Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 5-сынып



бет11/15
Дата31.10.2022
өлшемі1,87 Mb.
#46545
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Барлығы

45 минут

30


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Денсаулық – зор байлық
Менің Тәуелсіз Қазақстаным
Аспан әлемінің құпиялары
Компьютердің тілін табу − өнер


Тыңдалым

«Ең үлкен байлық» ертегісі


Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып шағымданады екен.
- Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, — деп жылауын қоймапты.
Бір күні жігіттің үйінің алдынан өтіп бара жатқан қария оның қасына келеді.
- Саған не болды сонша жылап? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді.
- Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық?
- Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатар едің? – деп сұрайды қарт.
- Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, — көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын.
- Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?
- Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, — дейді жігіт.
- Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың. (125 сөз)

1. Қария жігітке қай дене мүшесін сатуды ұсынады?
А) көзін
В) аяғын
С) қолын
Д) жүрегін
[1]
2. Мәтіннің мазмұнын ашатын мақал-мәтелді белгілеңіз.
А) Ас атасы-нан
В) Кітап - алтын қазына
С) Еңбек ер атандырады
Д) Денсаулық-зор байлық
[1]

3. Мәтін мазұнына сай дұрыс ақпараттарды белгілеңіз.





Ақпараттар

+ дұрыс

-бұрыс

Жігіт өзінің кедейлігін айтып ренжіді.







Жігіттің алдынан жас тас қашаушы өтіп бара жатты.







Көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын.







Қолы мен аяғын алтынға айырбастауға келісті.







Ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы.







[3]


Оқылым

1-мәтін

2-мәтін

Қ.Сарин «Тәуелсіздік»
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған, 
Саған
Оған да! (72сөз)



1998 жылғы 6 мамырда Президенттің жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2019 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталды.
Қазіргі уақытта астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 1 млн асады.
Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және қуаң. (82сөз)



4. Екі мәтінге ортақ тақырыпты анықтаңыз.


А) Тәуелсіз Қазақстан
В) Қазақстан астанасы
С) Бейбіт ел–Қазақстан
Д) Қазақстан табиғаты [1]

5. Берілген ақпараттардың қай мәтінге сай екенін анықтап, +белгісін қойыңыз.



Ақпараттар

1-мәтін

2-мәтін

1.Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы







2.Тәуелсіз Қазақстан-ата-баба арманы







3. Азаттықты сақтаудың қиындығы







4.Қазақстан астанасының өзгертілген атаулары







[2]
6-7. Мәтіндердің қандай құрылымнан тұратынын жазыңыз.
1-мәтін: ______________________________________________________________________[1]

2-мәтін: ______________________________________________________________________[1]


Жазылым
Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, хабарландыру мәтінін құрастырып жазыңыз. Хабарландырудың жанрлық, стильдік ереркшеліктерін ескеріңіз. Сөз саны-110-120.

[10]


  1. Денсаулық күніне орай ұйымдастырылатын мектепшілік «Шынықсаң, шымыр боласың» атты спорттық ойындар жарысы туралы хабарландыру жазыңыз.

  2. Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылатын мектепішілік «Тәуелсіздік–тірегім» атты мерекелік концерт туралы хабарландыру жазыңыз.

  3. Компьютерде бағдарлама жасаумен айналысатын оқушылар арасындағы мектепшілік «Үздік бағдарламашы» байқауы туралы хабарландыру жазыңыз.

Айтылым
Тірек сөздерді қолдана отырып, суреттегі жағдаятты сипаттап, ауызша мәтін құрап айтыңыз. 10-15 сөйлем.



Тірек сөздер: таңғы жаттығу, көтеріңкі көңіл күй, жүгіру, денсаулыққа пайдасы, әдеттену

Тірек сөздер: Тәуелсіздік мерекесі, патриоттық әндер, көрініс қою, ұлттар достастығы, мақтаныш



Тірек сөздер: ғарышқа сапар, зымыран, жаңа ғаламшар, таңғалу, жер серігі



Тірек сөздер: компьютер курсы, үлкендер, компьютерлік сауаттылық, қуану, әлеуметтік желі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет