Транспорттық телекоммуникациялық желілер


  9 Синхронизация, транспорттық байланыс желілеріндегі



Pdf көрінісі
бет13/19
Дата15.12.2023
өлшемі1,18 Mb.
#138647
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
 


36 
9 Синхронизация, транспорттық байланыс желілеріндегі 
қорғаныс және басқару 
 
Дәріс мақсаты: оптикалық транспорттық желілерді оқу. 
 
Транспорттық желідегі синхронизация.
 
Әр түрлі жүйелерде цифрлық 
сигналдарды өңдеу (коммутация таратылымы, мультиплексрлеу және т.б.) 
синхронды және уақыт бойынша қатаң ретпен орындалу керек. Цифрлық 
сигналдың қабылдағышы таратқышпен үнемі синхронды жұмыс істеу 
керек. Осы шарт толықтай орындалғанда ғана цифрлы ақпараттың қатесіз 
таратылуы жүзеге асады. Сондықтан таратқышпен туындайтын импульсті 
таратудың такттері қабылдағыш жұмысын синхрондап отырады. 
Синхронизация такттерінің проблемасы жекелеген тактілік механизмдері 
бар цифрлық жүйе торабында анықталады (тарату және коммутация 
жүйесі). Өзара әрекеттесетін цифрлық жүйелердің торабында келіп түсетін 
мәліметтердің тактілік жиілігі, ал саналатын жиілігі болатын буферлі жады 
орнатылады. Жиілігі 10 Гц-тан жоғары болатын фаза өзгерісін джиттер деп 
атайды. Жиілігі 10 Гц-тан төмен болатын фаза өзгерісін адасу немесе 
вандер деп атайды.
Буферлі жадыдағы жазылу және санау такттерінің фазасы мен 
жиіліктері әр түрлі болғандықтан буферді толтырып және жоғалатын артық 
уақыттық жіберу пайда болады, ол буфердегі белгісіз жіберулерді қате 
есептеуге әкеледі. Соңында ол цифрлық өңдеудің жоғары деңгейінде 
жаңылуға әкелуі мүмкін. Мысалы цикл, шамадан тыс цикл бойынша 
берілген сөздердің синхронизациясының реті бұзылуы мүмкін, желінің 
ATM, Ethernet және т.б. сияқты дестелік мәліметтерінің синхронизациялық 
реті бұзылады. Жүйе торабындағы цифрлық сигналдың буферында 
саналатын биттердің жоғалуы немесе қайталануы сырғанау (Slip) атына ие 
болды. Сырғанау екіге бөлінеді: 
- басқарылатын, циклдық синхронизмнің жаңылуына әкелмейді, бұл 
жағдайда жоғалулары бар сигналды синхронизм қалпына келтіреді; 
- басқарылмайтын, циклдық синхронизмнің жоғалуына алып келеді 
және цифрлық сигнал жоғалуын қайта қалпына келтіре алмайды. 
Транспорттық желіде жұмыс істейтін синхронизация аппаратурасы 
неге маңызды? 
Мысалы, SDH аппаратурасында С-х, VC-x, TU-n/m, AU-n, STM-N, 
цифрлық блоктары құрылады, олар желіде таратқыштан қабылдағышқа 
қарай бір биттен кейін келесі бит таратылады. Жекелеген биттердің 
жоғалуы STM-N-дағы циклдік синхронизмнің жаңылуына, PTR сілтемесі 
мәнінің бұзылуына, SDXC синхронды кросстық байланысының бұзылуына 
және т.б. алып келеді. Соңында SDH транспорттық тарату ортасының 
бұзылуы Е1 циклінің және телефондық қосылудың бұзылуына, бейне 
байланыс және теледидарлық программалардың трансляциясы кезінде 
суреттердің жоғалуына және т.б. әкеледі.


37 
Уақыт бірлігі ішінде сырғанау санын нормалау байланыс 
операторының пайдаланушыға жеткізетін қажетті қызмет сапасына 
негізделген. Қызмет сапасының негізгі талаптары ұзындығы 27500 к 
болатын цифрлық байланыстың халықаралық құрылымы үшін G.801 МСЭ-
Т кепілдемесінде анықталған (9.1 сурет). Бұл байланыста G.822 
кепілдемесіне сәйкес болу керек: 
а) жалпы байланыс жұмыс уақытының 98,9% құрайтын 24 сағат 
ішінде 5 сырғудан артық болмау керек; 
б) жалпы байланыс жұмыс уақытының 1% құрайтын 1 сағат ішінде 
30-дан аз болатын, 24 сағат ішінде 5 сырғудан артық
в) жалпы байланыс жұмыс уақытының 0,1% құрайтын 1 сағат ішінде 
30 сырғуға рұқсат беріледі.
ЖБ - жергілікті бекет; КБО - коммутацияның біріншілік орталығы; КЕО – 
коммутацияның екіншілік орталығы; КҮО- коммутацияның үшіншілік 
орталығы. 
9.1 сурет - Халықаралық эталондық сандвқ байланыс құрылымы 
Сонымен қатар байланыс уақытының жалпы саны 1 жылдан аз 
болмау керек деп қабылданған. (а) категориялы сапа нормалы режим деп 
есептеледі. Халықаралық және ұлттық деңгейде (б) төмен сапа мен 
қанағаттандырылмайтын (в) сапасының жұмыс істеу уақытының ұзақтығын 
үлестіргенде келесі қабылданған: 
1)
Халықаралық транзит - жұмыс ұзақтығынан 8% (б және в 
режимдері ). 
2)
Әр ұлттық желіге (аймақтық+ұлттық транзит) — 46%, оның 40% 
аймақтық желіге бөлінген. 
Сырғу санын анықтау үшін келесі [52] қатынас қолданылады: 
Бір тәуліктегі сырғу саны = (1 секундтағы циклдер саны) х (бір 
тәуліктегі секунд саны)
 

(Af/f), 
Мұндағы X 
(Af/f) –
тактілі синхронизация дәлдігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет