Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 7-сынып Нұр-Сұлтан, 2022 Мазмұны


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



бет27/31
Дата20.03.2023
өлшемі440 Kb.
#75562
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Қазақ тілі 7-сынып ТЖБ-1

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ




«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым», «Ғылыми фантастика» бөлімдері


Тыңдалым мен айтылым [10]
1. Мәтінді оқып шығыңыз. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріп, өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жанжақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2.Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
А мәтіні
Қазіргі ұрпақ соғыс пен жорықта ерлік көрсетіп, жауынгерлік рух танытқан ата-бабасына алғыс айтуы тиіс. Осынау кең байтақ жерді дұшпанның көзінен, жаудың бөзінен бекер сақтап қалған жоқ, келешек ұл-қыздары үшін аманат қылып қалдырды.
Олардың ерлігін айтып, ата-бабасының батырлық болмысын есте ұстап, онымен мақтану – кез келген ұрпақтың парызы. Бабаның ерлігі ұрпаққа рух береді. Сонау Керей мен Жәнібектен бастап Қабанбай мен Бөгенбайдың, Шақшақ Жәнібек пен Ер Жәнібектің, соңғы хан Кенесары мен соңғы батыр Оспанның ерлігін жалғастырған жандар қазақ жерінде аз болмаған. Бұған Ұлы Отан соғысы кезінде ерлік көрсеткен қазақстандықтар дәлел бола алады.
Бір батальонды шашауын шығармай жау тылынан үш рет аман алып шыққан әскери қолбасшы, даңқты жауынгер Бауыржан Момышұлы, отан үшін деп жаудың жатағын мүбәрак кеудесімен жапқан Сұлтан Баймағамбетов, жүздеген фашистің көзін құртқан даңқты мерген Төлеген Тоқтаров, жеті сағат бойы ерлікпен ел қорғаған Мәлік Ғабдуллин, шығыстың қос шынары атқыш Әлия мен пулеметші Мәншүк, ұшқыш Талғат Бегилдинов пен Нүркен Әбдіров сынды батырлардың ерлігі ұмытылмақ емес.
Өлшеусіз ерлік көрсеткен батырлардың арасында Рақымжан Қошқарбаевтың өнегесі ерекше. Жау жатағын кеудесімен жабу, жараланған ұшақты танк экипажына қарай бағыттау сынды айбынды ерлік Рақымжан батырдың де еншісіне тигенімен, ұзақ жылдар бойы от майданда оқ кешкен қазақ жауынгерінің әрекеті дұрыс бағаланбай жүрді.
https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/
Ә мәтіні
«Рақымжан аға мен Григорий Булатов екеуі Рейхстагқа бірінші болып ту тіккенін білесіздер. Бірақ оларға Батыр атағы бұйырмады. Содан соғыстан кейінгі уақыт. Рақымжан аға осы Алматыда моншада жұмыс істеп жүрген екен. Әбден ішқұса болып жүрген кезі болса керек. Бір күні сәлем беруге Бауыржан Момышұлына келеді. Сонда да ашыла алмай, тұйықталып отырыпты. Енді атаның өзі майдангер болған соң, қалай сөйлетуді біледі ғой. Содан екеуі ұзақ әңгімелесіпті. Рақымжан аға бүкіл өмірін, соғыс жылдарындағы басынан кешкендерін, Берлинді алу ұрысын баяндап береді.
Кейін аға кеткен соң, ата тез арада «Лениншіл жас» газетінде жауапты хатшы болып жүрген Кәкімжан Қазыбаев дейтін інісіне телефон шалып, «Жет тез!» деп үйге шақырады. Келген соң, ата оның жер-жебіріне жетіп ұрсады.
«Журналиспін деп мақтанасыңдар. Соғыс біткелі 14 жыл болды! Ал мына жерде көз алдарыңда мынадай адам жүр. Күні бүгінге дейін ешкім білмейді. Ал сен білесің бе, соғыстың ең сұмдығы - Берлинді алу ұрыстары! Қаншама жауынгер опат болды. Сонда бұл жігіт өліктердің үстімен барып, Рейхстагқа ту тіккен. Сендерге бұдан артық қандай ерлік керек?», - деп ренжиді.
Кейін Кәкімжан аға Рақымжан ағамен кездесіп, әңгімелесіп, деректер жинап, ол туралы тамаша кітап жазды. Бұл Рақымжан аға туралы жазылған тұңғыш жарияланым болатын. Кейін атаның өзі де Мәскеу архивтерінде іздеу жұмыстарын жүргізіп, Рақымжан аға туралы деректер жинайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет