Транспорттық телекоммуникациялық желілер


 Оптикалық транспорттықжелілердегі желілік элементтер



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата15.12.2023
өлшемі1,18 Mb.
#138647
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Оптикалық транспорттықжелілердегі желілік элементтер
 
Дәрістің мақсаты:оптикалық транспорттық желілердегі желілік 
элементтерді оқып үйрену.
 
Оптикалық транспорттық желілердегі желілік элементтер желілік 
түйіндерде және желілік станциялар құрамында қолданылатын орындары
интерфейстері және функцияларының алуан түрлілігімен айтарлықтай 
ерекшеленеді.
 
Сонымен қатар 
желілік элемент
негізінде байланыс желісінде 
байланысты ұйымдастыру үшін, олардың қорғалуын, тестілеуін, 
басқарылуын және тағы басқа да аналогтық құрылғылармен желілік 
байланысын өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін функциялар жинақтығы 
ретінде қарастырады. 8.1 суретте желілік элементтің жалпы құрылымы 
және желілік элементтің құрамына кіретін компоненттердің мысалы 
көрсетілген. 
8.1 сурет - Транспорттық желінің элементтерінің желілік ортақ 
құрылымы 
Желілік элемент өз алдына оптикалық интерфейсті электронды 
регенераторды, оптикалық күшейткішті, SDH, ОТН мультиплексорлардың 
кіріс-шығысын, OADM (Optical Add-Drop Multiplexer) көптолқынды сигнал 
мультиплексоры және т.б. ретінде өзін таныта алады. Желілік элементте әр 
түрлі сызықты соңғылармен қатар (порты STM-N, WDM), оптикалық және 
электрлі терминалдау қолданушы интерфейстері (Е1, ЕЗ, Е4, STM-N, 
Ethernet 1000, ATM және т.б.) болуы мүмкін. Желілік элементтің желідегі 
эффектті және сенімді өзара әрекеті үшін ол басқару және синхронизация 
әдістерімен түрленеді. Әрине, желілік элементтің сонымен қатар сенімді 
электрқоры, қызметтік байланысы және сигнализациясы болуы керек. 
Төменде желілік элементтің желі және қорек көзі/қабылдаушының 
ақпараттық жүктемесімен өзара әрекеті үшін мүмкін болатын 
функциональді орындаулары қарастырылады. Сонымен қатар әрбір 


33 
физикалық конфигурацияның орындалатын функцияларды қолдайтын 
программалық қамтамасыз етуі болады. 
Регенератор және оптикалықкүшейткіш.
 
Сызықтық регенератор 
SDH желісінде желі түйіндері арасындағы сигналдардың берілу 
қашықтығын ұлғайту үшін қолданылады. Регенератор бір кіріс және бір 
шығыс порты бар SDH мультиплексоры ретінде қарастырылады және 
цифрлық сигналдарды бір бағытта тасымалдау құрылғысы болып табылады. 
Регенераторда бөгеуілдер мен дисперсия нәтижесінде пайда болған цифрлы 
сызықты сигналдардың бір-біріне араласуы жойылады. Екі жақты 
тасымалдау үшін екі регенератор қолданылады (8.2 сурет). 
8.2 сурет - SDH желісі STM-1 деңгейінің регенераторын
анықтайтын үлгісі 
Регенераторларда В1 байты бойынша қателерді бақылау үшін RSOH 
тақырыпшасының қызмет сигналдары, El, F1, байты арқылы қызметтік 
байланыс, DCCr D1...D3 байттары арқылы DCCr басқару арнасы және басқа 
да берілетін функциялары қолжетімді болады. 
STM-16, STM-64, STM-256 регенератор деңгейінде 5.8 дБ –ге дейін 
энергетикалық потенциалды көтеретін және байланыс ұзақтығын 
ұлғайтатын (бөлік регенерациясы) FEC қателер коррекция функциялары 
қолданылуы мүмкін. SDH регенераторында MSOH тақырыпшасының 
байттарына және STM-N жүктемесінің алқабына рұқсат жоқ. 
Оптикалық күшейткіш 
— транспорттық желі техникасында 
қолданылатын оптикалық сигналдың қуатын ұлғайтатын құрылғы ретінде 
сонымен қатар интерфейс құрамында сияқты бөлек желілік элемент ретінде 
де қолданылады.Регенераторға қарағанда оптикалық күшейткіштің 
айырмашылығы ол оптикалық сигналды электрлікке түрлендіру 
функциясы, оның регенерациялануы және келесі электрооптикалық 
түрленуі болмайды. Оптикалық күшейткіш бір немесе екі қарсы бағыттағы 
сигналдарды күшейте алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет