«Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис» бөлімі
«Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис» бөлімі
Оқу мақсаты:
|
8.2.3.1 Мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
8.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу;
8.4.4.1 сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану.
|
Бағалау критерийі:
|
Білім алушы
Мәтіннің ресімделуі арқылы оның жанрлық ерекшелігін ажыратады
Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазады
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Қолдану
|
Орындау уақыты:
|
15-20 минут
|
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.
Ғарыштық дәуір 1957 жылдың 4 қазанында, бұрынғы КСРО-да дүние жүзінде алғаш рет Жердің жасанды серігінің ұшырылуымен байланысты басталды.Екінші маңызды ғарыш дәуірі – 1961 жылы 12 сәуірде адам баласының (Юрий Гагарин) тұңғыш рет ғарышқа ұшуы; ал космонавтиканың үшінші тарихи оқиғасы — 1969 жылы шілде айының 16 – 24-і күндері аралығында адамның Айға сапары (Нил Армстронг, Эдвин Олдрин, Майкл Коллинз) болды. Қазір ракета тасығыштар мен ғарыштық аппараттар бірсыпыра елдерде (КСРО-да 1957 жылдан, АҚШ-та 1958 жылдан, Францияда 1965 жылдан, Жапония мен Қытайда 1970 жылдан, Ұлыбританияда 1971 жылдан, Үндістанда 1980 жылдан) жасалып, пайдаланылып келеді.
1957 жылдың 4 қазаны мен 2000 жылдың 9 ақпаны аралығында Қазақстан аумағында орналасқан Байқоңыр ғарыш алаңынан 1147 ракета тасығыштар, 1186 ғарыштық аппараттар ұшырылды. Қазіргі ғарышқа ұшу теориясы аспан механикасы мен ұшу аппараттарын басқару теориясына негізделген. Космонавтика ұйтқушы күштің әсерін ескере отырып, ғарыштық ұшу аппараттарының тиімді траекториясын есептеуді талап етті. Орбитаға шығарылған ғарыштық аппарат ракета тасығыштан бөлінеді де, аспан механикасының инерция заңдылығы бойынша өзінің ұшуын одан әрі жалғастырады. Ғарышқа шығарылған аппараттар ғарыш кеңістігінің қатаң шартына сай ұзақ уақыт өздігінен ұшуға қабілетті болуы тиіс. Бұл үшін олардың борты бірнеше жүйелермен: температураны тұрақты ұстайтын жүйе, энергия қоры, Күн сәулесін энергияға айналдыратын батареялар немесе ядролық энергия, Жермен тұрақты байланыс, Жерден басқару жүйелерімен жабдықталады. Сонымен қатар ғарыш аппараты бортына әр түрлі бағыттағы ғылыми аппаратуралар – ғарыш кеңістігінің физикалық қасиеттерін зерттейтін аспаптардан бастап, алып телескоптарға дейін орналастырылады.
Қазақстан ғалымдары да бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа сапарынан бастап, ғарыштық биотехнологияны пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа түрлерін шығаруда біршама тәжірибе жинады. Космонавтика саласында қазақтың екі ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев Қазақстан ғылымына қажетті құнды деректер қорын жинауға мол үлес қосты. (262 сөз). https://kk.wikipedia.org/wiki/
1-тапсырма. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтаңыз. Кестені толтырыңыз.
Мәтін қандай жанрда жазылған?
|
|
Мәтін қалай рәсімделген?
|
|
Мәтіннің құрылымы қандай?
|
|
Қандай жанрлық ерекшеліктер байқалады?
|
|
2-тапсырма. Мәтіндердің мазмұн желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазыңыз. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолданыңыз. Астын сызып көрсетіңіз. Сөз саны – 80-90 сөз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |