Дағдылар тобы
|
Ойлау дағдылары
ның деңгейі
|
Тапсырмалар сипаттамасы
|
Сұрақтар түрі
|
Тыңдалым
|
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді;
негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;
тыңдалым материалдарының мазмұнын шынайы өмірмен байланыстырып жауап береді;
тірек сөздер, жетекші сұрақтарға сүйеніп, негізгі ойды анықтайды;
тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсінеді.
|
Бір және көп таңдауды және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Оқылым
|
мінездеме, өмірбаянның стильдік ерекшеліктерін анықтайды;
орта көлемді шығармалардың мазмұнын түсінеді;
тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;
мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстырады;
мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтайды;
өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырады.
|
Бір және көп таңдауды, қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Жазылым
және тілдік бағдар
|
мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, мінездеме, өмірбаян құрастырады;
абзацты жүйелі құрастырып, тақырыпқа сай эссе жазады;
теңеу, эпитет сөздерін қолданып, суреттеу мәтінін жазады;
сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады;
үндестік заңын ескеріп, қосымшаларды орынды жалғайды;
сөздерді орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады;
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Айтылым
|
тақырып бойынша диалогке қатысады;
сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады;
тірек сөздерге сүйеніп, суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады;
коммуникативтік жағдаят бойынша ойды түсініп, толықтырып отырады.
|
Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|