Бөлшек (атом, молекула) электронды бергенде оның оң тотығу дәрежесі артса, қосқанда оң тотығу дәрежесі кеміп, теріс тотығу дәрежесінің абсолюттік мәні артады
Бөлшек (атом, молекула) электронды бергенде оның оң тотығу дәрежесі артса, қосқанда оң тотығу дәрежесі кеміп, теріс тотығу дәрежесінің абсолюттік мәні артады. Элементтің электртерістілігі басым болса, оның тотықтырғыштық, ал төмен болса тотықсыздандырғыштық қасиеті жоғары болады.[1] Электрондық баланс әдісі
Электрондық баланс әдісі бастапқы реагенттер мен соңғы өнімдердің құрамындағы элементтер атомдарының тотығу дәрежелерін салыстыруға негізделген.
NH4SCN + KMnO4 + H2SO4→ MnSO4 + N2 +CO2 + K2SO4 +H2O
Тотықсыздану : Mn+7 +5e → Mn+2 | 14
Тотығу : 2N-3 -6e → N20 | 5
Тотығу : S-2 -8e → S+6 | 5
14 Mn+7 +10N-3 +5 S-2 → 14 Mn+2 +5 N20 + 6 S+65NH4SCN+14KMnO4+16H2SO4→14MnSO4+5N2+5CO2+7K2SO4 +26H2O
Электрондық баланс әдісін қолдану алгоритмі Тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен теңестіргенде әдетте мынадай алгоритмді қолданады:
1. Реакцияның толық молекулалық теңдеуін (әрине, тәжірибелік мәліметгерге сүйеніп жазылған), яғни реагенттер мен өнімдердің формулаларын жазамыз.
Мысалы:
КМnО4+Н2SО4+Nа2SО3 → МnSО4+Nа2S04+К2SО4+Н2О
2. Реакция барысында өзінің тотығу дәрежелерін өзгертіп тұрған элементтерді табамыз:
+ 1+7 -2 +1+6-2 +1 +4-2 +2 +6-2 +1 +6-2 +1+6-2 +1-2 KMnO4 + H2SO4 + Nа2SО3 → MnSO4 + Na2SO4 + K2SO4 + H2O
Мұнда марганец (II) және калий сульфаттарының қүрамындағы күкірт атомдары күкірт қышқылы молекулаларынан келеді деп есептейміз. 3.Тотығу және тотықсыздану үрдістерінің сызбанұсқаларын жеке-жеке жазамыз:
Mn+7 → Мn+2 тотықсыздану үрдісі S+4 → S+6 тотығу үрдісі
4. Элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруіне сүйене отырып, тотығу және тотықсыздану үрдістері кезінде берілген немесе қосып алынған электрондардың санын анықтаймыз:
Мn+7+ 5е → Мn+2 тотықсыздану үрдісі S+4 -2е → S+6 тотығу үрдісі
5. Тотықтырғыштың қосып алған электрондарының саны тотықсыздандырғыштың берген электрондарының саньна тең екендігін ескере отырып, электрондық баланс қүрамыз:
Mn+7 +5e → Mn+2 │2 S+4 -2е → S+6 │5
Ол үшін тотығу үрдісінің теңдеуінің әр мүшесін тотықтырғыштың қосып алған электрондар санына көбейтеміз, ал тотықсыздану үрдісінің теңдеуінің әр мүшесін тотықсыздандырғыштың беріп жіберген электрондар санына көбейтіп, реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі бөлшектерді жеке топтап жазамыз. Сонда реакцияның қысқаша иондық тендеуін аламыз:
2Мn+7+5S+4= 2Мn+2+5S+6 6. Қысқаша иондық тендеудегі әр бөлшектің алдындағы коэффициентті толық молекулалық тендеудегі сол бөлшектерге сәйкес заттардың алдына апарып қоямыз:
2КМnО4+5Nа2SО3+3H2SO4 = 2MnSO4 +5Na2SO4 + K2SO4+3H2O
7. Тотығу және тотықсыздану үрдістеріне тікелей қатынаспайтын элементтерді теңестіреміз. Ол үшін алдымен металл атомдарын, содан кейін қышқыл қалдықтарын, ең соңында сутека томдарын, оның алдында оттек атомдарын теңестірген ыңғайлы:
2КМnО4+5Nа2SО3 +3H2SO4 =2MnSO4 +5Na2SO4 + K2SO4+3H2O