ТӨРТСАТЫЛЫ БЕРІЛІС ҚОРАБЫ.
Төртсатылы төртжүрісті беріліс қорабы ГАЗ-33-14, ГАЗ-33-27, ГАЗ-66-11, автомобильдерінде көптеп пайдаланып келеді. Барлық автомобильдерде құрылысы бірдей, бірақ ГАЗ-66-11 автомобильінде спидометр жетегі үлестіргіш қорабына, ПАЗ-672 автобусында арақашықтағы жетекті қосу берілісінің механизмі орналасқан. ГАЗ-33-14 автомобильінің беріліс қорабы ГАЗ-33-27 автомобильінің беріліс қорабымен бірдей болғанымен, бірінші мен екінші берілістің берілу саны жоғары болады. Беріліс қорабы: картер 24, қақпақ 2, рычаг 1, қосу берілісінің механизмі,жетекші білік 21, жетектегі білік 10, синхронизатор 25, аралық білік 19, артқа жүру берілісінің тісті дөңгелек тобынан 15, ашалардан 6, 7, 28, тұрады.
Жетекші білік 21 тістегерішімен 23 екі ішпекке орнатылған, алдыңғы ішпек иіндібіліктің фланцсының ұясына, соңғысы – картердің алдыңғы керегесіне орнатылған. Артқы ішпек ось тік жылжымауы үшін, оны сырқы ойығына
орнатқан тірек сақинамен бекітіп және беріліс қорабын ілінісумен орталықтандыру үшін қақпаққа 22 ұштық орнатады.
Жетектегі білік 10 алдыңғы ұшымен жетекші біліктің 21 ойығына орнатылған аунақшалы ішпекте, артқы шеті картер 24 қақпағының 8 ішіне орнатылған шарикті ішпекте ұстатылған. Жетктегі біліктің шлицте бірінші беріліс пен артқы берілістің дөңгелегі орнатылған. Тісті дөңгелек пен үшінші берілістің шестернясы бронзалы втулкада бос орналасқан.
Екінші берілістің дөңгелегінің 4 күпшегінде тісті тәжі бар, ал үшінші берілістің тістегеріш 3 үйлестіргішке 25 қосылар шеті конусты болады.
Аралық білік 19 тісті дөңгелектермен біртұтас болып жасалған, аунақшалы және шарикті ішпектерде айналып тұрады. Осьтің бойлық жүрісін болдырмау үшін, артқы шарикті ішпектің қақпағымен 12 және тірек сақинасымен ұстатылған. Тісті дөңгелек 18, 17 пен шестерня 16, жетектегі мен жетекші біліктердің шестерняларымен 23, 3 және тісті дөңгелек 4 ажырамайтын іліністе болады. Түзу тісті тістегеріш 11 бірінші берілістің тісті дөңгелегімен 5 немесе артқа жүру берілісінің тісті дөңгелектер тобына қосылып, картердің артқы керегесінің және ішкі ойығының қуысына престеліп орнатылған осьте айналады.
Берілісті қосу механизмі тісті дөңгелектің толық қосылуына, қосылу мен ажыратылу орындарында орнықты бекітуге фиксатор қолданылып, бір мезгілде екі беріліске қосылуын болдырмайды. Берілісті қосу механизмі: рычаг 1, үш сырғыма 26 мен ашалар 28, 6, 7, үйлестіргіш муфтасы, бірінші берілістің дөңгелегі, артқа жүру берілісінің тісті дөңгелек тобы, үш фиксатор 27 мен штифтан 29 тұрады. Жүргізуші берілісті қосу механизмінің рычагымен 1 белгілі орындары арқылы берілісті қосады. Бір мезетте екі беріліске қосылмауы үшін сырғыма мен штифт 29 арасына екі плужерден 31 тұратын құлып орнатылған.
Автомобильдің алдыға жүрісінде, артқа жүру берілісне қосылуын болдырмау үшін, жылжыманың алмастыру қалпақшасына орналастырылған штифт пен серіппеден тұратын сақтандырғышы 30 бар. Артқа жүру берілісін қосу үшін рычагқа қосымша күш түсіріп қосу керек.
Үйлестіргіштердің инерциялық түрі - қосылатын тісті дөңгелектің айналу жиілігін теңестіріп, олардың тозуын азайтады, соққылы және дыбысты қосылуын болдырмайды. Үйлестіргіштер автомобильдерді пайдалану барысында көп қолданылатын берілістерге орнатылады.
ЗИЛ, МАЗ, КамАЗ, автомобильдерінде үйлестіргіштерді екінші мен үшінші, төртінші мен бесінші берілістерде орнатылған, жеңіл автомобильдерде барлық алдыңғы жүрістік берілістерге орнатылған.
Үйлестіргіштің құрылысы: күпшек 3, муфта 4, екі тосқауылшы сақина 1, үш сухарик 2, екі серіппе сақинадан 5 тұрады. Күпшек 3 жетекші біліктің 7 шлицасына орнатылып гайкамен бекітіледі, оның сыртына тісті кертігімен сухарикке 2 ойық істелген. Муфтаның 4 ішкі жағындағы тісті кертігі күпшектің тісті кетігіне киіледі. Муфтаның 4 ортаңғы белгісінде сухариктермен 2 ұсталып, серіппелі сақиналармен 5 қыстырылады. Тосқауылшы сақинаның 1 шетінде үшпазалы ойыққа сухарик 2 ұштары кигізіледі. Пазаның ені сухарик енінен 4 мм үлкен, бұл саңылау мен қиғаш муфта тістері, блоктау сақинасы мен қосылу тісті дөңгелегі берілісті қосуды жеңілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |