Ауа райына қатысты қазақ халқының болжамдары Қазақ халқы көшпелі өмір-тіршіліктен тартып бүгінге дейін қоршаған ортаны, табиғаттың қыры мен сырын бақылау арқылы өмір тәжірибелерін толықтап отырған. Соның маңызды бір бөлегі ауа райына қатысты болжамдар. Күннің тұманды мұнардан көтерілуі ауа райының ыстық болуының нышаны. Ал батар күн қызыл шапаққа малынып барып ұясына кірсе, ертеңінде шыжыған ыстық болатынын білдіреді. Қыс айларында көкжиек ашық болып, қызыл шапақ шашса ауа райы жылы болатындығының нышаны. Күн көзі жаз айларында бұлттанып батса жаңбыр болады. Бұл қыс айларында қардың нышаны.
Күннің қоралануы қыс айларында қардың қалың болуына бастайды. Ал Айдың қоралануы қыстың қатты болуының нышаны. Қазақтың «күн қораланса күрегіңді, ай қораланса аяғыңды сайла» деген мәтелі осыдан айтылған. Мұның мәнісі күн қораланып, қар қалың түссе, күрекпен қорық ашуға тура келеді. Ай қораланса түйеге жүгіңді артып, қоныс аударуға тура келеді дегені. Күн құлақтанып шықса, не боран, не аяз болады. Күн құлақтанып батса, ауа райы жылынуға бет алғаны. Егер жаңа ай шалқалап туса, ол айда ауа райы малға жайсыз болады. Егер жаңа ай тік туса, аура райы малға жайлы болғаны. Қазақтың есепші, жұлдызшыларның бақылауы бойынша маусым айының бірінен бастап үркер көкжиектен көтерілмейді, содан шілде айының он жаңасында көрінеді. Ал, 21 шілде үркер айдың қасынан көруге болады. Үркер мен Айдың қатар көрінуін қазақ «Тоғыс» деп атайды. |
Үркер мен Ай жақын орналасса, шаруақор қазақ «міне екеуінің жайы жараса қалған екен, мал мен жанның жағдайы жаман болмас» деп отырады. Егер жаз айларында көк жүзі күн жеген шүберектей бозарып көрінер болса, қыстың әдеттегіден қатал келетінін аңғартады.
https://qazaqtimes.com/article/855 сайты
Оқылым Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жакап беріңіз.
А мәтіні Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Ол оңнан солға қарай «Ақ сықын» — «Ақ марал» деп оқылған.
Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтегін», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт- сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар — қазақ халқының жазу-сызуының ертеден келе жатқан бастауы.
Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны — өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері ескеріліп отырған. Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жатқан мемлекеттермен байланыс, қарым- қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде де географиялық бағдарлау жасай білген.
(150 сөз) http://referattar.kazaksha.info