ТӨРТ САТЫЛЫ БЕРІЛІС ҚОРАБЫНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ.
Үйлестіргіштің 15 муфтасының 20 тісті дөңгелегі 5 мен артқы жүрістің тісті дөңгелектерінің орындарын жылжытып ауыстыру арқылы, әртүрлі беріліс санындағы бес беріліске қосуға болады, төрт беріліс алдыға, бір беріліс кері қарай автомобильді жүгізуге арналған. Беріліс саны: бірінші берілісте – 6,55, екінші – 3,09, үшінші – 1,71, төртінші – 2,0, артқа жүріс берілісінде- 7,77 болады.
Берілісті ауыстыру рычагын 1, жылжымадағы пазаның 26 орындарында ашамен тісті дөңгелектерді қозғалту арқылы жүргізіледі.
Бірінші беріліске қосу кезінде, ашамен 6 тісті дөңгелекті жетекші біліктің шлицасымен жылжыту арқылы аралық біліктің тісті шестернясымен 5 бірігіп, айналады. Бұрылу моменті тістегеріш 23 пен дөңгелектің 18 тұрақты қосылу арқылы аралық білікке беріліп, бірінші берілістің тістегеріш 11 мен тісті дөңгелегі 5 арқылы жетекші білікке беріледі.
Екінші берілісті қосу кезінде, тісті дөңгелек жетекші біліктің шлицасымен жылжуы арқылы екінші берілістің тісті дөңгелек 5 тәжісінің сыртына ілінісіп, дөңгелек 4 жетекші білікке қатты жалғанып, оған тістегеріш 16 арқылы бұрылу моменті беріледі.
Үшінші берілісті қосу кезінде, синхронизатор 25 муфтасын 20 үшінші берілістің шестернясының 3 тісті тәжісімен ілінісуіне дейін жылжытады. Бұрылу моменті тістегеріш 23 пен тісті дөңгелек 18, 17, тістегеріш 3 пен үйлестіргіш 25 арқылы жетекші білікке беріледі.
Төртінші берілісті қосу кезінде, үйлестіргіштің муфтасын 20 жетекші біліктің тістегерішінің 23 тісті тәжісімен ілініске дейін жылжытады. Жетекші білік пен жетектегі білік үйлестіргіш арқылы тұрақты іліністе болып, бұрылу моменті жетекші біліктен жетектегі білікке беріледі.
Автомобильді кері қарай жүру берілісіне қосу кезінде, артқа жүру берілісінің тісті дөңгелектер тобын жылжыту керек. Бұл кезде тісті дөңгелек 13 аралық біліктің тістегерішпен 11, ал тістітегеріш 14 жетекші біліктің тісті дөңгелегімен 5 ілініседі. Бұрылу моменті тістітегеріш 23 мен тісті дөңгелек 18 арқылы аралық білікке беріліп, сонан соң тістітегеріш 11 арқылы артқа жүру берілісінің тісті дөңгелектер 13 тобының тісті дөңгелегіне, одан кейін тістітегеріш 14 арқылы жетекші біліктің тісті дөңгелегіне беріледі. Қосымша ілініске қосылған артқа жүру берілісінің тісті дөңгелектер тобының дөңгелектері арқылы жетекші білік пен жетектегі білік қарама- қарсы айналып, автомобиль кейін қарай қозғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |