Транспорт в XXI веке: состояние и перспективы



Pdf көрінісі
бет3/58
Дата12.03.2017
өлшемі8,29 Mb.
#8891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

 

 

 

 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



15 

 

 



Сабырбаева  Г.К  -  аға  оқытушы,  М.Тынышбаев  атындағы  Қазақ  Кӛлік  және 

Коммуникациялар Академиясы (Қазақстан, Алматы қ.) 

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҤРЕСУДІҢ ЖОЛДАРЫ  

 

Сыбайлас  жемқорлық   –  мемлекеттік  құрылымдардың экономика аясында 

қылмысты  құрылымдармен  біте  қайнасуы,  сондай-ақ  мемлекеттегі  лауазымды 

адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Ӛзінің 

қызметтік мәртебесі мен ӛкілеттіктерін жеке, топтық және ӛзге де бейқызметтік мүдделер 

үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен кӛрініс табады.  

Соңғы  уақытта  Қазақстанда  сыбайлас  жемқорлықтың  «тамырын»  шабуға 

бағытталған  кӛптеген  нәтижелі  жұмыстар  атқарылып  жатыр.Қызмет  бабын  пайдаланып, 

мемлекет мүлкін талан-таражға салу, ақ адал жандардың обал, сауабын аттап, имандылық 

қасиеттерден  жұрдай  болу  секілді  бастапқы  нышандары  сонау  мүлік  теңсіздігі  пайда 

болған  тұста-ақ  қылаң  берген  жемқорлық  сипатындағы  қылмыстардың  түп-тамырын 

қуалап  келсеңіз  алаған  қолым  береген  деген  ұстанымға  саятын  мұндай  бақай  есепшілік 

ертеден-ақ  кӛптеген  мемлекеттерде  орнығып  қалған.  Олардың  бір-бірінен  ат  тӛбеліндей 

айырмашылығы  тойымсыздық  пен  ашкӛздіктің  әр  мемлекетте  ер  түрлі  деңгейде 

екендігінде  ғана.  Адамзаттың  ұшқыр  ақыл-ойы  уақыт  шабысымен  бірге  үзеңгі 

қағыстырып қатар келе жатқан жемқорлықты болдырмас үшін қандай тәсіл ойлап таппады 

дейсіз.  Олар  жұрт  күткендегідей  нәтиже  берсе  жемқорлық  ұғымы  санадан  сызылып,  ол 

әлдеқашан кӛнерген сӛздердің қанжығасында кетер еді ғой. Керісінше, бай мен кедейдің 

аражігі  ашылып,  қоғамдағы  қайшылықтар  тереңдеген  сайын,  жұрт  сыйлаған  лауазымды 

адамдардың қазына-мүлкіне кӛз тігіп, сұғанақтық жасауы тіптен асқынып бара жатқандай. 

Мемлекетімізде  әлгіндей  тобасын  ұмытып,  мейманасы  асқандарды  тәубесіне  түсіре 

қоятын заңымыз да бар. Соған қарамастан ел ырысының үстінен қалқып ішіп, сыбайласып 

жемқорлық  жасау  бір  тыйылмай  келеді.  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы» 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі №267 заңының 2-бабы 1-тармағына 

сәйкес  «мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген 

адамдардың  лауазымдық  ӛкiлеттiгiн  және  соған  байланысты  мүмкiндiктерiн  пайдалана 

отырып  не  мүлiктiк  пайда  алу  үшiн  олардың  ӛз  ӛкiлеттiктерiн  ӛзгеше  пайдалануы,  жеке 

ӛзi  немесе  делдалдар  арқылы  заңда  кӛзделмеген  мүлiктiк  игiлiктер  мен  артықшылықтар 

алуы,  сол  сияқты  бұл  адамдарға  жеке  және  заңды  тұлғалардың  аталған  игiлiктер  мен 

артықшылықтарды  құқыққа  қарсы  беруi  арқылы  оларды  сатып  алуы»  сыбайлас 

жемқорлық  деп  ұғынылады.Сыбайлас  жемқорлықпен  күресу  Қазақстанның  бүгінгі  күнгі 

күрделі  мәселесі  болып  отыр.  Елiмiзде  осы  мәселеге  арнайы  қабылданған  заңдар  да, 

атқарылып  жатқан  жұмыстар  да  баршылық,  бiрақ  бұл  мәселе  әлi  толық  шешiмiн 

тапқан жоқ. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-

біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысында қатты алаңдататыны анық. 

Атап айтқанда, ҚР Қылмыстық кодексі  туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең 

алдымен  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  нормалары  болып  табылады. Қазақстанда 

сондай-ақ 

сыбайлас 

жемқорлық 

үшін 


қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік 

жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. 



228-бап

. Ӛкiлеттiктердi теріс пайдалану коммерциялық немесе ӛзге ұйымда басқару 

қызметтерiн атқаратын адамның ӛз ӛкiлеттiктерiн осы ұйымның заңды мүдделерiне қарсы 

және  ӛзi  немесе  басқа  адамдар  немесе  ұйымдар  үшiн  пайда  мен  артықшылықтар  алу  не 

басқа  адамдарға  немесе  ұйымдарға  зиян  келтiру  мақсатында  пайдалануы,  егер  бұл 

азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе 



 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



16 

 

 



мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса - бес жүзден 

сегіз  жүз  айлық  есептiк  кӛрсеткiшке  дейiнгi  мӛлшерде  айыппұл  салуға,  не  жүз  сексен 

сағаттан  екi  жүз  қырық  сағатқа  дейiнгi  мерзiмге  қоғамдық  жұмыстарға  тартуға,  не  бiр 

жылдан тӛрт жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не тӛрт жылға дейінгі мерзімге 

бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

231-бап

.  Коммерциялық  сатып  алу  коммерциялық  немесе  ӛзге  ұйымда  басқару 

қызметтерiн  атқаратын  адамға  заңсыз  ақша,  бағалы  қағаздар  немесе  басқа  мүлiк  беру, 

сондай-ақ  оның  ӛз  қызмет  бабын  сатып  алушы  адамның  мүддесiнде  пайдалануы  үшiн, 

сондай-ақ қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін оған мүлiктiк 

сипаттағы заңсыз қызмет кӛрсету -  

бес жүзден сегіз жүз айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi мӛлшерде айыппұл салуға, 

не  екi  жылға  дейiнгi  мерзiмге  бас  бостандығын  шектеуге,  не  үш  жылға  дейін  бас 

бостандығынан айыруға жазаланады.  

2. Бiрнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сӛз байласуы бойынша немесе 

ұйымдасқан топпен жасалған дәл сол әрекеттер -  

сегіз жүзден бір мың айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi мӛлшерде айыппұл салуға, 

не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не  бес жылға дейiнгi мерзiмге 

бас бостандығынан айыруға жазаланады.  

3. Коммерциялық немесе ӛзге ұйымда басқару қызметiн атқаратын адамның заңсыз 

ақша,  бағалы  қағаздар,  басқа  мүлiк  алуы,  сондай-ақ  ӛз  қызмет  бабын  сатып  алушы 

адамның  мүддесiнде  пайдалануы  үшiн,  сондай-ақ  қызметi  бойынша  жалпы  қамқорлығы 

немесе салғырттығы үшін мүлiктiк сипатта кӛрсетiлген қызметтi пайдалануы -  

бір мыңнан екі мың айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi мӛлшерде айыппұл салуға, 

не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыруға, не үш 

жылға  дейiнгi  мерзiмге  бас  бостандығын  шектеуге,  не  бес  жылға  дейінгі  мерзімге  бас 

бостандығынан айыруға жазаланады.  

4. Осы баптың үшiншi бӛлiгiнде кӛзделген әрекеттер, егер олар:  

а) адамдар тобының алдын ала сӛз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;  

б) бiрнеше рет;  

в) қорқытып алумен байланысты; 

г) ірі мӛлшерде жасалған болса, - 

екі мыңнан үш мың айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi мӛлшерде айыппұл салуға, 

не  алты  жылға  дейінгі  мерзімге  белгiлi  бiр  лауазымдарды  атқару  немесе  белгiлi  бiр 

қызметпен  айналысу  құқығынан  айыруға,  не  үш  жылға  дейiнгi  мерзiмге  белгiлi  бiр 

лауазымдарды атқару  немесе белгiлi  бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 

мүлкі  тәркіленіп  немесе  онсыз,  бес  жылға  дейiнгi  мерзiмге  бас  бостандығынан  айыруға 

жазаланады.  

5. Осы баптың үшіншi және тӛртінші бӛлiктерiнде кӛзделген іс-әрекеттер, егер олар 

аса ірі мӛлшерде жасалған болса, - 

үш мыңнан бес мың айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi мӛлшерде айыппұл салуға, 

не  бес  жылға  дейiнгi  мерзiмге  белгiлi  бiр  лауазымдарды  атқару  немесе  белгiлi  бiр 

қызметпен  айналысу  құқығынан  айыруға,  не  бес  жылға  дейiнгi  мерзiмге  белгiлi  бiр 

лауазымдарды атқару  немесе белгiлi  бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 

мүлкі  тәркіленіп  немесе  онсыз,  тӛрт  жылдан  сегіз  жылға  дейінгі  мерзімге  бас 

бостандығынан айыруға жазаланады. 

 

 



 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



17 

 

 



307-бап. Қызмет ӛкiлеттігін терiс пайдалану  

1.  Мемлекеттік  қызметтер  атқаруға  уәкiлеттi  адамның  не  оған  теңестiрiлген 

адамның қызметтiк ӛкiлеттiгiн ӛзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен 

артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет 

мүдделерiне кереғар пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары 

мен  заңды  мүдделерiн  не  қоғамның  немесе  мемлекеттiң  заңмен  қорғалатын  мүдделерiн 

елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -  

бес  жүзден  бір  мың  айлық  есептік  кӛрсеткішке  дейінгі  мӛлшерде  айыппұл  салуға 

не  үш  жылға  дейiнгi  мерзiмге  белгiлi  бiр  лауазымдарды  атқару  немесе  белгiлi  бiр 

қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын 

шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  

2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -  

бір мыңнан екі мың айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi мӛлшерде айыппұл салуға, 

не  бес  жылға  дейiнгi  мерзiмге  белгiлi  бiр  лауазымдарды  атқару  немесе  белгiлi  бiр 

қызметпен  айналысу  құқығынан  айыруға,  не  тӛрт  жылға  дейiнгi  мерзiмге  бас 

бостандығынан айыруға жазаланады.  

3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, -  

екі мыңнан тӛрт мың айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi мӛлшерде айыппұл салуға 

не  бес  жылға  дейiнгi  мерзiмге  белгiлi  бiр  лауазымдарды  атқару  немесе  белгiлi  бiр 

қызметпен  айналысу  құқығынан  айырып  немесе  онсыз  алты  жылға  дейiнгi  мерзiмге  бас 

бостандығынан айыруға жазаланады.  

4.  Осы  баптың  бірінші,  екінші  немесе  үшінші  бӛліктерінде  кӛзделген,  ауыр 

зардаптарға  әкеп  соққан  не  ұйымдасқан  топтың  немесе  қылмыстық  қауымдастықтың 

(қылмыстық ұйымның) мүддесінде жасалған әрекеттер, - 

мүлкі  тәркіленіп,  жеті  жылға  дейінгі  мерзімге  белгілі  бір  лауазымдарды  атқару 

немесе  белгілі  бір  қызметпен  айналысу  құқығынан  айыра  отырып,  тӛрт  жылдан  сегіз 

жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

307-1-бап. 

Ақшамен  және  (немесе)  ӛзге  мүлікпен  жасалған  операциялар  туралы 

мәліметтер мен ақпаратты заңсыз жария ету немесе ӛзгедей заңсыз пайдалану 

Мемлекеттік  органдардың  лауазымды  адамдарының  ақшамен  және  (немесе)  ӛзге 

мүлікпен  жасалған  операциялар  туралы  қаржы  мониторингі  субъектілерінен  алынған 

мәліметтер мен ақпаратты заңсыз жария етуі немесе ӛзгедей заңсыз пайдалануы, егер бұл 

азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе 

мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса - 

бес  жүзден  бір  мың  айлық  есептік  кӛрсеткішке  дейінгі  мӛлшерде  айыппұл  салуға 

не  үш  жылға  дейiнгi  мерзiмге  белгiлi  бiр  лауазымдарды  атқару  немесе  белгiлi  бiр 

қызметпен  айналысу  құқығынан  айыра  отырып,  екі  жылға  дейiнгi  мерзiмге  бас 

бостандығынан айыруға жазаланады. 

 

308-бап

. Билiктi не қызметтiк ӛкiлеттiктi асыра пайдалану  

1. Билiктi не лауазымдық ӛкiлеттiктi асыра пайдалану, яғни мемлекеттік қызметтер 

атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның ӛзiнiң құқықтары мен ӛкiлеттiгi 

шегiнен  кӛрiнеу  асып  кететiн  және  азаматтардың  немесе  ұйымдардың  құқықтары  мен 

заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi 

түрде бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы -  

екi жүзден бес жүз айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi мӛлшерде айыппұл салуға, не 

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен 


 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



18 

 

 



айналысу құқығынан айыруға, не  үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, 

не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  

2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -  

үш жүзден жетi жүз айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi мӛлшерде айыппұл салуға, 

не  бес  жылға  дейiнгi  мерзiмге  белгiлi  бiр  лауазымдарды  атқару  немесе  белгiлi  бiр 

қызметпен  айналысу  құқығынан  айыруға,  не  бес  жылға  дейiнгi  мерзiмге  бас 

бостандығынан айыруға жазаланады.  

3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, -  

бес  жүзден  бiр  мың  айлық  есептiк  кӛрсеткiшке  дейiнгi  мӛлшерде  айыппұл  салуға 

не  бес  жылға  дейiнгi  мерзiмге  белгiлi  бiр  лауазымдарды  атқару  немесе  белгiлi  бiр 

қызметпен  айналысу  құқығынан  айырып  немесе  онсыз  тӛрт  жылдан  сегiз  жылға  дейiнгi 

мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бӛлiктерiнде кӛзделген әрекеттер не 

ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрекеттер:  

а) күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;  

б) қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы;  

в) ӛзi  немесе басқа  адамдар немесе ұйымдар  үшiн пайда мен артықшылық алу не 

басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалса, -  

мүлкі  тәркіленіп,  жетi  жылға  дейiнгi  мерзiмге  белгiлi  бiр  лауазымдарды  атқару 

немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылдан он жылға дейiнгi 

мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  

314-бап

.  Қызметтiк  жалғандық  жасау.  Қызметтiк  жалғандық  жасау,  яғни 

мемлекеттік қызметтер атқаруға  уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның ресми 

құжаттарға кӛрінеу жалған мәлiметтердi eнгізуі, сол сияқты аталған құжаттарға олардың 

шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуi, не кӛрiнеу жалған немесе қолдан жасалған 

құжаттар беруi, егер бұл әрекеттер ӛзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда 

мен  артықшылық  алу  не  басқа  адамдарға  немесе  ұйымдарға  зиян  келтiру  мақсатында 

жасалған  болса,  -жеті  жүзден  екі  мың  айлық  есептiк  кӛрсеткiшке  дейiнгi  мӛлшерде 

айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық 

жұмыстарға  тартуға,  не  екi  жылға  дейiнгi  мерзiмге  түзеу  жұмыстарына,  не  екі  жылға 

дейінгі  мерзімге  бас  бостандығын  шектеуге,  не  дәл  сол  мерзiмге  бас  бостандығынан 

айыруға жазаланады.  

2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет,  - екі  мыңнан тӛрт мың  айлық  есептiк 

кӛрсеткiшке дейiнгi  мӛлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi  мерзiмге белгiлi  бiр 

лауазымдарды  атқару  немесе  белгiлi  бiр  қызметпен  айналысу  құқығынан  айырып,  үш 

жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  

3.  Осы  баптың  бiрiншi  бӛлiгiнде  кӛзделген  әрекеттердi,  егер  оларды  жауапты 

мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаса, -  

тӛрт  мыңнан  алты  мың  айлық  есептiк  кӛрсеткiшке  дейiнгi  мӛлшерде  айыппұл 

салуға, не жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр 

қызметпен айналысу құқығынан айырып, алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан 

айыруға жазаланады.  

«Сыбайлас  жемқорлық»  деген  түсінік  мағынасына  этимологиялық  қарау  мұны 

«параға  сатып  алу»,  «пара»  ретінде,  «corruptio»  деген  латын  сӛзін  алып,  анықтауға 

мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сӛзбен 

айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік 

беріп,  құқыққа  қарсы  іс  -  әрекетті  білдірген.  Орыс  тілінің  түсіндірме  сӛздігі  сыбайлас 


 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



19 

 

 



жемқорлықты  пара  беріп  сатып  алу,  лауазымды  адамдардың,  саяси  қайраткерлердің 

сатқындығы  ретінде  сипаттайды.Қазақстан  Республикасының  заңнамаларына  сәйкес, 

сыбайлас  жемқорлық  қылмыстарға  негізінен  лауазымды  қылмыстар  жатады.  Ӛмір 

кӛрсеткендей, қызмет ӛкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік ӛкілеттікті асыра 

пайдалану,  пара  алу,  пара  беру,  парақорлыққа  делдал  болу,  қызметтік  жалғандық  жасау, 

кӛрінеу жалған сӛз жеткізу, сеніп тапсырылған бӛтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап 

ету,  кӛрінеу  жалған  жауап  беру,  сарапшының  жалған  қорытыңдысы  немесе  қате  аудару, 

жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате 

аударуға  сатып  алу,  лауазымды  адамдардың  сот  үкімін,  сот  шешімін  немесе  ӛзге  де  сот 

актісін  орындамау,  осындай  қылмыстардың  барлығы  жемқорлық  сыбайластық 

байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Елбасының 2014 жылы 17 қаңтардағы «

Бір 

мақсат,  бір  мҥдде,  бір  болашақ

»  атты  ӛзінің  Қазақстан  халқына  Жолдауында  «

Аса 

маңызды  міндет  –  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  жаңа  стратегияны  қалыптастыру  және 



іске  асыруды  жалғастыру.  Әкімшілік  реформа  қажетсіз  қағазбастылық  пен  құжат 

айналымының қолайсыз үдерісіне айналмауға тиіс. Халық алдында есептілігін арттырып, 

нәтижеге  деген  жауапкершілігін  күшейте  отырып,  жергілікті  жерлердегі  басқару 

органдарына кӛбірек дербестік беру керек

» деп атап кӛрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы 

жағымсыз  құбылысты  жою  бағытындағы  кешенді  және  жүйелі  күрес  жүргізу  саясаты 

жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сӛз.Елбасының саясатын қолдау мақсатында, 

жыл  сайын  барлық  жоғарғы  оқу  орындарында  сыбайлас  жемқорлықпен  күрес 

бағдарламасын  іске  асыру  мәселелері  және  «Мемлекеттік  қызмет  туралы»  ҚР  заңының 

нормалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік қызмет және 

ҚР  басқа  да  заңдарын  білуді  насихаттау  жӛнінде  семинарлар,  дӛңгелек  үстелдер 

ӛткізіледі.  Сонымен  қатар  сыбайлас  жемқорлықпен  пәрменді  күресу  үшін  халықтың 

құқықтық  сауатсыздығын  жоятын,  құқықты  түсіндіру  жұмысының  деңгейі  мен  сапасын 

арттыру керектігінің маңызы зор. Халық ӛздерінің құқықтарын, ӛздеріне қарсы қандай да 

бір  құқыққа  қайшы  іс-әрекет  жасалған  жағдайда  қандай  іс-қимыл  қолдану  керектігінің 

нақты  жолдарын  толық  білулері  қажет.  Конституциялық  тәртіпті  қорғау,  сыбайлас 

жемқорлықпен  күрес  аясында  тиімді,  бірыңғай  жалпы  мемлекеттік  саясат  жүргізу, 

мемлекет пен азаматтардың ӛмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен 

оның  кӛріністері  деңгейін  тӛмендету,  қоғамның  мемлекетке  және  оның  институттарына 

сенімін  нығайту  бүгінгі  күндегі  басты  мақсат  болып  табылады.  Кезкелген  ӛркениетті 

қоғам  үшін  сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  ең  ӛзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады. 

Сыбайлас  жемқорлық  мемлекетті  ішінен  жоюдың  бастамасы  мен  жетістіктерді  жоққа 

шығаратын,  ұлттық  қауіпсіздікке  қауіп-қатер  әкелетіндігі  күмәнсіз.  Сондықтан  да 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  саясатының  негізгі  басымдылықтарының  бірі 

болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа 

орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін 

оны  тоқтатудың  барлық  амалдарын  қолдану  арқылы  ғана  бұл  құбылысқа  тиімді  түрде 

қарсы  тұруға  болады.Ел  болып  еңсемізді  кӛтергенімізге,  тәуелсіздігімізді  алып,  шаршы 

әлемге  танылғанымызға  жиырма  жылдан  астамуақыт  ӛтті.  Ӛткенімізге  кӛз  салсақ, 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлының  кӛреген  саясатының  арқасында  мемлекетіміздің 

тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар 

қабылданып,  ел  экономикасы  мен  әлеуметтік  жағдайы  түзеліп,  әлем  мемлекеттерінің 

ортасынан  ӛз  орынын  айқындады.  Бүкіл  әлемге  ӛзінің  біртұтастығымен,  ажырамас 

бірлігімен  танылды.  Қоғам  дамуының  жаңа  жолын  таңдап,  уақыттан  туындаған  әртүрлі 

кеселдерден  айығуды  міндет  етіп  қойды.  Ол  жол  -  Президенетіміз  Нұрсұлтан 


 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



20 

 

 



Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Сондықтан 

сыбайлас  жемқорлықпен  күресу  барлық  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының 

азаматтық борышы деп білу керек. 

 

Әдебиет 


 

1 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, ерекше бӛлім. Алматы «Жеті жарғы. 

2 .Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы‖ Қазақстан Республикасының Заңы, 

3 .Сапарғалиев Ғ. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» Алматы  

4.Сташис В.В., Бажанов М.Х. Преступления против порядка управления. 

5. ҚР. Қылмыстық кодекс 2014ж. 

 

 

Балқияҧлы  Н.  –  профессор,  э.ғ.к.,    М.Тынышбаев  атындағы  Қазақ  Кӛлік  және 

Коммуникациялар Академиясы (Қазақстан, Алматы қ.) 

 

М. ТЫНЫШБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӚЛІК 

ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ 

 

Мұхаметжан Тынышбаев – исі қазақ баласы орынды мақтан етер ірі тұлға. Ол 1879 



жылдың 12 мамырында қазіргі Алматы облысының Сарқант ауданында дүниеге келді. Сол 

уақытта патшалық Ресейдің құрығы Жетісу ӛлкесіне де жетіп, патша үкіметінің жымысқы 

саясаты  біртіндеп  жүзеге  асырыла  бастаған  болатын.  Алатаудың  шұрайлы  бӛктерін 

Ресейден  кӛшіріліп  әкелген  казак-орыстарға  тартып  әпергенде  Мұхаметжанның  әкесі 

Тынышбай туған топырағын  қызғыштай қорғап, бас кӛтеріп, патша  саясатына қарсылық 

қозғалысын басқарған.  

Тынышбай  пен  Шакизадабанудың  екі  ұл,  үш  қызы  болған.  Олар  –  Ақметжан, 

Мұхаметжан,  Салмақты,  Қадиша,  Қалаш.  Мұхаметжан  сауатын  бірден  орысша  ашса 

керек.  Жас  баланың  зеректігі  маңайындағыларға  аңыз  бола  бастайды.  Лепсінің  бас 

оязының  зерек  балаға  кӛңілі  ауып:  «Верныйға  барып  бағыңды  сынайсың,  гимназияда 

оқисың.  Құжаттарың  дайын.  Әкеңе  айт  жолға  жиналсын»,-  дейді.  Жолшыбай  қалаға 

соғып,  сондағы  қазақтардан  тұңғыш  рет  Санкт-Петербург  университетінің  шығыстану 

факультетін  бітіріп,  демалып  жатқан  Барлыбек  Сырттанұлына  жолығады.  «Жолың 

болсын, балақай! Қазақтың кӛзі ашық, кӛкірегі ояу азаматтары кӛбеюі ӛте қажет. «Білекті 

бірді, білімді мыңды жығады». Қараңғы қазақтың күні қараң, осыны зердеңе сақтап жүр»,- 

деп ағалық ақылын айтады.  

Ол  1890  жылы  тамыз  айының  14  жұлдызында  генерал  губернатор 

Т.А.Колпаковский  «бұратаналардың»  балалары  үшін  ашқызған  Верный  қаласындағы 

гимназияның  табалдырығын  аттайды.  Зерделі  жастың  қабілеті  гимназия  оқытушыларын 

бірден таң қалдырады. Ол ӛзі тектес оқушылардан үлгерімі жағынан оқ бойы алда болады. 

Әсіресе, математика пәнінің үздігі атанады. Әдебиет, тарих пәндерін сүйіп оқиды.  

Гимназияны  үздік  бітірген  Мұхаметжанға  Жетісу  облыстық  әскери  губернаторы 

кеңсесінен  қызмет  ұсынылады.  Бірақ  ол  бұл  істен  бас  тартады.  Білімін  әлі  де 

толықтырғысы  келеді.  Ол  қазақтың  сары  даласына  темір  жол  салуды  армандайды.  Сол 

ниет  оны  Санкт-Петербургтегі  жол  қатынасы  инженерлерін  дайындайтын  институттан 

бір-ақ шығарады.  



 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



21 

 

 



Гимназияның  директоры  Вахрушев  Мұхаметжанға  барынша  кӛмек  кӛрсетеді.  Ол 

бірде  Жетісу  облысының  әскери  губернаторына:  «  -  Қай  жағынан  алсақ  та  Мұхаметжан 

Тынышбаев  –  талантты  шәкірт  ғана  емес,  тума  талант  иесі.  Сондықтан,  жоғары 

мәртебелім, сізден ӛтінерім, қолыңыздағы қаражаттан Тынышбаевқа стипендия бӛлсеңіз, 

мұндай  қаражатсыз  оның  жоғары  оқу  орнынан  білім  алуға  еш  мүмкіндігі  жоқ»,-  деп 

ӛтініш  түсіреді.  Ұстаз  ӛтініші  аяқсыз  қалмайды.  Облыстық  Земская  стипендиясы 

тағайындалады. Сӛйтіп, 21 жасында қабылдау емтиханын үздік тапсырады.  

Ол 1906 жылы жол қатынасы инженерлік институтын бітіріп шығады. Ендігі жерде 

білімді  азамат  туған  елдің  саяси-әлеуметтік  ісіне  белсене  араласады.  Ол  жергілікті 

халықтың қолдауымен1907 жылы  ІІ Думаға  Жетісу ӛлкесінен депутат болып сайланады. 

Думадағы  айтыс-тартыс  оны  біршама  шыңдайды.  Кӛп  кешікпей  Дума  таратылады  да 

Мұхаметжан  бұрынғы  кәсібіне  ден  қоя  бастайды.  1906-1914  жылдары  Ортаазия  темір 

жолында,  алғашында  инженер,  кейін  Урсатов–Әндіжан  темір  жол  құрылысында  бастық, 

бас  инженер  қызметтерін  атқарды.1914  жылы  Түркістан-Әулиеата-Тараз  темір  жол 

құрылысына  бас  инженер  болып  ауысады.  Арыс-Бішкек  темір  жолы,  инженер 

Тынышбаевтың  тұңғыш  кәсіптік  мамандығын  жетілдіре  түсуінің  ӛмірлік  мектебі 

болғандай.  Алайда,  Қазан  тӛңкерісі  оны  темір  жол  құрылысынан  шеттетіп,  сенімсіздік 

танытты. Ол жиырмасыншы жылдың басында Түркістан ӛлкесінің Жер-су министрлігіне 

жұмысқа ауыстырылды.  

1923  жылы  Шымкент  қаласында  су  шаруашылығын  басқарады.  Түркістан  қаласы 

каналдарының  жобасын  жасауға  қатысады.  Кӛп  кешікпей  Қазақстан  автономиялық 

республикасының  орталығы  Орынбордан  Қызылордаға  кӛшірілді.  Инженер  Тынышбаев 

жаңа орталық құрылысының жобаларын дайындауға шақырылады. Осы тұста ӛзінің туған 

ағасындай болып кеткен Тұрар Рысқұловпен біржола табысады.  

1926  жылы  3  желтоқсандағы  Үкімет  қаулысымен  Түркістан  –  Сібір  темір  жолын 

салу  ұйғарылды.  Оны  жүзеге  асыруға  басшылық  жасау  РСФСР-дың  сол  кездегі  халық 

комитетінің  орынбасары  Тұрар  Рысқұловқа  тапсырылған  болатын.  Т.  Рысқұлов  бірден 

талантты  инженер  Мұхаметжаннан  осы  іске  араласуын  ӛтінеді.  Теміржолдың  жобасын 

жасау үшін үкімет тарапынан мемлекеттік комиссия құрылады. Оның құрамына әр ұлттың 

білгір  мамандары  енгізіледі.  Осылардың  барлығына  Мұхаметжан  жетекшілік  етеді. 

Сонымен бірге жобаны да ӛз басшылығына алады.  

ССРО  Еңбек  және  Қорғаныс  кеңесінің  шешіміне  сәйкес  Ресей  Федерациясының 

халық комиссарлар кеңесі 1927 жылғы 2 наурызында «Түркістан–Сібір магистралі» деген 

ат берілген темір жолды 5 жылда салып бітіру туралы шешім қабылдады.  

Түркістан-Сібір жолын салу  аса күрделі  техникалық  проблемалары  шешуді  қажет 

етті.  Құрылыс  ауданының  экономикалық,  жер  бедерінің  геологиялық,  гидрогеологиялық 

және сейсмикалық жағдайы туралы мәліметтер жеткіліксіз болды. Сондықтан ӛз кезегінде 

кең түрде зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жол салынатын аймақта ССРО Ғылым 

академиясының  бір  ботаникалық,  екі  гидрогеологиялық,  тӛрт  геологиялық,  бір 

сейсмикалық  экспедициялары  жұмыс  істеді.  Зерттеу  барысында  аты  әлемге  белгілі 

академик  ғалымдар  А.И.Карпинский,  В.Л.Комаров.  А.Е.Ферсман,  А.Ф.Иоффе,  Л.С.Берг, 

сондай-ақ  тұңғыш  қазақтан  шыққан  жол  қатынасы  инженері,  Ресей  Федерациясы  халық 

Комиссарлар  Кеңесі  жанында  құрылған  Түркістан-Сібір  жолын  салуға  жауапты 

комитетінің мүшесі М.Тынышбаев жұмыс атқарды.  

Зерттеушілер  тек  трассаны  ғана  емес,  сонымен  қатар  Қордай  және  Шоқпар 

аудандарының шаруашылығы жағдайы мен оның даму болашағын да зерттеді. Алғашқыда 

экономикалық  және  техникалық  зерттеу  кӛрсеткендей,  экономикасы  дамыған  және 


 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



22 

 

 



тұрғындары  тығыз  орналасқан  Қордай  ңұсқасы  қарастырылды.  Дегенмен,  жүйелі 

жинақталған  және  ғылыми  ӛңделген  жұмыс  нәтижесі  бұл  шешімді  ӛзгертті.  Шоқпар 

ңұсқасының Қордайға қарағанда байсалды артықшылығы анықталды: 

1.

 



Ол кезде Қордай ауданына Луговая –Фрунзе темір жолы қызмет жасайтын. Кең 

кӛлемді  Шоқпар  ауданында  темір  жол  салу  оның  экономикалық  дамуына  үлкен  әсер 

ететін.  

2.

 



Салынар  темір  жолдың  транзиттік  ұзақтығы  23  км-ге  қысқартылып, 

пойыздардың жүріс уақыты қысқарады.  

3.

 

Жер  мен  шың  құздар  жұмыстар  мен  қосымша  жасанды  құрылыстарға  кететін 



шығындар 23 млн сомға қысқарады.  

4.

 



Жол  профильін  жақсартудың  нәтижесінде  жол  салу  уақыты  бір  жылға 

қысқартылып  және  әр  жылғы  пайдалану  шығындарын  үнемдеуден  0,5  млн  сом  нақты 

пайда алынады.  

5.

 



Жолдың сейсмикалық ауданнан алыс салынуы да артықшылық еді.  

Нәтижесінде  ССРО  Еңбек  және  Қорғаныс  кеңесінің  1927  жылдың  28  қазанында 

Түрксібтің оңтүстік бӛлігіндегі Шоқпар ңұсқасы бекітілді. Темір жолдың Алматы қаласы 

арқылы  салынуы,  кӛп  ұзамай  республика  астанасының  осында  ауыстырылуы  туралы 

шешім қабылдануының бір факторы екені даусыз.  

Түрксібтің бір саласы Фрунзе –Тоқмақ жол бӛлігінің 1929-1930 жылдарда 

салынуы  кӛрші  Қырғыз  Республикасының  экономикасы  мен  шаруашылығының 

дамуына оң әсері болды.  

Түрксібтің  солтүстік  учаскесінде  Балқаш  пен  Шығыс  (Лепсі)  ңұсқаларының 

арасындағы  шешілмеген  мәселе,  желінің  Балқаш  кӛліне  жақын  ӛтетін  жерлерде  жол 

бұрылыстарын  қысқарту  арқылы  құрылыс  қаражатын  үнемдеуге  байланысты  (бұрынғы 

зерттеуде Сергиопольден оңтүстікте- Лепсі егіншілік ауданында) темір жолдың Балқашқа 

тым  жақын  болуы  жергілікті  жердің  құмды  болуы  жылжымалылыққа  әкеледі  деп 

есептеліп едәуір бұрылыс қарастырылған болатын.  

М.Тынышбаев  бұл  мәселені  жол  бойында  құмды  тоқтататын  арнайы  қоршау 

құрылысын  салу  және  ағаш  отырғызу  арқылы  шешті.  Балқаш  ңұсқасы  18  мамыр  1928 

жылы  іске  қабылданып,  нәтижесінде  темір  жол  желісі  қысқартылып,  жергілікті  табиғи 

қорларды  пайдалану  арқылы  ӛңірдің  халық  шаруашылығының  экономикалық  дамуына 

қол жеткізіледі.  

М.Тынышбаев  білімді  маман,  зерттеуші  ғана  емес,  ӛндіріс  саласының  білікті 

ұйымдастырушысы ретінде Қазақстанның кӛлік экономикасының негізін қалаушылардың 

бірі. Оған негіз болатын қорытынды: 

1.  Темір  жол  құрылысы  1928-1929  жылдары  жоғары  қарқынды  жүргізіліп,  оның 

ішінде  Ертіс,  Аягӛз,  Қаратал,  Іле,  Шу  ӛзендерінде  күрделі  кӛпірлер  салынды. 

Құрылысшылардың  ерен  еңбегі  мен  М.Тынышбаевтың  шебер  ұйымдастырушылығының 

арқасында  екі  жақтан  басталған  темір  жол  құрылысы  1930  жылы  28  сәуірде  Айнабұлақ 

(Талдықорған  облысы)  стансасында  қосылып,  жалпы  ұзындығы1445  км  құрайтын 

Түркістан-Сібір темір жолы1931 жылы1 қаңтардан тұрақты пайдалануға берілді. 

2. 1931-1939 жылдары магистралды техникалық жабдықтауға – паравоз және вагон 

жӛндеу  деполары,  электростансалар,  тұрғын  үйлер  мен  қызметтік  ғимараттар  салынып, 

қозғалмалы  құралдар  мен  станок  жабдықтар  сатып  алынып,  стансалар  мен  басқа  да 

қажетті  нысандарды  дамытуға  206  млн.  сом  қаржы  жұмсалды.  Осы  жылдары  Түрксібте 

жүк  айналымы324%  (2862  мың  тн—дан  10  млн270  мың  тн-  ға  дейін)  ӛсті.  Жолдың  жүк 

құрылымында транзит (35%) шеттен тасымалдау (32%) басым болды.  



 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



23 

 

 



3. Темір жол қуаттылығы жоғары паравоздармен толықтырылып, паравоз паркі екі 

еседен  артық  ӛсті.  Жүк  вагондарының  жартысынан  кӛбі  автоматты  тежегіштермен 

қамтамасыз  етіліп,  автосцепкалармен  жабдықталып,  жолаушы  вагондарының  саны                 

10% - ға ӛсті.  

4.  М.Тынышбаевтың  ұсынысымен  Түрксіб  магистралының  құрылысына  Мәскеу, 

Ленинград, Ташкент тағы басқа орталық қалаларында оқып жүрген қазақ студент жастар 

тартылды.  Олар  жазғы  демалысында  құрылыс  жұмысына  қабылданып,  ӛндірістік 

тәжірибе  жинады  және  еңбек  ақы  алып  қаржылықкӛмекке  ие  болды.  Олардың  арасынан 

болашақ  кӛрнекті  темір  жол  басшылары  мен  атақты  теміржолшыларД.Ж.  Омаров, 

М.Т.Қозыбеков, И.Қаптағаев, Б.Аспаев, О.Байтұлақов т.б. шықты.  

5. Түрксіб  желісінің салынып іске қосылуымен Қазақстанның индустриалды және 

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі қаланды. Темір жол ауданаралық шаруашылық 

және мәдени байланыстардан нығайтып, тұрақты тауар айналысын қалыптастырып, Сібір 

және  Ортаазиялық  жүктерді  тасымалдау  қашықтығын  2400  км-ге  қысқартты.  Семей  мен 

Жетісу  астығы  және  Сібір  құрылыс  ағаштарын  Орта  Азияға  тасымалдауға  жол  ашылып 

Оңтүстік  Қазақстанға  Кузнецкінің  кӛмірін,  шығыс  бағытына  мақта,  мұнай,  жеміс 

тасымалы артты.  

6. Магистраль бойында Жарма, Аягӛз, Сары-ӛзек, Іле стансалары салынып, Семей, 

Алматы,  Фрунзе,  Жамбыл,  Шымкент  қалаларының  экономикалық  және  мәдени 

маңыздылығы  артты.  Сондай-ақ,  жеңіл  және  тамақ  ӛнеркәсібі  жедел  дамып,  ауыр 

ӛндірістің  бірнеше  кәсіпорындары  –  Балқаш  мысқорыту  комбинаты,  Текелі  полиметалл 

комбинаты,  машина  жасау  зауыттары  пайда  болып,  күміс-қорғасын,  кӛмір  т.б.  кен 

орындарының  ашылып  игерілуіне  қол  жеткізілді.  Аудандарда  ауыл  шаруашылығының 

қарқынды  дамуына  әсер  етті:  мал  шаруашылығында  –  табын  құрылымында  ет-  сүт  кӛп 

беретін мал санының артуы, биязы және қылшық жүнді қойларды ӛсіру, мақта танаптары 

кеңейтіліп,  техникалық:  күріш,  қызылша,  темекі  т.б.  дақылдар  егіліп  және  олардың  егіс 

аумағы кеңейтілді. 

Мұхаметжан  Тынышбаев  талантты  инженер  ғана  емес,  әдебиет  пен  тарихтың  да 

білгір ғұламасы еді. Темір жол салу ісіне қатыса жүріп, ӛзінің туған даласы мен тау-тасын 

зерттей  отырып,  құм  басқан  ескі  жолдар  мен  қалаларды  тапты.  Оның  күнделікті  жұмыс 

дәптерінде  инженерлік  есептеулермен  қатар  археологиялық  жазбалары  мен  ғылыми 

мақалалар  да  орын  алады.  Мұның  барлығы  кейіннен  салиқалы  тарихи  еңбектер  мен 

баяндамаларға  ұласты.  Оның  ең  белгілі  еңбегі  –  қазақ  руларының  тарихы  жӛніндегі 

шығармашылығы.  Осы  арқылы  Мұхаметжан  Тынышбаев  бұл  күнде  асқан  ойлы,  біртуар 

талант иесі екендігін дәлелдеп отыр. 

 

Әдебиет 



 

1.

 



 История транспорта и коммуникаций Казахстана. Алматы, «Бастау», 2010.-632. 

2.

 



Н.Балқияұлы. «Жастарға бір ауыз сӛз». Алматы, «Мастер», 2011. -148 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет