Тұрақты даму түсінігі. Экологияның қазіргі құрылымы: аутэкология,демэкология,синэкология



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата01.02.2023
өлшемі1,75 Mb.
#64458
1   2   3   4
К. Мебиус 


В.Н. Сукачев (1880—1967) биогеоценозға мынадай аныктама берген —
«жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті
(атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар әлемі, 
микроорганизмдер дүниесі, топырақ және гидрологиялық жагдайлар) 
бірлестік, ол өзін құрайтын компоненттердің өзара әсерлесу
ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия алмасуымен, басқа да 
табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама-қайшылықты біртұтастықпен
сипатталатын, үнемі қозғалыста, дамуда болатын жиынтық». 
«Биогеоценоз» ұгымы шет елдерде кеңінен таралған, 1935 жылы А. 
Тенсли ұсынган «Экожүйе» үгымына жақын. Экожүйе дегеніміз — зат, 
энергия және акпараттар алмасу нәтижесінде біртүтас ретінде тіршілік
ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта 
жагдайларының жиынтығы.
Кейбір галымдардың көзқарасы бойынша «биогеоценоз» ұгымының
мазмұны негізінен зерттеліп отырған макрожүйенің құрылымдық
сииаттамасын берсе, ал «экожүйе» ұғымы ең алдымен оның
функционалдық мәнін көрсетеді. Экожүйеге құмырсқа илеуі, орманның
бір бөлігі, тұтас орман, космос кораблінің кабинасы, ландшафт және
бүкіл биофераның өзі мысал бола алады. Жалпы алганда биогеоценоз 
экожүйеге қатысты жекеден жалпыға қарай қатынаста болады.
В.Н. Сукачев 


Демэкология.


Популяциялар экологиясы –
демэкология. 
Популяция туралы түсінік. Популяцияның
статикалық сипаттамалары: популяцияның саны (тығыздығы) жəне биомассасы, жастық
жəне жыныстық құрамы. Организмдердің кеңістікте орналасу, орналасудың негізгі
типтері: кездейсоқ, біркелкі, топтасып, орналасу. Олли принципі. Популяцияның
динамикалық сипаттамалары: туылымы, өлім-жітімі, тірі қалу қисық сызықтары, өсуі
жылдамдығы. Популяция санының экспотенциалдық жəне логистикалық өсуі. Популяция 
санының реттелуі. Популяция тыұыздығына тəуелді жəне тəуелсіз факторлар
ДЕМЭКОЛОГИЯ –популяция ішіндегі және популяция мен орта арасындағы тура және
кері байланыстарды зерттейді. Бұл тіршілік ұйымының екінші деңгейі, басқаша айтқанда
популяциялық-түрлік деңгейді қамтиды. Кез келген ағзаны қандай бір түрдің өкілі деп
көру керек. Түрлер жекелеген популяцияға бөлінеді, ал олар белгілі бір аймақтағы осы 
түрдің сандық мөлшерін айқындайды. Популяция мүшелері бірге тіршілік ететін
көршілер, олар өсіп-өнуде, ортақ қорды пайдалануда, жыртқыштардан қорғануда бір-
бірімен тығыз байланыста болады. Популяция саны сыртқы жағдай мен оның ішкі
байланыстарына тәуелді болып келеді. Көршілес популяциялар мезгілдік көшіп қону, 
тұқым шашу, аймаққа қоныстану барысында өзара қатынасады. Бұндай қатынастар кей
түрде тұрақты жүрілетін болса, басқа біреулерінде ара-тұра кездеседі. Популяция өз
санын өзі реттейтін қасиетке ие. 


Американдық биолог және эколог Юджин Одум ХХ ғасырдың ортасында синекологияны
демекология, қауымдастық экологиясы және экожүйе экологиясы деп бөлуді ұсынды, 
аутоэкологияны түр экологиясы деп өзгертті (Одум "аутоэкологияны" архаикалық
термин деп санады), осылайша экологияның төрт бөлімі пайда болды."Популяция 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет