Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 9-сынып Нұр-Сұлтан, 2022 Мазмұны



бет14/23
Дата28.03.2023
өлшемі321,75 Kb.
#76716
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Гаухар Нұрахметова:

  • 2001 жылдан бастап демографиялық ахуал жақсарғанымен әр жанұяда баланың туу деңгейі төмендеп кетті деп айтуға болады. Мысалы, әрбір отбасында қазір 1-2 бала ғана тұрақтанады. Бұл – үлкен мәселе. Ауруға байланысты айтар болсақ бұл жерде жүрек дертінен қаза табатындардың саны бірінші орында тұр. Сонымен қатар Семей полигонының зардабын шеккендердің әртүрлі деңгейдегі онкологиялық ауруға ұшырап, дүние салуы жоғарғы қалпында қалып отыр.

Әзімбай Ғали:

  • Жалпы туу үрдістерінің әлеуметтік, демографиялық заңдылықтары бар. Соңғы санақ деректерін қарасақ, Қазақстан жұртшылығының саны 37 пайызға өскен екен. Егер де санақтың деректері рас болса, бұл – өте жоғары көрсеткіш. Қазақстан жұртшылығының санының өсуі – оралмандар есебінен болды. Тек қана соңғы он жылдың ішінде Қазақстанға 1 миллионнан астам оралман келді. Сол санның арқасында Қазақстан жұртшылығы 16 миллион 400 мыңнан асты. Егер санақ деректері дұрыс болып шықса.


Оқылым
Мәтіндерді тақырыбын, қызметін, тілдік ерекшеліктерін өзара салыстырып, өңдеп, өз көзқарасыңызды жазбаша білдіріңіз. Жазбаңызда түсіндірмелі, кезектес, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданыңыз. (10)




Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, сабақтас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданыңыз. Орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз.
[10]


  1. «Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта» тақырыбында дәлелдер келтіре отырып, эссе (аргументативті) жазыңыз.

  2. Сіз теледидардан әлем жаңалықтарын қарадыңыз. Кешкісін естіген хабарыңызды ой елегінен өткізіп ойланып отырсыз. Кейбір нәрселер сізді толғандырып, мазасыздандырды. Өз бойыңыздағы осы сезімді сипаттап жазыңыз. (10)

Балл қою кестесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет