Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 7-сынып Нұр-Сұлтан, 2022 Мазмұны
Қазақ тілі 7-сынып ТЖБ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ «Ауа райы және климаттық өзгерістер», «Көшпенділер мәдениеті» бөлімі Тыңдалым мен айтылым Тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді түртіп алып, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10] Климат өзгерісінің зардаптары Дүниежүзінде барлығы табиғатқа, климатқа тәуелді болып кетті. Аптап ыстық, сарышұнақ аяз, дауыл, құйын, боран, тасқын, қуаңшылық пен өрт секілді табиғи құбылыстардың саны да, жиілігі де, қарқыны мен ұзақтығы да күрт өзгерді. Соның салдарынан адамның денсаулығына төнетін қатер ұлғайды. Жарақаттар, жұқпалы және жұқпалы емес аурулар, стреске байланысты жүйке ақаулары көбейді. Жұқпалы аурулардың сипаты өзгере бастады. Кеміргіштер тарататын вирустық, сондай-ақ, респираторлық дерттердің, азық-түлікпен және судың сапасына байланысты аурулардың таралу мерзімі мен жағрафиясы да қазір мүлдем басқаша. Климат өзгерісі жаҺандық сипат алды. Табиғаттағы төтеннен болатын апаттар ауаның сапасын, азық-түлік пен су қауіпсіздігіне де әсер етіп, елеулі өзгеріске ұшыратты. Бұның адамдарға тікелей әсері ттіпті ерен. Кедейлік,соың салдарынан дұрыс тамақтанбау, жұмыс жоқтық, табыстың аздығы және нашар күнкөріс гендерлік факторға, білімі мен баспана жағдайына тікелей немесе жанама әсер етіп отыр. Осындай әлеуметтік факторларға ықпал ет ететін климат өзгерісі адамдардың ауқымды миграциясына алып келеді дейді, мамандар. Сол себепті метеорология мен гидрологияға қатысты мониторинг, болжамдар мен зерттеулердің сапасын арттыру өзекті уақыт талабына айналып отыр. https://informburo.kz/kaz/klimatty- сайтынан алынған жүктеу/скачать 438 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |