Тоқсандық жиынтық бағалау. Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру, өткізу жолдарын анықтаңыз
Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар бірнеше
сыныптардың бір параллеліне арналған тест спецификациясына және балл
қою кестесіне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалау жұмысының түрлері бірнешеу болады: тест тапсырмалары, сынақтар, бақылау жұмыстары, диктант түрлері, мазмұндама, эссе және т.б. Тест спецификациясы жиынтық бағалаудың негізгі мазмұнын көрсетеді және тапсырма құрастырудың негізі болып табылады.
Тоқсандық жиынтық өткізер алдында мұғалім оқушылардың
тапсырманы орындауға көмектесетіндей заттарды әкелмегендеріне көз
жеткізуі керек. Оқушылар өздерімен тек нұсқаулықтың ішінде жазылған
заттарды, құралдарды немесе материалдарды алып келуіне болады. Тыйым
салынған заттарды әкелу ережені бұзу болып есептелінеді.
Портфолионың қызметі, оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейінің бейнесі ретінде екеніне сипаттама беріңіз
Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту; Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинақтауына көмек береді. Портфолио: • Мұғалімнің біліктілік категориясын көтеруіне, бекітуіне және оқу жылының қорытындысы бойынша марапатталуының;
• Педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі туралы ақпараттың көзі болып табылады.
Жалпы, функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Қазақ маманы С. Раев «сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен» ,- деп өз ойын білдірген болатын. Яғни, бұл жағдай бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Егерде, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Сол себепті келешек ұрпаққа жалаң білім беріп қана қоймай саналы, сапалы білім беру басты мақсатымыз.
Баға қою механизмі – нақты шараларды атаңыз.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу журналында тіркеледі. Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады. Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды көрсетеді. Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі.
Білім алушыларға қойылады:
Сипаты
Әр бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың балы
Жинақталған балдар саны мен оқу жетістігі деңгейлері (жоғары, орта, төмен)
Балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес белгілі пайыздық арақатынастағы барлық тоқсандық жиынтық бағалаулардың балл саны. Білім алушылар тоқсандық бағаны 50% бөлім/ортақ тақырыптардың қорытындысы бойынша, 50% тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы бойынша жинайды
Жылдық баға
Барлық тоқсандардағы максималды мүмкін балдарға қатысты жинақталған балдар санының пайыздық арақатынасы балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес