Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 5-сынып



бет14/15
Дата31.10.2022
өлшемі1,87 Mb.
#46545
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Барлығы

45 минут

30


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Қазақстандағы ұлттар достастығы
Ұлы Дала табиғаты
Ер есімі – ел есінде!
Тыңдалым
Қазақстан халықтарының бірлігі күні мейрамы елімізде 1996 жылдан бастап тойлана бастады. Бүгінде 18 миллионнан аса халқы бар Қазақстанды 130-дан аса ұлт өкілдері мекен етеді.
Бұл мерекенің тарихы туралы не білеміз?
1886 жылы халықаралық жұмысшылардың ынтымақтастығы күні чикаголық жұмысшылар көтеріліс ұйымдастырып, 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, демонстрацияға шықты. Алайда көтеріліс соңы полиция мен көтерілісшілердің арасындағы қақтығысқа айналды. Ал үш жылдан соң париждік ІІ интернационал конгресі 1 мамырды әлем жұмысшыларының ынтымақтастығы күні деп атады.
Ресей империясында бұл мереке алғаш рет 1890 жылы аталып өтілді. Ал 1917 жылы 1 мамыр мерекесі ашық тойланды. 1 мамыр ұзақ уақыт бойы барлық елдер жұмысшыларының ынтымақтастығы күні болып тойланып келді.
Қазір тәуелсіз елімізде 1 мамыр Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы күні деп аталады. Еліміздегі барлық ұлт өкілдері осы мереке күні салтанатты шеруге шығып, түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырып тойлайды. (130 сөз)

1. Қазақстанда 1 мамыр мейрамы қай жылдан бастап мерекеленеді?


А) 1996 жылдан
В) 1886 жылдан
С) 1890 жылдан
Д) 1917 жылдан [1]

2. ІІ конгресте 1 мамыр қандай күн болып жарияланды?


А) Ресей жұмысшыларының ынтымақтастығы күні
В) Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы күні
С) Қазақстан жұмысшыларының ынтымақтастығы күні
Д) халықаралық жұмысшылардың ынтымақтастығы күні
[1]

3. Нақты ақпарат кездесетін сөйлемді белгілеңіз.


А) Меркенің тарихы туралы не білеміз?
В) Қазақстанда 130-дан аса ұлт тұрады.
С) Жұмысшылар демонстрацияға шықты.
Д) Мерекеде халық салтанатты шеруге шығады. [1]

4-5. Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.


А) Чикаголық жұмысшылар неге көтеріліске шықты? [1]
________________________________________________________________________________
В) Елімізде 1 мамыр қандай мереке?
________________________________________________________________________________

[1]
Оқылым


Сәлеметсіңдер ме, менің ардақты анам мен бауырларым!


Анашым, денсаулығыңыз жақсы ма? Бауырларым, сабақтарыңды жақсы оқып жүрсіңдер ме? Туған-туыстар, ауыл аман ба?
Сіздер жіберген хат қолыма енді ғана түсті. Амандықтарыңды оқып, қатты қуанып отырмын. Өзімнің қал-жағдайым жақсы. Хатты шамның жарығымен окопта жазып отырмын. Қазір Прибалтиканы азат етуге күш салып жатырмыз. Біздің батальон екі апта бойы күндіз-түні жаумен жан аямай соғысып жатыр. Бұл жерді көзбен көру қорқынышты: қираған үйлер мен өртенген ғимараттар, атылған зеңбірек дауысы.
Ауа райы да қолайсыз болып тұр, бірде қар, бірде жауын, енді бірде қар аралас жауын жауады. Не жылына алмаймыз, не жуына алмаймыз. Саз-балшықта қару-жарақты көтеріп жүру де өте қиын. Бірақ біз қандай қиындыққа болса да шыдаймыз, берілмейміз. Барлығымыз жауды жеңіп, елге аман-есен оралуды армандаймыз. Сіздердің суреттеріңізге қарап, сағынышымды басамын.
Ерболат, Бекен, анама көмектесіңдер, оған қазір ауыр, өте ауыр. Оқуларыңды тастамаңдар. Жақын арада соғыс біткен соң, елімізге білімді адамдар керек болады. Ал мені еш уайымдамаңыздар.

Ыстық сәлеммен: Мәриям


6. Мәтін мазмұнына сай келетін ақпараттарды анықтаңыз.

Ақпараттар

Шын

Жалған

А. Мәриям Прибалтиканы қорғау үшін соғысып жатыр.

+




В. Сағынғанда отбасының суретін қарайды.

+




С. Прибалтикадағы қатты аяз ыңғайсыздық туығзады.




+

Д. Мәриям бауырларының білімді болғанын қалайды.

+




Е. Марат жазда Арманға барады.




+

[3]
7. Мәтінде кездесетін хат жанрының екі ерекшелігін көрсетіңіз.
А) термин сөздер қолданылған
В) сұраулы сөйлемдер қолданылған
С) адресат және адресант көрсетілген
Д) сәлемдесу, қоштасу сөздері қолданылған
[2]


Жазылым
Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, хат мәтінін құрастырып жазыңыз. Хатты жанрлық, стильдік ереркшеліктерін ескеріп, сұраулы сөйлемдерді қолданыңыз. Сөз саны-120-130.
[10]



  1. Жазғы демалыста танысқан шетелдік досыңызға еліміздің табиғатының сұлулығы туралы ақпарат беріп, келесі демалыс уақытын Қазақстанда өткізуге шақыру туралы хат жазыңыз.

  2. Қазақстанның болашақ ұрпағының атынан соғыс ардагерлеріне хат жазыңыз.



Айтылым
Тірек сөздерді қолдана отырып, суреттегі жағдаятты сипаттап, ауызша мәтін құрап айтыңыз. 10-15 сөйлем.


[10]

Тірек сөздер: бірлік пен татулық мекені, бейбіт заман, Қазақстан халықтарының ассамблеясы, ортақ мақсат, ұлттар мекені, ортақ тарих


Тірек сөздер: биік таулар, қарлы шыңдар, табиғат- мүсінші, кең дала, өзен-көл, жасыл желек

Тірек сөздер: Ұлы Жеңіс, ұмытылмас ерлік, жанын пида ету, батырларға тағзым, ардагерлерге құрмет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет