Атаулық тіркес
|
Айырмашылығы
Сөз тіркесі
|
Профессор К. Аханов атаулық тіркестерді күрделі сөз ретінде қарастырды.
|
Кез-келген тіркес сөз тіркесі бола алмайды.
|
Қазақ тілі мамандарынан атаулық тіркес мәселесін алғаш сөз еткен профессор H.T.Сауранбаев.
|
Сөз тіркесі:таза дәптер,таза киім,әдепті кісі,баланың ісі.
|
Атаулы тіркестер тіл білімінде бір ғана мағына білдіріп, бір сөздің орнына жұмсалатын сөз тіркестері.
|
Сөз тіркесі сөйлем құрау дағдыларын жетілдіреді.
|
Атаулық тіркестер, яғни лексикаланған тіркестер.
|
Сөз тіркесіне негіз болатын-сөз.
|
К.Ахановтың зерттеулерінде атаулық тіркес құрама сөз деп аталады.
|
Лексикалық және басқа түйдекті тіркестер «Cөз тіркесі» деген категорияға жатпайды.
|
Атаулық мəндегі тіркестердің тұтас мағынасы сыңарлар мағынасының қосындысынан шығады, яғни зат, құбылыстың табиғатында екі сыңардың да мағыналық белгілері болады (қаптесер, тасбақа, жермай, жерсағыз т.б.).
|
Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады.
|
Атаулық тіркестер көп жағдайда терминдік сипатта келеді, тура мағынада жұмсалады, зат, құбылыстың бірден-бір атауы; синонимі болмайды.
|
Сөз тіркесі салаласа байланыспайды.
|
Атаулық тіркестер зат атауы ретінде тек номинативті қызмет атқарады.
|
Тіркескен сөздер анықтауыштық,толықтауыштық,пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
|
Атаулық тіркестер еркін сөз тіркестеріндей сөйлеу процесінде емес, осы тұлғасында даяр бір бүтін лексема ретінде қабылданылып қолданылады. Сондықтан да олар жеке-жеке бөлініп, сөйлем мүшелері бойынша бөлшектеп талдауға көнбейді, сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызмет атқарады.
|
Сөздің тіркесуі екі түрлі болады:бірі-тұрақты сөз тіркесі,екіншісі-еркін сөз тіркесі.
|
Атаулық тіркестерде көркемділік қасиет жоқ, олар белгілі заттың, құбылыстың номинативті атауы.
|
Сөз тіркесі болу үшін сөздер белгілі заңдылықпен байланысады.
1)Жалғау арқылы 2)Шылау арқылы 3)Орын тәртібі арқылы 4)Интонация арқылы
|
Атаулық тіркестің мағынасы құрамындағы сөздердің мағынасынан фразеологиялық тіркестердегідей мүлде алшақ кетпейді. Құрамындағы жеке сөздердің мағыналары белгілі дәрежеде тіркес мағынасын анықтай алады. Мысалы, аяқ киім, боз торғай.
|
Сөз тіркесіндегі әрбір сөздің өзіндік синтаксистік қызметі болады.
|
Атаулық тіркестерді құрамына қарай мынадай үш топқа бөледі:
1.Байырғы сөздердің тіркесуі: балалар үйі (детский дом), ұлт мәселесі (национальный вопрос), бастауыш мектеп (начальная школа), еңбек кітапшасы(трудовая книжка), ағым істері (текущие дела), т.б. Бұл тіркестердің компоненттері – тілімізде ертеден бері қолданылып келе жатқан байырғы сөздер. Тіркес құрамында, әрине, олар мағыналық өзгеріске түскендігі даусыз.
2.Қазақ тілінің байырғы сөздері мен орыс тілінен енген сөздердің тіркесуі: атқару комитеті (исполнительный комитет), құрама республика (федеративная республика), Совет өкіметі (Советская власть), халық соты (народный суд), т.б. Осы мысалдарда қазақ тілінің байырғы сөздері, сондай-ақ орыс тілінен енген сөздер атаулық тіркестің алғашқы анықтауыш компоненті де бола алатынын аңғарамыз.
3.Орыс тілінен енген сөздерден құралған тіркестер: уездік комитет, Совет республикасы, математика факультеті, Совет соты, партия комитеті,т.б.
|
Құрамына қарай сөз тіркесі жалаң сөз тіркесі, күрделі сөз тіркесі және аралас сөз тіркесі болып үшке бөлінеді.
|
Атаулық тіркестерді жасалу жолына қарай да бірнеше топқа бөледі.
1.Қабыса байланысқан тіркестер: ашық хат, облыстық комитет, бастауыш мектеп, орталық комитет, темір жол, т.б.
2.Қатысты мағынадағы тіркестер көбіне екінші изафет арқылы жасалады: ұлт мәселесі, партия комитеті, халық соты, тұтыну қоғамы, еңбек кітапшасы, балалар бақшасы, т.б.
3.Матаса байланысқан тіркестер. Байырғы сөздер; сондай-ақ кірме сөздер ілік септігі мен тәуелдік жалғауларын қабылдайды. Осы аталған атаулық тіркестерді құрамына қарай, жасалу жолына қарай топтастыруы қазіргі атаулық тіркестерді зерттеуге жол көрсетті.
|
Сөз тіркесінің негізі-сөз таптары.
|
Қазақ тіліндегі атаулық тіркестер жаңа сөз жасаудың да бір көрінісі болып есептеледі.
|
Матаса байланысқан сөз тіркестері зат есім мен зат есімнен құралған сөз тіркестері.
|
Атаулық тіркестердің мынадай басты белгілерін көрсетуге болады:
• Мағына тұрақтылығы;
• Мағына нақтылығы,
• Құрамының тұрақтылығы;
• Терминдік мән беретін атаулык тіркестердің синонимдерінің болмауы
|
Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері барыс,табыс,шығыс,көмектес септікті сөз тіркестері.
|