Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар -сынып тоқсан Пәні: қазақ тілі Ұзақтығы



бет3/46
Дата12.11.2022
өлшемі140,37 Kb.
#49589
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
ТЖБ 7-сын қазақ тілі

Оқылым(10 балл)
Оқылым мәтінін оқыңыз да, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Денсаулық - зор байлық
Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ата-бабамыз айтып кеткендей:
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық, - демекші, денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.
Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. "Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды”, -деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет. Яғни "Ауруын жасырған өледі” (Ә.Науаий) деген сөзге қарсы адам өз бойындағы ауруы бойынша дәрігерлерден кеңес алып, білгендерден сұрап отыруы қажет. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау адамдардың өз қолында.
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек . Сондықтан әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыруда әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымыз, дұрыс тамақтануымыз, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық шараларын сақтауымыз қажет.

1. Тақырыбы:


2. Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
А. Достық
В. Адамгершілік
С. Еңбекқорлық
Д. Денсаулық
3. Дұрыс нұсқасын белгілеңіз






Тұжырым

Дұрыс

Бұрыс

1

Бірінші байлық – денсаулық







2

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние емес







3

Дене тәрбиесімен айналысуымыз қажет






4. Халқымыз: «Бірінші байлық денсаулық»- деген осы тұжырыммен келісесіз бе? 4-5 сөйлем арқылы ойыңызды жазыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет