Түпнұсқада келесі атауда жарияланған Reviews of National Policies for Education



Pdf көрінісі
бет3/42
Дата09.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8679
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Кәсіптік білім беру мен оқыту
Мемлекеттің  өндірісі  мен  экономикасы  тиісті  КББО  қамтамасыз  ететін  тәжірибелі 
және  білікті  еңбек  ресурстарын  қажет  етуде.  Дегенмен,  аталған  ұйымдар  өздерінің
маңызды  мияссиясын  орындай  алуы  үшін  бірқатар  мәселелерді  шешу  қажет.  Басты  сұрақ 
Қазақстанда  КББО  бітірушілерінің  біліктілігі  жоқтығында  емес,  ал  КББО  жүйесінде
оқуды  аяқтаған  мерзімге  ол  біліктіліктер  жұмыс  берушінің  сұраныстарын 
қанағаттандыру  үшін  жақсы  жағынан  сай  келе  бермейді.  Оның  үстіне,  КББО
ұйымдарының  көпшілік  студенттері  таңдаған  мамандықтар  мен  еңбек  нарығында
анағұрлым  сұранысқа  ие  мамандықтар  арасында  бірқатар  сәйкессіздіктер  бар.  Тізім 
бойынша  соңғы,  маңыздылығы  жағынан  емес:  қазақстандықтардың  пікірінше,  КББО 
жүйесінде  білім  алу  міндетті  білім  алуды  аяқтамаған,  жалпы  және  жоғары  білім  беру
жүйесіне  түсе  алмаған  жас  адамдар  үшін,  немесе  оқуды  тастап  кеткен  адамдар  үшін
дәстүрлі түрде балама жол ретінде қабылданады.
Жас  адамдардың  болашақта  жұмысқа  орналасуына  қатысты  КББО  инвестициялар
пайдалы,  оның  үстіне,  мемлекеттің  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  органдарымен 
реформаларды  жүзеге  асыру  үшін  КББО  жүйесінде  бар  көптеген  мәселелерді  шешетін 
амбициозды  жол  картасы  әзірленді.  Аталған  шаралар  КББО  бағдарламаларының  санын, 
стандарттарын  және  маңыздылығын  көбейтуге,    КББО  жүйесінің  мәртебесі  мен  беделін
көтеруге  және  инфрақұрылымды  дамытуға  бағытталған.  Бүгінгі  таңға  жүзеге  асыру
процесі  басталды,  сондай-ақ,  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  органдар  КББО  жүйесін 
мәртебесі  төмендеу  білім  беру  жүйесі  ретінде  қарастырмауды  қамтамасыз  ету  үшін
барлық  қажетті  шараларды  қамтамасыз  етуге,  сонымен  қатар,  КББО  жүйесі  ұлттық
экономиканы  дамытуға  тиісті  үлес  қосатын  жағдайда  болуына  ниетті.  Дегенмен,  КББО 
жүйесін  реформалау  бойынша  жоспарлардың  тиімділігін  арттыру  мақсатында  КББО
ұйымдары  бітірушілері  үшін  ЖОО-на  қабылдаудың  тиімді  рәсімдері,  кәсіптік 
бағдарланған  тиімді  жүйесі,  сонымен  қатар,  КББО  ұйымдарының  көптеген  дербестігінің 
болуы сияқты  бірқатар қосымша маңызды аспектілерді ендіруі тиіс.
ТҮЙІНДЕМЕ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 17
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ЭЫДҰ (2005), [Мұғалімдердің маңызы бар: Жоғары білікті мұғалімдерді тарту, дамыту және
қалдыру], Education and Training Policy, OECD Publishing.OECD Publishing (ағылшын 
тілінде).
 
ТҮЙІНДЕМЕ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
18 - 
МАЗМҰНЫ
ТАРАУ 1. ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
  
1 «Жалпы сипаттама» Тарауында осы есептің мәнмәтіні анықталған, Қазақстанның
саяси  және  демографиялық  құрылымы  туралы  жалпы  түсінікті,  тілдік  топтар,
сонымен қатар, экономикалық даму индикаторлары мен еңбек нарығының жағдайын
қамтиды.  Тарауда  ұлттық  білім  беру  жүйесіне,  сонымен  қатар,  білім  беру
реформасынан күтілетін кеңістікке сипаттама берілген, Қазақстанның халықаралық
бағалау жүйесі мәнмәтініндегі «Математикалық және жаратылыс-танулық білім
беру сапасын халықаралық   зерттеу трендтері» (TIMSS), сонымен қатар, ЭЫДҰ
Бағдарламасының оқушылардың білім жетістіктерін халықаралық бағалаудың (PISA)
нәтижелілігі көрсетілген. Соңында, бұл тарауда орта білім беру жүйесінің жағдайы
туралы ЭЫДҰ шолу жүргізуге негіздемесі баяндалған.
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 19
Мемлекеттің жалпы сипаттамасы
География
1
Қазақстан  Орталық  Азияда  орналасқан.  Жер  көлемі  жағынан  мемлекет  әлемде  9-шы
орынды  (Франция,  Германия  және  Польшаның  біріктірілген  көлемінен  екі  есеге  жуық
үлкен)  алады,  солтүстікте  -  Ресей  Федерациясымен,  батыста  -  Каспий  теңізімен,
оңтүстік-шығыста  -  ҚХР-мен,  оңтүстікте  -  Қырғызстанмен  және  Өзбекстанмен,
оңтүстік-батыста Түріменстанмен шектеседі. 
Қазақстанның  климаты  шұғыл  континентті.  Жаз  мезгілінде  температура  орташа
30  °C-ден  жоғары  көтеріліп,  қыста  -30  °C-ге  дейін  төмендейді.  Мемлекет
территориясының  төрттен  үш  бөлігін,  барлық  батыс  бөлігі  мен  оңтүстіктің  басым  бөлігін 
қосқанда,  не  шөлейт  (12%),  не  шөл  (44%)  алып  жатыр.  Қалған  бөлігі  ормансыз,  солтүстік
пен  батыста  орманмен  араласқан  даладан  тұрады.  Қазақстанның  ең  биік  нүктесі  теңіз
деңгейінен  7  010  метр  биіктікте,  Қырғызстанмен  шекарадағы  Тянь-Шань  тау  тізбегінде
орналасқан  Хан  Тәңірі  тауы  болып  табылады.  Ал,  ең  төменгі  нүктесі  (теңіз  деңгейінен 
132  метр  төмен)  Маңғыстау  облысында  Қарагие  ойпаты,  шығыс  бөлігінде  Каспий  теңізі
болып табылады.
Мемлекеттің  ертеректе  өнеркәсіп  пен  өндіріс  қызметіне  байланысты  ядерлік
сынақтар  нәтижесінде  пайда  болған,  сондай-ақ,  жер  ресурстарының  нашарлауы,  шөлге 
айналу  және  су  тапшылығы  сияқты  айтарлықтай  экологиялық  мәселелермен  ісі  болып 
отыр.
Саяси құрылым 
Қазақстан  14  облысқа  бөлінген,  ары  қарай  аудандарға  бөлінеді.  Астана  мен  Алматы 
сияқты  қалалар  ешқандай  облыстың  біріне  жатпайды.  «Байқоңыр»
2
  ғарыш  айлағы
орналасқан  Байқоңыр  қаласы  Ресей  Федерациясына  2050  жылға  дейін  жалға  берілген 
және  арнайы  мәртебесі  бар.  Әр  облыстың  басшысы  Республика  Президенті
тағайындайтын  әкім  болады.  Аудандарды  облыс  әкімі  тағайындайтын  аудан  әкімдері 
басқарады.  1997  жылы  астана  мемлекеттің  ең  үлкен  қаласы  Алматыдан,  Ақмола 
облысының солтүстігіне қарай орналасқан Астана қаласына көшірілді. 
 Сурет 1.1 Қазақстан және облыстар 
Ескерту:  Бұл  жарияланым  және  онда  ұсынылған  кез-келген  географиялық  карталар  қандай  да  бір  аумақ 
болмасын  мәртебе  немесе  тәуелсіздік,  халықаралық  шекаралар  мен  бөлу  сызықтарын  анықтау,  сонымен  қатар,
қандай  да  бір  аумақтарға,  қалаларға  және  аймақтарға  байланысты  сұрақтарына  қатысты  қасақана  емес  сипатта  берілген.
Дереккөз: Bernard Tom, Wikimedia Commons
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
20 - 
МАЗМҰНЫ
Қазақстан  1991  жылы  өзінің  егемендігін  жариялап,  1993  жылы  бірінші
Конституциясын  қабылдады.  Жаңа  Конституция  1995  жылы  қабылданған.  1995  жылғы 
Конституция 
Қазақстан 
Республикасын 
президенттік 
басқару 
нысанындағы
демократиялы,  зайырлы  және    биліктің  өзара  заң  шығарушы,  атқарушы  және  сот
тармақтарына бөлінген мемлекет ретінде сипаттайды.  
Қазақстанның  саяси  «ландшафтында»  басқарушы  «НұрОтан»  («Нұрлы  отан»  немесе
«Отанның  нұрлы  сәулесі»)  партиясы  басым  болып  отыр,  сондай-ақ,  мемлекеттегі  үлкен 
партия  болып  табылады.  Бас  оппозиция  Қазақстанның  коммунистік  партиясы,  «Ақ  жол» 
және  «Демократического  выбора  Казахстана»  партияларынан  тұратын  «За  справедливый
Казахстан»  одағын  құрайды.  Сондай-ақ,    бірнеше  басқа  кішігірім  пропрезиденттік, 
берілген  оппозиция  және  оппозиция  ретінде  сипаттауға  болатын  партиялар  бар  (Хайнрих,
 2010).
Демографиялық көрсеткіштер
Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің (ҚРСА) деректеріне сәйкес, 2011 жылы
Қазақстан халқы 16,4 миллион адамды, оның ішінде ширек бөлігі 14 жас және одан кішілерді
құрайды.  ЭЫДҰ  мемлекеттерінде  бұл  жас  ерекшелігі  тобы,  орта  есеппен  жалпы  халық
санының  19%-н  құрайды  (2011).  Сол  жылғы  жағдай  бойынша,  Қазақстан  халқы    1,4%-ға
көбейген, 
бұл 
1999-2009 
жж. 
(6,9%) 
кезеңмен 
салыстырғанда 
төмен.
2011 жылы қалалық жерлерде халықтың 54,7%-ы тұрды. Ең урбанизацияланған 
облыстар  Қарағанды  (78,2%),  Павлодар  (68,8%)  және  Ақтөбе  (61,6%)  облыстары  болып
табылады.  Ауыл  халқы  Алматы  (76,7%),  Солтүстік  Қазақстан  (59%),  Жамбыл  (60%),  және
Қызылорда (57,6%) облыстарына шоғырланған.
Кесте  1.1  көрсеткендей,  халықтың  ең  тығыз  орналасқан  облысы  Оңтүстік  Қазақстан
(мемлекеттегі  жалпы  халық  санынан  15,1%),  одан  кейін  Алматы  (11,3%)  және  Шығыс
Қазақстан  (8,7%)  облыстары  болып  табылады.  Ішкі  миграцияның  қарқыны  өте  үлкен.
Мемлекет  астанасы  -  Астана  қаласына,  халықтың  ең  көп  келуі  байқалады,  1999  жылдан
бастап  (86,7%),  ал,  халық  ең  аз  шоғырланған  Солтүстік  Қазақстан  облысы  17,8% 
тұрғындарын  басқа  анағұрлым  тартымды  облыстардың  пайдасына  жоғалтқан.  Шығыс 
Қазақстан,  Қостанай,  Қарағанды,  Солтүстік  Қазақстан,  Ақмола  және  Павлодар
облыстарында 1999 жылдан 2009 жылға дейін тұрғындардың төмендеуі орын алған. Ең аз
тығыз  орналасқан  облыстар  мемлекеттің  батысындағы  Маңғыстау  және  Атырау
облыстары болып табылады.
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 21
Кесте 1.1 Облыстар бойынша халық саны, 1999 және 2009 жж.
Облыстардың 
аталуы
Халық 
саны, 1999 
ж. мың адам
Халық 
саны, 1999 
ж. барлық 
халық 
санынан %  
Халық 
саны, 2009 
ж. мың 
адам
Халық 
саны, 2009 
ж. барлық 
халық 
санынан %
өсу (+),
қысқару(-)
Мың 
адам.

өзгерістер 
(салыстыру 
жылы - 
1999)
Қазақстан 
Республикасы
14 981,3
100,0
16 009,5
100,0
1 028,2
9,3
Ақмола
827,3
5,5
737,5
4,6
-89,8
-10,8
Ақтөбе
682,6
4,6
757,8
4,7
75,2
11,0
Алматы
1 557,3
10,4
1807,9
11,3
250,6
16,0
Атырау
440,3
2,9
510,4
3,2
70,1
15,9
Батыс Қазақстан
616,8
4,1
598,9
3,7
-17,9
-2,9
Жамбыл
988,8
6,6
1 022,1
6,4
33,3
3,4
Қарағанды
1 410,2
9,4
1 341,7
8,3
-68,5
-4,8
Қостанай
1 017,1
6,8
885,5
5,5
-131,6
-12,9
Қызылорда
625,0
4,2
678,8
4,2
53,8
8,6
Маңғыстау
314,7
2,1
485,4
3,0
170,7
54,2
Оңтүстік Қазақстан
1 978,3
13,2
2 469,3
15,4
491,0
24,8
Павлодар
807,0
5,4
742,4
4,6
-64,6
-8,0
Солтүстік Қазақстан 
726,0
4,8
596,5
3,7
-129,5
-17,8
Шығыс Қазақстан
1 531,0
10,2
1 396,5
8,7
-134,5
-8,8
Астана қ.
328,3
2,2
613,0
3,8
284,7
86,7
Алматы қ.
1 130,6
7,5
1 365,6
8,5
235,0
20,7
Дереккөз: Қазақстан Республикасы статистика Агенттігі (ҚРСА).
Қазақстан  2011  ж.  БҰҰ  даму  Бағдарламасының  (БҰҰДБ)  адам  әлеуетін  дамыту
индексі  (АӘДИ)  бойынша  187  мемлекеттің  ішінде  68  орын  алды  -  «ұзақ  және  салауатты
өмір,  білімге  қолжетімділік  және  лайықты  өмір  сүру  жағдайы»  сияқты  өлшемдерді 
ұзақмерзімді  ілгерілетудің  қорытынды  өлшемі.  АӘДИ  0,750  (2011)  көлемімен  Қазақстан 
дамуы жоғары деңгейдегі мемлекет ретінде жіктеледі.
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
22 - 
МАЗМҰНЫ
Кесте 1.2 Қазақстанның АӘДИ трендтері
Туылған кездегі 
жобаланған өмір сүру 
ұзақтығы 
Мектепте оқытуға 
жобаланған жыл 
саны 
Мектепте оқытудың 
орташа жыл саны 
Халықтың 
жан басына 
шаққандағы ПІН 
(2005 ж., САМП 
АҚШ долл.)
АӘДИ 
мәні
1980
65,0
11,6
6,1
..
..
1985
66,9
11,6
7,0
..
..
1990
66,7
12,4
7,7
..
..
1995
63,9
11,9
8,8
4,462
0,642
2000
63,5
12,3
9,9
5,039
0,663
2005
65,2
14,9
10,2
7,880
0,721
2010
66,7
15
10,4
9,569
0,744
2011
67,0
15,3
10,4
9,920
0,750
Дереккөз: БҰҰДБ, 2013
Дегенмен,  өмір  сүрудің  орташа  ұзақтығы  кіріс  деңгейі  ұқсас  мемлекеттермен
салыстырғанда  бұрынғыдай  төмен  деңгейде  қалып  отыр,  сондай-ақ,  соңғы  онжылдық
бойы  байқалған  жақсартуларға  қарамай,  ана  мен  бала  өлiм-жiтiмiнiң  және  5  жасқа  дейінгі
балалар  өлiм-жiтiмiнiң  көрсеткіштері  әлі  де  өте  жоғары.  Қазақстан  әлі  денсаулық  сақтау
саласындағы  мыңжылдықтың  даму  мақсаттарына  қол  жеткізген  жоқ,  дегенмен  мұны  2015
 жылы орындауға ниетті (Дүниежүзілік банк, 2012).
Тілдік, этникалық және діндік әр түрлілік
Қазақстандық  қоғамның  мәдени  және  этникалық  аспектілері  өте  әр  түрлі.  Бұл  әр
түрлілік  кейбір  тарихи  себептерге,  сонымен  қатар,  оның  ішінде  үкімет  жүзеге  асыратын
түрлі  этникалық  топтарды  тарту  мен  қалдыру  және  олардың  ұлттық  экономикаға  қосатын
үлесін  арттыру  мақсатындағы  мультимәдениеттілік  саласындағы  проактивті  саясатқа
байланысты.  Бұл  мемлекеттік  басқару  аясында  жүргізілген  көші-қон  және  азаматтық
саласындағы  саясаты  Қазақстанға  «Сингапур  даласы»  деп  атауға  себеп  болды  (Хайнрих,
 2010).
Соңғы  халық  санағына  сәйкес  (2009  ж.)  Қазақстан  халқының  63,1%-ы  этникалық
қазақтар,  23,7%  -  орыстар,  2,9%  -  өзбектер,  2,1%  -  украиндар,  1,4%  -  ұйғырлар,  1,3%  -
татарлар,  1,1%  -  немістер  және  4,4%-ы  өздерін  басқа  кішігірім  ұлттарға  жатады.
Қазақстан  халқының  басым  бөлігі  ислам  дінін  ұстанады:  республика  азаматтарының 
70,2%-ы  өздерін  мұсылман  санайды,  ширек  бөлігі  (26,3%)  христиандықты  мойындайды,
3,5%-ы  басқа  діндерді  немесе  ешқандай  дінді  ұстанбайтындығын  көрсетеді.  Басқа
мемлекеттің азаматтығы бар адамдар тек 0,4% болды.
Ресми  мемлекеттік  тіл  мәртебесі  бар  қазақ  тілінде  халықтың  үштен  бір  бөлігі
сөйлеседі.  Екінші  ресми  тіл  -  орыс  тілі,  оны  95%  халық  меңгерген,  сондықтан  оны 
«ұлтаралық қарым-қатынас тілі» деп атайды.
2009  ж.  халық  санағына  сәйкес  қазақ  тілін  74%  халық  түсінеді,  бірақ  62%-ы  ғана
еркін жазып, оқи алады. Халықтың 95%-ға жуығы орыс тілін сөйлесу деңгейінде түсінеді, 
оны  88,2%  еркін  оқиды  және  84,8%  еркін  жаза  алады.  Ағылшын  тілін  15,4%  халық
түсінеді,  ал тек 10,2%-ы ғана  еркін оқып, жаза алады. Ұлттық біркелкілікті дамыту және
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 23
қазақ  тілін  негізгі  қарым-қатынас  тілі  ретінде  растау  мақсатында  2008  жылдан  бастап
қазақ  тілінде  білім  беретін  мектептердің  саны  артуда.  Қазақ  тілі  оқыту  тілі  ретінде  өсіп 
отырған  мектеп  сандарында  орыс  тілін  алмастырады.  2011  ж.  жағдай  бойынша,
мемлекеттегі барлық оқушылардың үштен бір бөлігіне жуығы қазақ тілінде білім алған. 
Экономикалық даму көрсеткіштері 
Кеңес  Одағы  кезеңінде  қазақстандық  экономика  ресейлік  экономикамен  тығыз 
байланыста болды. 1991 ж. Кеңес Одағының ыдырауы 1990-шы жж. бойы созылған күшті
экономикалық  құлдырауға  алып  келді.  Халықтың  жан  басына  шаққандағы  ЖІӨ  1990  ж. 
1647  АҚШ  долларынан  2000  ж.  1229  АҚШ  долларына  төмендеген.  2002  жылға  қарай, 
мұнай  шығару  бойынша  жаңа  қызмет  ұлттық  кірістің  артуына,  жалпы  экономикалық 
тиімділіктің  едәуір  артуына  және  жылдам  өсу  тенденциясын  қолдауға  мүмкіндік  берді. 
Қазақстанға  2008-2009  жж.  экономикалық  дағдарыстың  нәтижесінде  үлкен  зиян
келтірілді,  дегенмен,  2011  жылы  мемлекеттің  ЖІӨ  өсуі  7,5%  құрады.  2011  жылғы  жағдай 
бойынша  жан  басына  шаққандағы  ЖІӨ  11  357  АҚШ  долларын  құрады.  Қазақстан 
экономикасы орташадан жоғары кіріс деңгейлі топқа жатады.
Сурет 1.2 Жан басына шаққандағы ЖІӨ және Қазақстандағы 1990 жылдан 2011 жылға дейінгі ЖІӨ 
өсуі 
Дереккөз: Дүниежүзілік даму көрсеткіштері, Дүниежүзілік банк. 
Мемлекетте  2000  жылдан  бастап  жүргізілген  кең  көлемді  жекешелендіруге
қарамастан,  экономика  әлсіз  әртараптандырылған  болып  отыр,  оның  үстіне, 
экономикалық  қызмет  пен  инвестициялар  өндіруші  салаға  шоғырланған.  2009  жылы 
өндіруші  саланың  өнімін  шығару  Қазақстанның  экспорт  көлемінің  65%-н  құрады,
сондай-ақ,  70%  тікелей  шетелдік  инвестициялар  тартылған  (ЭЫДҰ,  2011).  Көптеген 
шикізаттық  емес  секторлар  бүгінгі  күнге  дейін  айтарлықтай  нәтижелі  емес  және  бәсекеге 
толық  қабілетті  емес  болып  отыр.  2008-2009  жылдардағы  дағдарыс,  сондай-ақ,  шикізат 
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
24 - 
МАЗМҰНЫ
бағасының 
ауытқуына 
қатысты 
экономиканың 
осал 
тұсын 
анықтады
(Дүниежүзілік  банк,  2012).  Қазіргі  таңда  өкімет  даму  агенттіктерін,  ғылыми-зерттеу
орталықтарын,  технологиялық  және  ғылыми  парктерді  құру  жолымен,  сонымен  қатар,
туризм,  жеңіл  өнеркәсіп,  ауыл  шаруашылығы,  тамақ  өндірісі  мен  минералды  ресурстар 
салаларындағы  кластерді  дамыту  арқылы  әртараптардыруды  ынталандыруға  көп  күш
жұмсауда  (ЭЫДҰ,  2011).  2010  жылы  өкімет  негізгі  стратегиялық  мақсат  ретінде  және 
Президенттің  жарлығына  сәйкес  әртараптандырылған  басымдықтарды  белгілеп,
экономиканың жедел әртараптануын анықтады (Қазақстан Республикасы, 2010). 
Жалпы  нарық  пен  экономикалық  кеңістік  құру  жолымен  сауданы  ынталандыру
мақсатында  2010  жылы  Қазақстан  Ресеймен  және  Белорусь  Республикасымен  бірігіп
Кедендік  одақ  құрды.  Сондай-ақ  Үкімет  Бүкіләлемдік  сауда  ұйымына  (БСҰ)  кіру
бойынша  және  ЭЫДҰ-мен  тығыз  серіктестікте  болашақта  мүшелік  алу  мақсатында  іс-
шараларды жүзеге асыруда.
Аймақтар мен қалалар шегінде ұлттық байлықты теңдей бөлу 
Қазақстан  Республикасының  Джини  индексі  -  қоғамдағы  табыстың  теңдей
бөлінбеуінің  статистикалық  көрсеткіші,  халықтың  түрлі  топтарының  жалақы  өрісі  0-ден
(абсолютті  теңдік)  1-ге  дейін  (максималды  теңсіздік),  соңғы  онжылдық  бойы  2001  жылы
0,41-ден  2009  жылы  0,29-ға  дейін  тұрақты  төмендеу  тенденциясы  бар.  Кедейлік  деңгейі
(кедейлік  шегінде  өмір  сүретін  халықтың  үлесі)  2011  жылы  5,3%-ға  дейін  төмендеді.
Дегенмен,  қала  және  ауыл  халқының  арасында  үлкен  алшақтық  сақталып  отыр.  Қала
халқымен  салыстырғанда,  ауылдық  жерлердегі  кедейлік  шегінде  өмір  сүретін  халық
(күніне 2,3 АҚШ доллары) екі есеге артық (Дүниежүзілік банк, 2012).
Жұмыспен  қамту  және  жұмыссыздық  (ересектер  тұрғындар  мен  жастар  шегінде)
2011  жылы  15  жас  және  одан  жоғары  жұмыспен  қамтылған  тұрғындардың  деңгейі
72%;  бұл  өсім,  жалпы  алғанда,  2000  жылдан  бері  өзгеріссіз  болып  келеді.  Еңбек 
қорларының  құрамындағы  ерлердің  үлесі  77%  (орта  есеппен,  ЭЫДҰ  мемлекеттерінің
арасында  79%)  құрады,  ал    әйелдердің  үлісі  -  67%  (орта  есеппен,  ЭЫДҰ  мемлекеттерінің 
арасында  62%).  2004  жылғы  Дүниежүзілік  банктің  деректері  бойынша  (деректері  бар
соңғы  жыл)  50%  жұмыс  күшінің  жоғары  білім  туралы  дипломы  (55%  әйелдер  және  46%
ерлер)  болған.  Бұл  -  орта  есеппен,  ЭЫДҰ  мемлекеттерімен  (30%)  және  Еуропалық  одақ
мемлекеттерімен  (28%)  салыстырғанда  әлдеқайда  үлкен  үлес  (ЭЫДҰ,  2012a).  Жас
ерекшелігінің  тәуелділік  коэффициенті  («age  dependency  ratio»),  яғни,  жұмыс  істемейтін 
тұлғалардың  жұмыспен  қамтылғандар  санына  қатынасы  46%  құрайды,  бұл  ЭЫДҰ  мен
ЕО мемлекеттеріндегі орташа тәуелді тұлғалардың үлесінен шамамен 5%-ға төмен.
Жұмыссыздық 
статистикасындағы 
трендтерде 
Қазақстанның 
жұмыссыздық
деңгейінің  2000  жылғы  12,8%-дан  2011  жылы  5,4%-ға,  деректері  бар  соңғы  жылғы
жағдай  бойынша  табысты  төмендегені  туралы  айтады  (Әлемдік  даму  көрсеткіштері
деректерінің  базасы  және  ҚРСА  деректері).  Жұмыссыздық  деңгейінің  қысқаруы  жастар
үшін  әлдеқайда  сенімді  болды:  2002  жылғы  17,3%-дан  2011  жылы  5,4%.  Бұл  сандар 
Қазақстанның  еңбек  нарығындағы  жас  бітірушілердің  ықпалдасуында  табысты 
екендігінің белгісі болып табылады. 
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 25
Сурет 1.3 Гендерлік белгі шегінде, жалпы және жастар арасындағы жұмыссыздық 
мәнмәтініндегі трендтер
Дереккөз: Дүниежүзілік даму көрсеткіштері, Дүниежүзілік банк. 
Жұмыспен  қамтылған  еңбек  қорларының  басым  бөлігі  қызмет  көрсету  саласында
(2011  ж.  55%)  және  1/5  бөлікке  жуығы  өндірістік  секторда    жұмыс  істейді.  Ауыл
шаруашылығы  ЖІӨ-нің  5%  ғана  құрағанына  қарамастан,  бұл  сектор  бұрынғыдай  жұмыс
істейтін  тұрғындардың  қомақты  үлесін  жұмыспен  қамтамасыз  етіп  отыр:  2011  ж.  -  27%,
2003 ж. 35%-бен салыстырғанда төмен (Дүниежүзілік банк, 2012).
Орталық  Азия  аймағындағы  басқа  мемлекеттерден  айырмашылығы  Қазақстан  көші-
қон  нәтижесінде  жұмыс  күшін  жоғалтпайды.  2008-2012  жж.  мерзімінде  «таза  көші-қон»
(яғни,  эмигранттар  санынан  иммигранттарды  алғандағы  жалпы  саны)  көлемі  6  990
адамды  құрады.  Бұл  оң  көрсеткіш  көптеген  көрші  мемлекеттерде  байқалатын
трендтерден  ерекшеленеді.  Өзбекстан  экономикалық  көші-қонға  байланысты  518  486
адамды,  Тәжікстан  -  296  075  адамды,  ал  бұл  мезгілде  Түркіменстан  54  499  адамды
жоғалтты.  Қазақстаннан  2011  жылы  кеткен  32  902  адамның  көпшілігі  (29  832)  Ресей
Федерациясына  көшіп  кетті.  Сол  жылы  Қазақстанға  келген  38004  иммигранттың
көпшілігі  Өзбекстаннан,  ары  қарай  Ресей  Федерациясы  мен  Қырғызстаннан  болды  (ҚРСА
 деректері, 2012).
Қазақстандағы білім беру
Білім беру жүйесінің құрылымы мен ұйымдастырылуы
 3
Қазақстанның  білім  беру  жүйесі  мектепке  дейінгі  білім  беруді,  бастауыш,  жалпы
орта,  толық    (жалпы,  техникалық  және  кәсіптік)  орта  білімді,  сонымен  қатар,  ортадан 
кейінгі  және  үштік  білімді  қамтиды  (Сурет  1.4).  ҚР  Конституциясы  мен  «Білім  туралы»
Заңына  сәйкес  мектепке  дейінгі,  негізгі  орта  және    толық  орта  білім  беру  міндетті  болып
табылады және тегін ұсынылады.
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет