4. Қазақ өркениетінің алғашқы белгісі A. қолөнер түрлері пайда болды
B. жазу-сызуы ерте дамыды
C. әдет-ғұрпы кеңінен тарады
D. сөздің астарына мән берді [1]
5. Көшпенділердің тәрбиеге бай әдет – ғұрпы туралы айтылатын бөлім A. І
B. ІІ
C. ІІІ
D. ІҮ [1]
6. «Қазақ халқының тарихы – тұнып тұрған мәдениет пен өркениттің ошағы» деген тұжырыммен келісесізбе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылыжеткізіңіз. [3] Жазылым Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме) жазыңыз. Шамамен 100-120 сөз болуы тиіс.
Атмосфераның ластануы туралы журналға мақала жазыңыз.
«Мен естіген ауа райы болжамдары» тақырыбына үлкендерден естіген әңгімелер желісін ала отырып, өзіңіз әңгіме жазыңыз. [10]
Балл қою кестесі Тыңдалым және айтылым
№
Балл
Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы
Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
1
9-10
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.
Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды.
Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.
2
7-8
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.
Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
5-6
Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.
Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.
Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
3-4
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.
Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.
Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1-2
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.
Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.
Талқылауға өте аз қатысады.
Оқылым
№
Жауап
Балл
1
А
1
2
В
1
3
Ықтимал жауабы: Келісемін, себебі …/Оқушы жауабы ескеріледі./