2-мәтін
Арман Азатұлы, 2025 жылға қарай судың тапшығы болып, күрделі ахуал қалыптасады деген пікірлер қаншалықты шындыққа сайкес келеді?
Су – жер бетіндегі өмірдің көзі ретінде маңызды табиғи және стратегиялық ресурс. Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде су ресурстарының ахуалы бойынша алаңдаушылық артып келеді, себебі халық саны ұлғайып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бұл суды пайдаланудың көлемін арттырып отыр. БҰҰ мәліметі бойынша әлемде жылына ауызсудың тапшылығы 230 млрд. текше метр мөлшерінде бағалануда. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарында: «Онжылдықтағы мақсат – барлық деңгейдегі су ресурстарына байланысты іске асырылып жатқан бағдарламалар мен жобалар бойынша шараларға және проблемаларға баса назар аударуға негізделген», - делінген.
Қазақстанда халқымызды ауызсумен, ал экономиканың салаларын су ресурстарымен қамтамасыз етудің нақты жоспарлары бар ма?
Қазақстан аумағы ТМД-ның еуропалық және сібірлік бөліктеріндегі республикалармен салыстарғанда су ресурстарына біршама жұтаңдау. Ауызсу тапшылығы
38
бізде экологиялық және экономикалық проблема болып табылады. Мәселен, халық пайдаланатын ауызсудың көзі ретінде табиғи су қоймалары, өзендер мен көлдер қарастырылады. Осылардан су жинақталады және ол тазартылып, кейіннен таза су ретінде пайдаланылады. Сіз айтқан мәселелерді шешу үшін су қоймалары мен суды тазарту жабдықтарынан бастап сумен қамтамасыз ететін нысандарға дейінгі құрылыс нысандары, яғни бірнеше шақырымға созылған су құбырлары салынады. Осы орайда айта кетерлігі, өткен ғасырда салынған су құбырлары жүйесінің және ауызсумен қамтамасыз ету нысандарының бүгінде 60 пайызының тозығы жеткен. Жаңадан әзірленіп, жүзеге асырыла бастаған «Ақ бұлақ» атты салалық жаңа бағдарлама осы мәселелерді шешеді деген ойдамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |