Түркі дәуірі ескерткіштерінен байқалатын ерекшелік
A. Георафиялық аймақтың бағыттарын білген
B. Киік мүйізінен жасалған тұмарға сақтаған
C. Қағаз беттеріне жазылып бізге жеткен
D. Көрші мемлекетпен байланысқа түскен ................[1] Түркі дәуірі жазбалары қазақ халқының жазба мәдениетінің бастауы екені қай бөлімде айтылған?
A. І
B. ІІ
C. ІІІ
D. ІҮ ...................... [1] «Түркі ескерткіштеріндегі жазылған әдет-ғұрып, салт- сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас» деген тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз.
[3]
Ә мәтіні
Қазақ халқының тарихы – тұнып тұрған мәдениет пен өркениттің ошағы. Текті халық қалдырып кеткен мәдениеттілік – өркениеттілікке жалғасын тапты. Біріншіден, көшпенділерде жазу ерте кезде қалыптасқан. Бұл – өркениеттің белгісі, себебі сол мұралар арқылы біз арғы бабамызды танимыз.
Екіншіден, қолөнер дамып, халыққа едәуір жаңа мәдениеттілікті енгізді. Яғни, ол да бір өркениетіліктің көрінісі. Киім – кешек, ер – тоқым, небір зергерлік, ерекше жасалған бұйымдар осының көрінісі болмақ. Әрине, қолөнердің ең биік шыңы, ол – киіз үй. Киіз үйдің сыртқы көрінісі ерекше, оған қоса «шаңырақ», «уық», «керегенің» қазақ өмірінде өз маңыздылығы мен құндылығы бар. Қазақ халқының 4, 6, 8, 10, 12 қанатты киіз үйлері сан ғасырлар жалғасқан мәдениет пен өркениеттіліктің айқын көрінісі.
Үшіншіден, көшпенділердің тәрбиеге бай әдет – ғұрпы, ойын – сауық, той – томалақтары көп болған. Олардың бәрінің астарында мол тағылым жатыр.
Төртіншіден, қазақ халқы – есті халық. Әрбір айтылған сөзге мән берген.
Тіпті : «Халық айтса, қалт айтпайды» деген қанатты сөздің өзі көп нәрсені түсіндіріп тұрғандай. Бұл келтірілгендер көшпенді қазақ халқының мәдениеті бай, ал өркениетінің жоғары екендігін байқатады.
/el.kz/news/lichnosti/kazakstan_orkenietter_besigi/