ҚОС ДИСКІЛІ ІЛІНІС.
Қос дискілі фрикционды сығылмалы серіппелі ілініс МАЗ, КамАЗ, Урал – 4320 т.б. жүк автомобильдерінде қоланылады.
КамАЗ автомобилінің ілінісі құрғақ картерде 5 орнатылады.
Іліністің жетекші бөлшектері: сермерден 13, жетекші дискден 1, сығымдағыш дискден 4, құндақтан 6 тұрады.
Жетекші мен сығымдағыш дискілердің сыртқы беті төрт шабақты(шипы), сермердің цилиндрлі бетіндегі ойыққа енгізіп орнатылады және қозғалтқыштың бұралу моментін жетектегі дискіге жеткізеді. Жетекші мен сығымдағыш дискілердің 1, 4 бір мезгілде ось бойымен жылжуына мүмкіндік береді.
Іліністің жетектегі бөлігі: фрикционды жапсырмалары бар екі жетектегі диск 3 мен бұралу тербелісін өшіргіштің жиынтығынан тұрады. Жетекші дискінің күпшегі беріліс қорабының немесе бөлгіштің жетекші білігіне орналатылады. Құндақ 6 пен сығымдағыш дискінің 4 арасына сығымдағыш серіппе 12 орнатылып, оның көмегімен жетектегі дискіні 3 сығымдағыш дискі 4 мен сермердің 13 арасына қыстырылады.
Іліністің ажыратқыш механизмі,сыртқы ұштарымен сығымдағыш дискіге 4 жалғанған рычагтардан 8, ал ортаңғы бөлігі құндаққа орнатылған тіректі ашаға 7, ілінісу мен муфтаның 9ажыратқыш рычагтарының тірек сақинасынан 11, ажыратқыш ішпек пен ажыратқыш ашадан 10 тұрады.
Ілініс қосылып тұрғанда, бұралу моменті сермерден шабақтар(шипы) арқылы ортаңғы жетекші мен қысқыш дискіге, сонан соң жетектегі дискінің фрикционды жапсымалары мен бұралу тербелісін өшіргіші арқылы оның күпшегіне, одан беріліс қорабының жетекші білігіне беріледі. Ілініс қосылып тұрғанда, ажыратқыш рычагтың таяныш сақинасы ажыратқыш ішпек муфтасынан шеткері болады.
Іліністі ажыратқан кезде, ажыратқыш муфта ішпегімен ттаяныш сақиналары арқылы рычагтардың ішкі ұштарынан басып, оны тірек ашасындағы инелі ішпектерде айналдырады. Рычагтың сыртқы ұштары қысқыш дискіні артқы жетекші дискіден босатады. Ортаңғы жетекші диск мен оған орнатылған автоматты рычаг механизмі, өздігінен қысқыш диск мен сермердің тең ортасына жылжып, алдыңғы жетекші дискіні босатады. Іліністің жетекші мен жетектегі дискілерінің араларында толық ажыратылған кезде саңылау пайда болып, жетектегі бөлшектерді жетекші бөлшектерден ажыратып тұрады.
Іліністің жетегідистанционды гидравликалық пневмогидрокүшейткішті жетек.
Гидравликалық жетектің күшейткішінің қосылуы іліністі ажыратуға және оны қатты қысып ұстатып тұруға жеңілдік береді. Педальға басқан кезде, ілініс ажыратқышнан күш рычаг пен шток арқылы басты цилиндрге беріліп, одан сұйықтық қысым арқылы түтікпен бақылағыш құрылғының корпусына беріліп, ауа түтігі арқылы пневмокүшейткішке берілетін қысымды ауаның келуіне көмектеседі. Басты цилиндрден бірмезгілде сұйықтық күшейткіштің жұмыстық цилиндріне беріледі. Бақылағыш құрылғы, пневмокүшейткіш цилиндрі мен жұмыстық цилиндр бір агрегатта – пневмогидравликалық күшейткіште орнатылған.
Басты цилиндр(14.8. сур.) ілінісу кронштейнінде оранатылған тұрқыдан, оның екі цилиндрлі А, және көмекші Б қуыстары бар, онда жұмыстық тежеуіш сұйықтығы болады. Цилиндр тұрқы қорғаушы қақпақпен 2 жабылған. Цилиндрлі А қуысында тығыздағыш манжетамен 5 поршень 4 орнатылған.Поршньде 4 саңылау В бар, жұмыс жүрісі кезінде штоктың 3 ұшындағы тығыздағыш манжетамен 5 жабылып тұрады. Педальдің бос тұрған кезінде поршень 4 серіппенің 6 әсерімен жоғарғы қалпында болады. Цилиндрдің төменгі А қуысы тығынмен 7 бекітілген, оның ортасындағы бұрандалы саңылауға гидро жетектің түтігі жалғанады. Ілініс педалінің бос тұрған кезінде, цилиндрлі А қуысы мен көмекші Б қуысы В саңылауы арқылы жалғастырылып тұрады, өйткені штоктың 3 ұшы мен поршеннің арасында саңылау болады. Ілініс педалін басқанда шток 3 поршеньге 4 қарай қозғалады, саңылау В тығыздалып жабылып цилиндрдің А қуысынан поршеннің қысымының әсерінен гидро жетектің түтігімен пневмогидравликалық күшейткішке беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |