ISSN 1563-0307 KazNU Bulletin. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №1 (50). 2015
189
ӘОЖ 341.24
Садибеков Е.Ө.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Қазақстан
Республикасы, Алматы қ.
Е-mail: sadybekov.ermek@mail.ru
Орталық Азия мемлекеттері үшін қазіргі таңда су
тапшылығы мəселесі туындап отыр. Осы мəселені бірігіп
шешпеген жағдайда, мəселе өршіп кетуі мүмкін. Егер де
əрбір мемлекет эгоистік тұрғыдан осы мəселеге қарап, ше-
шуге ұмтылмаса, онда жағдай арықарай ұшығады.
Жалпы
бұл проблемалар Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бастал-
ды. Орталық Азия мемлекеттері тəуелсіздік алғанға дейін, су
бөліну мəселелерін Мəскеу шешіп отыратын. Мəскеу Орталық
Азиядағы мемлекеттерінен билігін жоғалтқаннан кейін, əр мем-
лекет өз мəселесін өзі шешуді бастады. Осы кезеңнен бастап,
Орталық Азия мемлекеттері арасындағы алауыздық бастал-
ды. Өйткені, Орталық Азия мемлекеттерінің мүддесі əртүрлі,
əр Орталық Азия мемлекеті өз мүддесіне суды пайдаланғысы
келеді.
Қазіргі таңда аймақ, су ресурстарына бай мемлекеттерге
(Тəжікістан жəне Қырғызстан) жəне оларға тəуелді мемлекет-
тер деп бөлінеді (Қазақстан Өзбекстан жəне Түркменстан).
Егер Қырғыстан Сырдария өзенінің су ағымын бағдарлап отыр-
са, ал Тəжікстан болса Амудария өзенінің су ағымын бағдарлап
отыр. Осыған орай аталған мемлекеттер арасында бұл мəселеге
қатысты саясатында бір ізділік жоқ болып отыр.
Өйткені
жоғарыда орналасқан мемлекеттер суды энергетика көзін дамы-
ту үшін қолданғысы келеді, ал төменде орналасқан мемлекет-
тер жер шаруашылығының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін
пайдаланады. Бұл мемлекеттердің тіпті суды пайдаланудағы
мерзімдерінің өзі сəйкес келмейді, сондықтан төменде орна-
ласқан мемлекеттер үшін белгілі деңгейде қолайсыздық туды-
рады. Өйткені жоғарыда орналасқан мемлекеттер электр қуатын
өндіру үшін қыста көп суды талап етеді де жаз уақытында суды
жібере салады, бұл жазда жер шаруашылығы үшін пайдала-
нып отырған мемлекетер үшін тиімсіз болып табылады, себебі
көптеп келген су астықты шайып кетеді немесес су астында
көп уақытқа қалған астық шіріп кетеді. Осыған орай Қазақстан
жəне Өзбекстан суды жазға қарай жинайтын су қоймаларын са-
лып жатыр. Дегенмен де, су Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде
тапшы болып отыр. Қазақстанның оңтүстік өңірлері суға тап-
шы
болуының бір себебі, дəнді дақылдарды жəне астықты
өсіру өте қолайлы, өйткені Қазақстанның басқа облыстарынан
Достарыңызбен бөлісу: