Тоқсандық жиынтық бағалау 2- тоқсан Пәні: қазақ тілі Оқушының аты-жөні



бет1/13
Дата11.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#56472
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ТЖБ-2 тоқсан


Тоқсандық жиынтық бағалау 2- тоқсан
Пәні: қазақ тілі
Оқушының аты-жөні__________________________________________________________
Сыныбы 4 « п »
І нұсқа
1. Берілген тірек сөздерге сүйеніп,«Домбыра- ұлттық аспап» тақырыбына берілген мәтіннің мазмұнына болжам жаса.Жасаған болжамыңның себебін түсіндір.
Тірек сөздер: қасиетті аспап, үні жағымды, кең таралған, күй, терме, ұрпаққа мирас, ұлттық өнерді насихаттаушы, ұлттық болмысты бейнелейтін символ, ұлттық музыка өнерінің жаршысы.
Жоспар:
1. Қазақ халқының көне аспабы
2. Домбыраның қолданысы
3. Домбыра – ұлттық символ
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Патша нөкерлерімен бірге серуендеп келе жатып, жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып, еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып , онымен сөйлесуге ықыласы ауады . Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, оның күніне
15 лира үшін жалданып еңбек ететінін түсінеді. Патша егіншінің жалақысының аздығына қайран қалады. Мұны байқаған шаруа :
- Қанағатшыл адамға бұл ақша тіпті көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін . Бір бөлігін біріктіріп , қор жинаймын , - дейді .
Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді . Ақкөңіл , мейірімді , адал күлімсіреді .
- Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенім , бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешеме беремін . Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім , ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін . Мен қартайған кезде олар да маған көмектеседі деп үміттенемін . Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын , - дейді .
Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады . Шаруаның балаларының біліміне төлейтін ақшаны өз мойнына алады . Балалар да ер жеткен соң ата – анасына , халқына қолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіпті деседі .




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет