Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 10-сынып. Қазақ әдебиетінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Қамтылатын тақырыптар: Абай Құнанбайұлы. «Сегіз аяқ».
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым».
«Лай суға май бітпес қой өткенге».
Қарасөздер.
«Масғұт» поэмасы.
Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут
Анализ және интерпретация – 15 минут
Бағалау және салыстыру- 20 минут
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері: КТБ – көп таңдауды қажет ететін сұрақтар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 11 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім- түсіну және жауап беру, екінші бөлім- анализ және интерпретация, үшіншісі-бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;
10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;
10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру