Трансмиссияның негізгі түрлері. Бір дискілі сығылмалы серііппелі ілініс



бет8/13
Дата20.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#24133
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
КӨПСАТЫЛЫ БЕРІЛІС ҚОРАБЫ.

КамАЗ-5511, -4540, ЗИЛ -4331 тіркемелер тіркейтін автомобильдерде сегіз - он сатылы беріліс қорабы қолданылады. Мұндай беріліс қорабы екі негізгі бөліктен – төрт – бессатылы беріліс қорабы мен тісті редуктордан – беріліс бөлгішінен тұрады.

КамАЗ- 5511 автомобильінде механикалы онсатылы беріліс қорабынан, үшбілікті бессатылы беріліс қорабы мен екібілікті беріліс бөлгішінен тұрады. Мұндай беріліс қорабы, автопоезд құрамында жұмыс істейтін барлық КамАЗ автомобильдерінде қолданады. Тіркемесіз жұмыс істейтін автомобильдерде бессатылы беріліс қорабы орнатылады.

Бессатылы беріліс қорабы: картерден, жетекші және жетектегі біліктен, тісті дөңгелекті аралық білікте, беріліс қорабын қосу механизмінен тұрады.

Жетекші білік тістегерішімен біртұтас болып, екі ішпекке орнатылады. Алдыңғы аунақшалы ішпек бөлгіштің жетекші білігінің ұясына, артқы шарикті ішпек – беріліс қорабының картерінің алдыңғы керегесіне орнатылған.

Жетекші біліктің тістегеріші аралық біліктің тісті дөңгелегімен тұрақты іліністе болады. Тістегеріштің конусты сырты мен ішкі жағынан тісті тәжісі бар, оған төртінші мен бесінші берілістердің үйлестіргіштері жалғанады.

Жетектегі біліктің алдыңғы шеті жетекші біліктің ұясына орнатылған аунақшалы ішпекте, артқы шеті бріліс қорабының картерінің артқы керегесіне қақпақпен орнатылып, оның ішіне спидометр жетегі бекітіледі. Біліктің алдыңғы бөлігінде шлиц ойылып жасалған, оған үйлестіргіш муфтасы орнатылады. Біліктің тірек мойнына аунақшалы ішпектер мен втулка арқылы төртінші, үшінші, екінші берілістердің тістегеріші мен тісті дөңгелектері орналасқан. Тісті дөңгелектердің арасына біліктің шлицасына екінші мен үшінші берілістің үйлестіргіші орнатылған.

Аралық білік алдыңғы шетімен картердің алдыңғы керегесіне орнатылған аунақшалы ішпекте, артқы шеті картердің артқы шетіне орнатылған сфералық аунақшалы ішпекке орнатылған. Беріліс қорабының аралық білігінің алдыңғы ұшының шлицасы, бөлгіш қорабтың аралық білігімен жалғастырылған.

Кері жүру берілісі мен бірінші және екінші берілістері бір аралық білікке орналасқан, ал төртінші берілістің тісті дөңгелегі мен аралық біліктің жетегі білікке престеліп шпонка сегментімен бекітілген.



Бөлгіш автомобильдің беріліс қорабының жоғары беріліс санында жұмыс істеу арқылы автомобильдің тіркемесіз және жүксіз жүрісінде жанармай шығынын азайтуға көп әсер береді. Бөлгіш қорабы: жетекші және аралық біліктен, бір тісті дөңгелек жұбынан, үйлестіргіш пен берілісті қосу механизмінен тұрады.

Бөлгіш қорабы екі берілісте қосылады: біріншісі - тура беріліс қозғалтқыштың бұралу моментін өзгертпей жетекші дөңгелектерге береді, беріліс қорабының қосылған берілісінің беріліс санына пропорционалды өзгереді, ал екіншісі – жоғарлатқыш, беріліс қорабы қосылғанда бұралу моменті қосылған берілістің беріліс сандарының барлық қатынасына пропорционалды өзгереді. (беріліс саны-0,815)



Берілісті қосу механизмінің пневматикалық жетегі, бөлгіште рычагтың жоғарғы жағына қосқыш орнатылған және оны төмен қосқанда төменгі берілісте, жоғары қосқанда бөлгіштің жоғарғы берілісінде жұмыс істейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет