Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 8-сынып 2020-2021 оқу жылы мазмұНЫ



бет13/19
Дата24.11.2023
өлшемі439 Kb.
#125623
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
8-сынып казак тили тжб

Жазылым
Тапсырма
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай газетке шағын ақпараттық мақала жазыңыз.
[10]

  1. Графиктік мәтінде еліміздегі жастар арасында жасалған қылмыс көрсеткіші берілген. Фактіні негізге ала отырып, «Жастар арасында қылмыс өршіп тұр» тақырыбында жергілікті газетке шағын мақала жазыңыз.






  1. Елімізде жаппай қолға алынған «Қоршаған орта тазалығы» акциясы басталды. Бұл шараға Сіз оқитын мектеп те атсалысты деп елестетіңіз. Өткізілген іс-шара туралы жергілікті газетке «Мектебіміз «Тазалық» акциясына белсенді қатысты» тақырыбында жергілікті газетке ақпараттық мақала жазыңыз.

  2. Тақырыбында жергілікті танымдық журналдың «Сіз білесіз бе?» айдарына «Қазақстанның «Қызыл кітабы» тақырыбында ақпараттық мақала жазыңыз.

Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым

Балл

Коммуникативтік құзыреттілік

Грамматикалық құзыреттілік

5

Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады.

4

Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады.

3

Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстырып жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі.

Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады.

2

Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстыра жеткізуде қолдауды қажет етеді. Көзқарасын дәлелдейтін дәйектемелері сирек, көбіне жалпылыққа ұрынады.

Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі.

1

Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейінде. Себебін түсіндіруі аз.

Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым.

Оқылым
1-2-тапсырмалардың жалпы балл қою кестесі



Балл

Мәтінді талдау

Сұрақ құрастыру

5

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық ерекшеліктерін, стилі мен мәтіндердің типтік ерекшеліктерін өте жақсы түсініп талдайды.

Мәтіннің мамзұны мен негізгі, қосымша ақпараттарға қатысты жоғары ойлау деңгейіндегі ашық сұрақтарды өте жақсы құрастырады.

4

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық ерекшеліктерін, стилі мен мәтіндердің типтік ерекшеліктерін жақсы түсініп талдайды.

Мәтіннің мамзұны мен негізгі, қосымша ақпараттарға қатысты ашық сұрақтарды жақсы құрастырады.

3

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық ерекшеліктерін, стилі мен мәтіндердің типтік ерекшеліктерін қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды.

Мәтіннің мамзұны мен кейбір негізгі, қосымша ақпараттарға қатысты жабық сұрақтар құрастырады.

2

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық ерекшеліктерін, стилі мен мәтіндердің типтік ерекшеліктерін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды.

Мәтіннің жалпы мазмұнына қатысты, қатыссыз жабық сұрақтар құрастырады.

1

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мәтіндердің типтік ерекшеліктерін өте шектеулі деңгейде түсінеді.

Мәтіннің жалпы мазмұнына қатыссыз жабық сұрақтар құрастырады.

0

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық ерекшеліктерін, стилі мен мәтіндердің типтік ерекшеліктерін түсінбейді.

Сұрақтары жоқ.

Жазылым


Балл

Сипаттамасы

9-10

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын барынша (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес орынды қолданады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту), жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.

7-8

Тақырыптың мазмұнын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту), жазылу сипатына қарай бірізділікті сақтайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.

5-6

Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек болғанымен, орынды қолданады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту) сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділіктен ауытқу бар.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

3-4

Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек қолданады, орынсыздық байқалады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту) ескермейді, жазылу сипатында бірізділік сақталмайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

1-2

Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Жанрға сәйкес тіл құралдарын қолданбайды. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрлық ерекшеліктерді сақтамайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі.

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет