Тотығу-тотықсыздану реакциялары


Электрондық баланс әдісінің С. Дорожкин мен И.Сирота ұсынған нұсқасы



бет3/3
Дата31.10.2023
өлшемі111,49 Kb.
#120965
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Тотығу

Электрондық баланс әдісінің С. Дорожкин мен И.Сирота ұсынған нұсқасы
Оның негізгі идеясы мынада: тотықсыздандыргыштың құрамына кіретін элементтерді жай заттар ретінде қарастырады, ягни тотықсыздандырғыштың құрамына кіретін элементтердің тотығу дәрежелерін шартты түрде нөлге тең деп алады. Әрі қарай — кәдімгідей.
Мысалы:
1.Пиритті өртеу реакциясы:
FeS2 + O2 → Fe2O3 +SO2
Пиритті жай зат атомдарының қоспасы ретінде қарастырсақ:
FeS2 = Fe0 + 2S0
Бұдан әрі теңестіруді кәдімгідей жалғастыруға болады:
Тотығу: Ғе° — 3е → Ғе+34
2S0 -8е → 2S+44
Тотықсыздану: О2 + 4 ё →2О-2 │11
4Ғе° + 8S°+ 11О2→ 4Ғе+3+ 8S+4+ 22O-24
2O-2 атомдарын Ғе2О3 және SО2 молекулаларына бөліп жазып, молекулалық тендеуге көшсек:
4 FeS2 + 11O2 →2 Fe2O3 +8SO2

2. +6 0 +4 +6 +1
NH4SCN + KMnO4 + H2SO4→ MnSO4 + N2 +CO2 + K2SO4 +H2O
Тотығу: S0+6e →S+65
H0 -4e → 4H+1 │5
C0 -4e → C+4 │5
Тотықсыздану: Mn+7 +5e → Mn+2  │14
Азоттың тотығу дәрежесі өзгермейтін болғандықтан, ол электрондық балансқа қатыспайды:
5S° + 20Н° + 5С° + 14Мn+7 → 5S+6 + 20Н+1 + 5С+4 + 14Мn+2
Табылған коэффициенттерді молекулалық тендеуге апарып қойсақ:
5NH4SCN +14 KMnO4 + H2SO4→ 14MnSO4 + 5N2 +5CO2 + K2SO4 +H2O
Қалған коэффициенттерді теңдеудің екі жағында атомдар саны теңесетіндей етіп таңдаймыз:
5NH4SCN+14KMnO4+16H2SO4→14MnSO4+5N2+5CO2+ 7K2SO4 +26H2O
Электрондық баланс әдісінің кемшіліктері
1. Электрондық баланс әдісін қатты және газ фазаларында өтетін құрғақ реакцияларға қолданған орынды, себебі ерітінділерде өтетін реакциялар үшін тотығу дәрежесі үғымын қолданудың қисыны көбінесе жоқ. Мысалы, электрондық баланс әдісінде қолданатьн S+4, S+6, Мп+7 сияқты бөлшектер ерітіндіде шын мәнінде болмайды.
2. Электрондық баланс әдісі сулы ортада өтетін тотығу-тотықсыздану үрдісінде маңызды рөл атқаратын Н+, ОН- және Н2О бөлшектерінің рөлін көрсетпейді. Сондықтан сулы ерітінділерде жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру үшін иондық-электрондық әдісті (жартылай реакциялар әдісі) қолданған жөн.
3.Электрондық баланс әдісі химиялық реакцияға қатысатын барлық заттардың коэффициенттерін табатын әмбебап әдіс емес. Бірақ, қосымша ережелерде оңтайлы қолданып, барлық коэффициенттерді табуға болады.
4. Кейде кейбір заттардың құрамындағы элементтердің тотығу дәрежелерін табу қиынға соғады. Олардың қатарына кейбір бейорганикалық және көптеген органикалық заттар жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет