеше жыл бұрын өздерінің елесін де байқатпаған қасиетке ие жаңа материалдар нарыққа толассыз түсуде. Төртінші иновациялық революцияның жаңа материалы ретінде графен мен термореактивті пластмаса саласындағы термореактивті полимерді айтуға болады. Бұл материалдар бәсекеге қабілетті болған кезде, өндіріспен инфрақұрылым саласындағы маңызды серпіліс туғызатын болады.


2.1.2. Цифрлық


Төртінші индустриялық революция тудырған физикалық және цифрлық ақиқат арасындағы басты көпірдің бірі – интернет бұйымдар (ИБ) немесе «барлық бұйымдардың интернеті». Интернет бұйымдарының ең үздік үлгілері ретінде Биткойн қосымшасымен Блокчейн қосымшалары және Убер моделін ұсынуға болады. Бұл қосымшалар арқылы адамдардын бір-біріне деген сенімі артып және жолда жүру мәселесі женілдейді. Шың мәнінде ойлағанда бұл қызмет көрсетуді, пайдалануды, мәмлеге келуді қамтамасыз ететін платформа десек болады.


2.1.3. Биологиялық


Биологиялық саладағы инновацияның шетімен шегі жоқ деп айтуға болады. Ол адам геномын жобасын, осыдан оң жыл бұрын жүзеге асырылу арқылы, ДНК жазбасы арқылы организмді реттеу мүмкіндігіне қол жеткізу арқылы мүмкіндіктерін ашады. Көптеген аурулардың дауасы табылмай жатқан медицина мәселелерін түп тамырын анықтап, биологиялық инженнерия арқылы мүмкіндіктерді пайдаланып, гинетикалық модификация жасауға мүмкіндік береді.
Өнертапқыштық ширыққан қарқыны


Инновация – өте күрделі әлеуметтік құбылыс. Оны қатардағы ұғым ретінде қабылдауға болмайды. Әлемді өзгертуге қабілетті технологиялық жетістіктердің ауқымы қаншалықты кен қамтылсада зерттеулермен жетістіктердің оң нәтижелерге бағытталғаны қамтамасыз ету мәселесін назар аударуымыз қажет. Қазіргі кезде консервативті бағыттын бетін қайтару үшін ғылыми қауымдастықтар ғылыми әзірнемелерді дәстүрлі қаржыландыру емес керсінше комерциялық қаржыландыру ұсынып отыр. Мысалы: 2015 жылы Uber Technologies Inc компаниясы Карнеги Меллон университетінің лабораторияларындағы кадрлардың басым бөлігін құрайтын қырық робототехника маман мен ғалымды жұмысқа шақырды. Осылайша ғылым мен іскерлік әлеміндегі алдынғы қатарлы іргеле зерттеулердің және инновациялық технологияларды пайдалануды ынталандырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет