«Тұран» Университі


Т.Гоббстың гносеологиясы (таным iлiмi)



бет64/171
Дата21.10.2022
өлшемі2,56 Mb.
#44551
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   171
Т.Гоббстың гносеологиясы (таным iлiмi) тәжiрибелiк тұжырымынан шығады. “Алғашында түйсiкте толығынан, я болмаса жартылай болмаған, ұғымда да жоқ² деген сенсуализм қағидасын Т.Гоббс толығынан мойындайды. Бiрақ, ғылыми ұғымдарды жасау үшiн сезiмдiк саты, деректердi бiлу жеткiлiксiз. өйткенi, ғылыми ұғымдар ең жалпылық, қажеттiлiк деңгейiне көтерiлуi керек. Т.Гоббстың ойынша, ондай дәрежеге математика ғылымы ғана көтерiле алады. Р.Декарттың “туа бiткен идеяларына² қарсы шығып, ол оның қайнар көзiн тiлдiң сөздерiнен iздейдi. Оның ойынша, ойлау тiлмен тең. Сөздер арқылы бiз iшкi ойымызды сыртқа шығарып, басқа адамдарға жеткiзе аламыз. Сонымен, Т.Гоббс тiлдi белгi тұжырымдамасының шеңберiнде түсiнедi. Қайсыбiр сөз - ол затқа қойылған ат (nomina) қана. Ол әр-түрлi мағнаны көрсетуi мүмкiн. Мұндай жағдайда адамдар бiр-бiрiмен түсiнiсе алмайды. Ал адамдар белгiлi бiр келiсiмге келiп сол қойылған атқа, таңбаға нақтылы мазмұн беретiн болса, сонда ғана ол белгiге айналып, соның негiзiнде адамдар бiр-бiрiмен түсiнiсе алады. “Адамның ақыл-ойының сәулесi - ол көпмағналықтан тазартылған, нақтылы анықтамасы бар сөздер²,- дейдi ұлы ойшыл.
Т.Гоббс “Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн²,- деген Р.Декарттың принципiн өзiнiң танымдық iлiмiнiң тұрғысынан қатты сынға алады. “Мен ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн² деген қағида бiздi ойлана алатын дене бар екенiн мойындауға әкеледi. Ал Р.Декарттың ойлайтын адам ойлауға тең деген пiкiрiн “серуендеп жүрген адам серуен деген тұжырымға тең²,- деп материалистiк тұрғыдан қатты соққыға жығады.
Т.Гоббс таным әдiстемелерi жөнiнде де ерекше пiкiр айтады. Индуктивтi және дедуктивтi әдiстемелердi бiр-бiрiне қарсы қоймай, олардың екеуiн де ғылыми зерттеулерде кең түрде қолдану қажет. Бiрақ, индуктивтi метод табиғатты зерттегенде басымырақ қолданса, математика саласында және этика мен саясатты зерттегенде дедуктивтi әдiстеме басым болуы қажет деген пiкiр айтады.
Адам мәселесi

Р.Декарттың “Адам-машина² деген көзқарасын әрi қарай жалғастырып, Т.Гоббс адам да дене ретiнде күрделi механизм дедi. Өмiр- бөлшектердiң әр-түрлi қозғалыстары², “жүрек -пружина, жүйке-жiптер, адамның аяқ-қолдары- машинаның дөңгелектерi сияқты бүкiл денеге қозғалыс бередi² т.с.с. Егер Р.Декарт адамның денелiк емес жан-дүниесiн мойындаса, Т.Гоббс психиканың өзiн механистiк тұрғыдан түсiндiргiсi келдi.
Адамның моральдық қасиеттерiн ойшыл оның табиғаты арқылы түсiндiредi. Бұл жағынан келгенде оның көзқарасы Н.Макиавеллиге өте жақын. Адам табиғаты өзiмшiлдiкке негiзделген. “Адамдар өз табиғаты бойынша қомағай, тойымсыз, қорқақ, долы т.с.с. жануарлыққа толы², ал қоғамдық пенде ретiнде олар “пайда мен мансап² iздейдi, тек өздерiн ғана сүйедi,- дейдi ұлы ойшыл.
Т.Гоббс адамдардың өзiмшiлдiгiнен шығатын мудделерi мен мақсаттарына көп көңiл бөледi. Қоғам өмiрiнде әр-түрлi мүдделер бiр-бiрiмен соқтығысып құқ ғылымының әдiлдiкке негiзделуiне жол бермейдi, заңдар бұрмаланады т.с.с. “Егер геометрия қағидаларының адамдардың мүдделерiне қатысы болса, онда ол кiтаптарды адамдар жағып жiберер едi²,- деген нақыл сөз осы кiсiнiкi. Сондықтан, моральдық құндылықтардың негiзiнде мүддеден шығатын пайдалық жатыр. Жақсылық пен жамандық, игiлiк пен залымдық дегендерiмiз не?,- деген сұраққа “жақсылық, игiлiк деген сөздермен бiзге ұнайтын, пайдасы бар нәрселердi айтамыз, ал залымдық деп оған қарама-қарсы жатқан нәрселердi көрсетемiз. Мұндай мораль саласындағы көзқарасты бiз утилитаризм деймiз (utilitas,-латын сөзi,-пайда).
Әрине, адам мәселесiн талдағанда, ерiктiк мәселесiн аттап өте алмаймыз. Т.Гоббс ерiк тек қана адамның ақуалынан ғана шығып қоятын құбылыс емес деген тұжырымға келедi. Ерiктiк дегенiмiз барлық дүниедегi нәрселерге тән. Мысалы, ыдыс сынса, iшiндегi су ерiктiк алады. Дегенмен, адамның ерiктiгi өте қиын шаруа, өйткенi, ол жаңғыз емес, өмiр жолында мыңдаған басқа адамдармен қарым-қатынасқа түседi. Сондықтан, бiр жағынан, ерiктi болса, екiншi жағынан, қоғамдық қажеттiктен аттап өте алмайды. Олай болса, олар бiр-бiрiн толықтырады. “өзендегi судың ағысы ерiктi де қажеттi, өйткенi ол арнасынан шығып кете алмайды². Адам да сол сияқты деп қорытады ұұлы ойшыл.
Мемлекет пен қоғам мәселелерi

Сонау көне заманнан берi қоғам мен мемлекет мәселелерiне келген кезде ойшылдар оны негiзiнен екi қарама-қарсы тұрғыдан қарады. Бiреулер қоғамдық пен мемлекеттiлiктiң басымдылығын (мысалы,Аристотель, кеңес заманындағы идеология), екiншiлер,-жеке адамның мемлекет пен қоғам алдындағы бiрiншiлiгiн (атомистер, қазiргi өтпелi дәуiрдегi кебiр реформаторлар) көрсеттi. Бұл аталған екi бағыттың қайсысына Т.Гоббсты жатқызамыз? Әрине, екiншi бағытқа, өйткенi, ол өзiнiң iлiмiнде мемлекеттiлiктi адамның өзiмшiл табиғатынан шығарады. Әрбiр адам ең алдымен өз мүддесiн алға қояды, олай болса, жалқылық, жекелiк - бiрiншi, ал қоғамдық, мемлекеттiлiк - екiншi орында.
Т.Гоббстың ойынша, әр халық өзiнiң тарихында екi сатыдан өтедi. Олар - мемлекеттiкке дейiнгi табиғи (status naturalis) және мемлекеттiк (status civilis) саты.
Алғашқы табиғи сатыда мемлекет те, жеке меншiк те, мораль да әлi жоқ, тек қана адамдардың табиғи құқы бар. Ол адамның керек қылатын нәрселерiнiң бәрiне деген құқы. Өзiнiң өмiрiн сақтап қалу жолында адам қандай iс-әрекет жасаса да шектелген жоқ. Сондықтан, мұндай жағдайда әр адам өмiрге керек құндылықтарды өзiне тартқаннан кейiн “бәрiнiң бәрiне қарсы соғысы² (bella omnia contra omnies) басталады. Адамдар бiр-бiрiне қасқыр сияқты (homo homini lupus est) болады. Мұндай жағдайда адамдардың өзiн-өздерi құртуының қаупы туып, табиғи жағдайдан азаматтық мемлекеттiк деңгейге көшу қажеттiгi пайда болады.
Сондықтан, адамдар өздерiнiң кейбiр құқықтарынан ерiктi түрде бас тартып, оларды күштi орталандырылған билiкке бередi. Сонымен, қоғамдық осындай шарттың негiзiнде,- мемлекет дүниеге келедi.
Т.Гоббстың ойынша, қоғамдық шартқа өту тiлсiз болмас едi. “Тiлсiз адамдарда мемлекет, қоғам, шарт, бейбiтшiлiк те болмас едi²
Адамдардың мемлекеттiкке өтуiнде олардың табиғатында бар заң (lex naturalis) үлкен рөл атқарады. Ол заң - “өзiңе тiлемейтiндi басқаға да жасама². Оны бiз моральдың “алтын ережесi² деймiз.
Екiншiден, әрбiр адам өлiмнен қорқады, сондықтан ол бейбiт өмiрдiң қажеттiгiн сезiнедi, ал мұның бәрi оны мемлекеттiлiкке қарай итермелейдi.
Мемлекетке шарттық негiзде өз еркiмен берiлген адамдардың құқтары ендi қайтып алынбайды. Адамдар мемлекет заңдарын бұлжытпай орындаулары қажет. Сонымен қатар, Т.Гоббс құқ пен заңның арасындағы айырмашылықты анық байқаған адам. Бiр жағынан алғанда, мемлекетте заңдылық, тәртiп болуы керек. Екiншi жағынан, заңдар мөлшерден шығып барлық қоғамдағы қарым-қатынастарды ретке келтiруге тырысса - онда адамдардың белсендiлiгiне нұсқан келедi. Бұл жерде Т.Гоббс тоталитаризмнiң болуын болжаған секiлдi. Сондықтан, заңдар ақыл-ой елегiнен өткен қажеттi қатынастарды ғана ретке келтiруi тиiс.
Әрине, мемлекеттiң дуниеге келу мәселесi - өте күрделi құбылыс. Ол жөнiнде әр-түрлi болжамдар бар. Т.Гоббстың жасаған “конвенционалдық² (шарттық) тұжырымы, әрине, бұл мәселенiң мәндi бiр жағын ғана көрсетедi. Осы тұрғыдан алғанда, қайсыбiр мемлекеттi шарттық негiзiнде өмiр сүредi деп әбден айтуға болады. Бiздiң жас мемлекет те өзiнiң екiншi “Ата заңын² (Конституциясын) 1995 ж. Бүкiлхалықтық референдумда қабылдаған болатын. Ал мұның өзiн белгiлi шарт деп айтуға, әрине, болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет