Транскрипция процесінің ферментативтік аппараты. Транскрипция буыны. Транскриптон



бет2/4
Дата06.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#72026
1   2   3   4
Байланысты:
кіріспе

РНК- полимераза прокариоттық және эукариоттық ағзалардың бәрінде табылған. Ішек таяқшасынан (E. coli) бөлініп алынған РНҚ-полимераза тереңірек зерттелген. Прокариоттық РНК- полимераза – жалпы молекулалық салмағы 480000 жуық күрделі ақуыздық кешен, бес түрлі ақуыздардың суббірліктерінен: екі α, β β' және δ фактордан тұрады.

Кор-фермент немесе негізгі фермент РНҚ тізбегін синтездейді, 5 протомерден (β, β`, ω және 2 α суббірліктерінен) тұрады; Көмекші суббірлік σ - промоторды таниды және полимеразаның онымен байланысуына көмектеседі, содан кейін ол бірден бөлінеді.

σ – суббірлік РНҚ полимеразаның транскрипция басталатын ДНҚ арнайы учаскесін – промоторды тану (транскрипцияның инициациясы) үшін керек. σ – суббірліктің core-фермент кешенімен байланысуынан РНҚ-полимеразаның холензимі түзіледі.


РНҚ- ПОЛИМЕРАЗАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ:

Бұл ферменттің негізгі мақсаты матрицалықтізбек негізінде полинуклеотидтер тізбегін синтездеу болып табылады. Бұл тапсырманы орындау үшін РНҚ полимераза бірқатар функцияларды орындайды, соның ішінде:


РНҚ- ПОЛИМЕРАЗАНЫҢ ТРАНСКРИПЦИЯДАҒЫ РӨЛІ
промоторді тану;
комплементарлы принцип бойынша тізбектегі нуклеотидтерді іріктеу;
нуклеотидтер арасындағы фосфодиэфирлік байланыстың тұйықталуы;
ДНҚ қос тізбегін ашу және қос спиралды кесу; синтезделген тізбектегі қателерді жою.

ЭУКАРИОТТЫҚ ЖАСУШАЛАРДЫҢ РНҚ СИНТЕЗДЕЙТІН ФЕРМЕНТТЕРІ


Эукариот жасушаларында үш түрлі РНҚ –полимеразалар (I,II,III) кездеседі. Олардың құрылыстары күрделі, құрамдарында 10-15 суббірліктері болуы мүмкін.
  • РНҚ –полимераза І ядрошықта орналасады, рибосоманың құрылымына кіретін рРНҚ-ның бастапқы түрлерін: 18 S, 28 S, 5,8 S РНК транскрипциялайды.
  • РНҚ –полимераза ІІ ядро шырынында болады, пре –мРНҚ немесе матрицалық РНҚ синтездейді.
  • РНК –полимераза ІІІ ядро шырынында болады, пре – тРНҚ гендерін, 5S рРНҚ гендерін және басқа гя РНҚ-ларды транскрипциялайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет