29
Интерфейс құрылымында ОТN желісін құрайтын барлық деңгейлерге
арналған технологиялық шешімдері көрсетілген, сонымен қатар ОТМ-ң
оптикалық транспорттық модулінің толық және жеңілдетілген интерфейс
қызметтері көрсетілген.
Интерфейстің қызметтері орындалу үшін электронды және оптикалық
құрал-жабдықтар қолданылады (7.2 сурет), оптикалық R ретрансляция,
оптикалық блоктар (ОМХ) және (TPD) транспордерімен қосылған.
OCh (Optical Channel) оптикалық арнаның қызметтері транспондерлі
блоктар арқылы жүзеге асады.
7.2 сурет – OTN-OTH желісінде жалғау құрылымы
OCh деңгейі қолданушылардың
OPU, ODU, OTU ақпараттарын
жинақтау үшін блоктар генерациясы арқылы оптикалық транспортты
иерархияның цифрлы транспорттық қалыптастыруын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар OCh деңгейі жібергенде электрлік сигналды
оптикалыққа түрлендіруді және қабылдауда регенерациялау импульсті
сигналдың амлитудасын формасын және ұзақтығын қамтамасыз етеді.
(функциялар 3R). 7.2 суретте көрсетілген құрылымның құраушыларын
қарастырамыз.
OPUk (Optical channel Payload Unit-k) –
к
ретіндегі оптикалық
арнаның жүктеме блогы, мұнда
к ~
1, 2, 3.
Бұл циклдық ақпараттық құрылым оптикалық арнада қолданушының
ақпаратының транспортировкасына адаптациясы үшін қолданылады.
OPUk блогы ақпараттық жүктеме мен тақырыпшадан тұрады.
к
ретіндегі оптикалық арнаның жүктеме блогы, мұнда
к ~
1, 2, 3.
ODUk (Optical Data Unit-k) -
к
ретіндегі оптикалық арнаның
мәліметтер блогы, мұнда
к ~
1, 2, 3. Бұл ақпараттық құрылым OPUk
ақпаратынан және тақырыпшадан құралған.
30
ODUk-P (ODUk Path –
к ретіндегі оптикалық арнаның мәліметтер
болгы,
OTN желісінің күре жолын басынан соңына дейін қолдаушы.
ODUk-T (ODUk-TCM, ODUk Tandem Connection Monitoring) —
оптикалық арнаның мәліметтер блогы, OTN
желісінің жұптық бақылауын
қолдайды.
ODUk-T-ң бір блогы алты тандемдік байланысқа дейін мониторингтің
қолдауын қабылдайды.
OTUk (Optical Transport Unit-k) —
к
ретінде оптикалық транспорттық
блок, мұнда
к =1,2,
3. Бұл ақпараттық құрылым ODUk-ң бір немесе
бірнеше оптикалық арналар байланысының транспортировкасы үшін
қолданылады.
OTUk блогының екі түрі белгілі — OTUk-V және OTUk. Ол
жергілікті бөлімдерде толық және жеңілдетілген қалпында орындалу үшін
ұсынылған.
OTUk-V жартылай стандартталған құрылым ретінде сипатталған,
ОТМ оптикалық транспорттық модулінің толық түрде орындалуын қолдану
ұсынылған.
OTUk-V оптикалық арнаның мәліметтер блогынан, FEC қателерін
түзеу мен оптикалық арнаны басқаратын тақырыпшалардан тұрады (7.3
сурет).
OTUk блогы оптикалық модуляторға бағытталып, анықталған сәуле
шығару толқынында импульстік оптикалық тасымалдау қалыптасады.
Әр OCh сәуле шығару толқыны мультиплексирлеудің OMS (Optical
Multiplex Section) оптикалық секциясымен бірігеді.
7.3 сурет – OTUk блогының құрылымы
OMS-n-ң мультиплексирлеудің оптикалық
секция деңгейінде п
оптикалық арналарының мультиплексирлеу/демультиплексирлеуі жүреді.
1
<п<
16 оптикалық жиілік санын көрсетеді, 1260-1675 нм
диапазонында талшықты-оптикалық сызықтар арқылы сигналдар берілу
үшін ұсынылған.
Бұл диапазонда
п
оптикалық блогынан ОТМ модуліне оның келесі
ОТS (Optical Transmission Section) оптикалық секциясына дейінгі
31
трансляциясының топтасуы мүмкін.
OTM-n.m, OTM-nr.m, OTM-O.m (Optical Transport Module) оптикалық
транспорттық модульдері
OTS-n оптикалық секциясын жіберу деңгейінде
қалыптасады және қайта қалыптасады.
ОТМ индексі интерфейстің әр түрлі қалпы қалыптасу үшін
анықталған.
«п»
индексі толқынның максималды берілу санын көрсетеді, егер п=0,
онда ол бір толқынды жіберілімді білдіреді.
«г»
индексі жеңілдетілген қызметтерін белгілеу үшін қолданылады,
сонымен қатар ОТМ бөлек толқындық тақырыпша тасымалдау қызмет
көрсету арнасы жоқ.
«т»
индексі ОТН біріктірілген жылдамдық нұсқасындағы
жылдамдықты тасымалдауға сәйкестірілген.Ол «к» индексіне қарағанда
кеңейтілген болып саналады. (m = 1, 2, 3, 12, 123,23).
«ь»
индексі ОТН иерархиялық жылдамдығының тірегін білдіреді.
(7.1 кесте).
к =
1 2,7 Гбит/с жылдамдығына сәйкес келеді, к=2 10.7 Гбит/с
cәйкес келеді,
к
= 3 41.2 Гбит/с жылдамдығына сәйкес келеді.
7.1 кесте - OTUk циклдері және иерархиялық жылдамдықтары
OTUk жылдамдықтары, кБит/с
Жылдам
ажырауы
Цикл ұзындықтары, мкс
OTU1
255/238×2 488 320
±20×10
-5
48,971
OTU2
255/237×9 953 280
12,191
OTU3
255/236×39 813 120
3,035
Мультиплексирлеудің кезеңдерінде OTUk қалыптасуы ODTUGk
топтасқан блогындағы ODU k ақпараттық мәліметтердің ілеспе байттық
бірігуі қолданылады, мұнда
к=
1, 2, 3.
OTUk, ODUk и OPUk қалыптасуы сонымен бірге ОН (Overhead)
тақырыпшасымен және жылдамдықтың үйлестіруімен байланысты.
OTUk циклі FAOH тақырыпшасынан 7 байт сыйымдылығымен басты
бөлімнен басталады.
Цикл соңында 4x256 блогы Рид-Соломон (RS, Reed-Solomon) кодымен
толтырылуы, FEC қателіктерін түзеу мумкін және нөлдік балластық
толтырудан тұра алады. OTUk байт блогын тасымалдау солдан оңға және
жоғарыдан төмен қарай өндіріледі.
Мультиплексирлеудің сұлбасының
орындалуының нәтижесі ОТМ
оптикалық транспорттық модулінің үш түрі болып табылады: ОТМ-O.m;
ОТМ-nr.m и ОТМ-n.m.
OPU2,
ODU2,
OTU2
цифрлық
блоктарының
қалыптасу
операцияларының техникалық реті көрсетілген. Әр блоктың қлыптасу реті
келесі бөлімдерде көрсетілген.