Трансмиссияның негізгі түрлері. Бір дискілі сығылмалы серііппелі ілініс



бет12/13
Дата20.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#24133
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
АЙҚАРТОПСАЛЫ БЕРІЛІС.

Карданды берілістер жұмыс істеу міндетіне байланысты олардың біліктерінің бұрылу бұрышы өзгеріп тұрады, бұрыштарының бұрылуы үлкен болса, соншалықты жұмыс істеуі күрдерлі болады.

Өте күрделі жағдайда алдыңғы басқарушы жетекті белдікті автомобильдер жұмыс істейді. Олардың айқартопсалы берілістері бұрылу бұрыштары өзгеруі ұзындығы мен айналуына байланысты болады. Мұндай берілістерде бұрыштық жылдамдықтары тең топсалы айқартопсалы берілістер қолданылады, олар бұрылу моментін жеткізіп, жетектегі біліктің бірқалыпты айналуын және басқарушы дөңгелектің бұрылуын қамтамасыз етеді.

Мұндай айқартопсалы берілістер шарикті және жұдырықшалы болып келеді.



Кеңінен тараған түрі - бөлгіш ойықты шарикті шарнирлі берілістер.

 Бұл беріліске: 1. 4. Ашалар, 2. 3.Бөлгіш ойықтар, 5. Шлицалы білік,

6. Сүйір қада(шпилька).7. Штифт.8. Шарик. 9.Шариктің өкшесі жатады.



Шарикті топсаы айқартопсалы беріліс.

Жетекші біліктің айналу моментін бір ашадан екіншісіне жұмыстық шариктер арқылы беріледі. Бөлгіш ойықтарда тәуелсіз бұрыштық қозғалыстағы ашаларды, шариктердің жазықтықта орналасуы тең бұрышта болып, екі біліктің тең бұрыштық жылдамдықта айналуын қамтамасыз етеді.

Шарикті топсалы берілістермен бірге жұдырықшалы топсалы тең бұрыштық жылдамдықтағы берілістер де қолданылады.

Мұндай беріліске: 10, 14. ашалар; 11, 13. жұдырықшалар; 12. диск жатады.



Жұдырықшалы топсалы айқартопсалы беріліс. Диск жұдырықшаның ойығына орналасып, жетекші ашадан жетектегі ашаға бұрылу моментін жеткізеді. Тік бағыттағы жазықтықта ашалар жұдырықшаны айналады, ал түзу жазықтықта жұдырықша мен бірге дискіде айналып тұрады.

Жұдырықшалы топсалы берілістердің біреуі теңсіздікте айналады, ал екіншісі айналысын теңестіреді. Сол арқылы жетекші мен жетектегі біліктерді тең бұрыштық жылдамдықта айналдырады.

Басты беріліс берілген бұрылу моментін көбейтіп, оны дефференциал арқылы автомобильдің жартылай осьтеріне жеткізу үшін қолданылады. Құрылысы жағынан басты беріліс тісті жәнеиірек ( зубчатый, червячный) редуктордан тұрады.

Автомобильдерде көбінесе тісті басты беріліс қолданылады және сыңар берілісті, қос берілістіболып бөлінеді. Олардың беріліс саны айналу жылдамдығына, қозғалтқыштың қуатына, автомобильді пайдалануға және салмағына байланысты болады.

Беріліс саны негізінен басты берілісте жүк автомобильдерде 6,5 – 9,0 , ал жеңіл автомобильдерде 3,5 – 5,5 аралығында болады.

Сыңар басты беріліс иректелген бір жұпты конусты тісті дөңгелектен тұрады.



Мұндай берілісте бұрылу моменті айқартопсалы берілістен конусты жетекші

тістегерішке, одан жетектегі дөңгелекке беріліп, арнайы механизм (дифференциал) мен жартылай осьтар арқылы автомобильдің жетекші дөңгелегіне беріледі. Сыңар берілістің тісті дөңгелегінің осьтары қиылысып немесе араласып орнатылады, оны гипоидты беріліс деп аталады.

Басты берілістің, гипоидты тісті дөңгелегінің айқарьопсалы беріліспен жалғасуы шанақтың еденін төмен орнатуға мүмкін болып, автомобильдің ортаңғы тартылыс күшін азайтып, оның орнықтылығын арттырады. Сонымен қатар гипоидты берілісте тістері көп мөлшерде жалғанады, сондықтан тісті дөңгелек өте сенімді , жайлы, және дыбыссыз жұмыс істейді.



Қосарлы басты берілісқұрылысы бойынша бір картерде – орталықты немесе жекелеп бөлектелген болады. Ол екі жекеленген механизмнен : артқы белдіке орнатылған сыңарлы конусты тісті берілістен, цилиндрлі тісті берілістен – дөңгелек редукторынан тұрады.

Қосарлы орталық берілісконусты және цилиндрлі тістегеріштер жұбынан тұрады.

Бұралу моменті жетекші конусты тістегеріштерден бір білікке орнатылған

жетекші дөңгелекке, одан цилиндрлі тістегерішке беріледі. Қос берілістер механикалық төзімділігі және беріліс санын көбейтуге мүмкіндігі, сыңар беріліске қарағанда жоғары болады.

Дифференциал.Автомобиль бұрылғанда ішкі доңғалақтар кіші радиуспен, ал сыртқыcы үлкен радиуспен айналады, сондықтан доңғалақтар сырғанамауы үшін сыртқысының ішкі доңғалаққа қарағанда жылдамдығы артық болуы керек. Олардың бұрылыстарда сырғанауы шиналардың тозуына, автомобильді басқаруды қиындатады, жанармай шығынына да әсер етеді. Доңғалақтарды бұрылыс кезінде әртүрлі жылдамдықпен айналуы үшін, оларды жекеленген жарты осьтарға бекітеді, басты берілістен берілген бұралу моментін жарты остарғааралық доңғалақ дифференциал арқылы жеткізіледі.

Дифференциал бұралу моментін жетекші доңғалақтарға таратып, оң және сол жағындағы доңғалақтардың, автомобильдің бұрылыс кезінде әртүрлі айналу жиілігінде қозғалуы үшін қолданылады.

Автомобильдерде доңғалақ аралық конусты симметриялы, доңғалақ аралық конусты, жұдырықшалы дифференциалдар қолданылады.



 Конусты симмериялы дифференциал басты беріліске орнатылған тістегерішті механизм.

Басты берілістің жетекші тістегерішінен бұралу моменті жетектегі дөңгелек пен дифференциал қорабына, онымен бірге айналатын шабақ пен тістегеріш – сателлиттерге және жарты осьтар арқылы жетекші дөңгелектерге беріледі.



Ось аралық конусты дифференциалжоғары өткіштегі доңғалақ формуласы 6х4, 6х6 жетекті белдікті, жолдың әртүрлі жағдайында жұмыс істей алатын автомобильдерде қолданылады. Мұндай дифференциал құрылысына: флянец, картер, қорап, жетекші және жетектегі дөңгелектер, крестовина, сателлиттер, артқы белдік жетегінің тісті дөңгелегі, аралық белдіктің тісті дөңгелегі, жетекші тістегеріш, тісті муфта мен блоктау муфтасы жатады.

ЗиЛ автомобилінің жетекші белдігінің басты берілісі қосарланған, беріліс саны 6,32. ирек тісті конусты тісті дөңгелек жұбы мен цилиндрлі қиғаш тісті дөңгелек жұбынан тұрады. Жетекші конусты шестерня 11 білікпен 2 тұтасып жасалған,фланца 1 арқылы карданды білікпен жалғананып, білік екі аунақшалы ішпек 6, 9 арқылы айналады. Біліктің тұрқы 7 картерге 17 болттармен бекітілген. Жетектегі конусты тісті дөңгелегі 12 аралық біліктің 15 фланцасына бекітіліп, жетекші цилиндрлі тістегерішпен 16 тұтасып тұрады. Басты берілістің картері 17 мен жетекші біліктің тұрқының 7 аралық төсемі 10, жетекші тістегерішінің 11 тісі мен жетектегі тісті дөңгелектің 12 тістерінің байланысын реттеу үшін қойылады. Тұрқына 7 ішпек пен сальник қақпағы 3 бекітіледі.



Аралық білік 15 картер қақпағына 31 орнатылған конусты аунақшалы ішпекпен 14, 32 бекітіледі. Ішпектердің жетектегі конусты дөңгелектің 12 жетекші тістегеріштің 11 осіне қатысты қақпақ 31 астына төсемдер13 қойылуы арқылы реттеледі.

 Дифференциал қорабы жабық қақпақтағы 18 конусты аунақшалы ішпекте 24 айналып тұрады, гайканың 25 көмегімен реттеледі. Дифференциал табағының ортасына шабақ (крестовина)30 орнатылып, оның ұштығына сателлиттер 28 отырғызылады. Олардың жарты осьтерінің тісті дөңгелегі мен сателлиттерінің 28 арасындағы үйкелісті азайту үшін тірек шайбалары 19,29 қойылады. Басты берілістің жұмыс істеуі кезінде, жетектегі тісті дөңгелектен 21 дифференциал қорабына бұрылу күші беріліп, одан кейін крестовина 30 мен сателлиттерге 28 жеткізіледі. Сателлиттер жартылай осьтің тісті дөңгелегімен 22 бірігіп, жартылай осьтарды 4 айналдырады.

 Жарты осьтардифференциалдан берілген бұрылу моментін жетекші дөңгелектерге жеткізу үшін орнатылады. Әрбір жарты ось ішкі ұштарындағы шлица арқылы дифференциалға орнатылған жартылай осьтік тістегерішпен жалғастырылған. Сырқы жағымен фланц арқылы дөңгелек күпшегіне болт арқылы бекітіледі. Бұралу моменті жатылай осьтан жетекші доңғалаққа ішпекті түйін арқылы беріледі. Осыған байланысты жарты осьтар екі негізгі түрге : жартылай түсірілген жарты осьтар, толық түсірілген жарты осьтар болып бөлінеді.

Жартылай түсірілген жарты осьтар дегеніміз – құндақтың ішіне орнатылған тірек шарикті ішпекке 2 орнатылып, бұралу моментін жеткізуімен бірге бұратылу мен қисаю моментін де қабылдайды.

Толық түсірілген жарты осьтар дегеніміз – бұратылу мен қисаю моментінен арылып, тек бұрылу моментін жеткізеді. Мұндай осьтар доңғалақ күпшегі құндаққа 3 орнатылып, екі кеңінен қойылған роликті ішпекке 6, 7 бекітіліп, қисаю моментін құндақ қабылдап, жарты осьтар 4 бұралу моментін ғана жеткізеді.

Барлық жеңіл автомобильдер мен ең кіші классты автобустар мен ең кіші классты жүк автомобильдерінде жартылай түсірілген жарты осьтар қолданылады. Барлық жүк автомобильдерінде және орта, үлкен классты автобустарға толық түсірілген жарты осьтар қолданылады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

1. Трансмиссиялардың түрлері мен құрылымдары қандай?

2. Серпімді серіппелі ілініс пен мембрана серіппелі іліністің құрылымдарының

айырмашылықтары қандай?

3. Бұралу тербелісін өшіргіштің құрылымы қандай?

4. Беріліс қорабының қызметі?

5. Беріліс қорабында неліктен бір мезгілде екі беріліске қосылмайды?

6. Үйлестіргіштің қызметі мен жұмыс істеуі?

7. Гидротрансформатордың жұмыс істеу тәсілі?

8. Дифференциалдың қызметі және қалай жұмыс істейді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет