«Тұрақты ток» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаттары



бет1/2
Дата06.03.2023
өлшемі190,72 Kb.
#71842
  1   2
Байланысты:
10сын БЖБ Тұрақты ток-1


«Тұрақты ток» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаттары
10.3.2.2 - өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу;
10.3.2.4 - толық тізбек үшін Ом заңын қолдану;
10.3.2.6 - тармақталған электр тізбегіне Кирхгоф заңын қолдану;
10.3.2.7 - электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің пайдалы әсер коэффициентінің формулаларын есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийлері
өткізгіштерді аралас жалғауды зерттейді;
толық тізбек үшін Ом заңын қолданады;
тармақталған электр тізбегіне Кирхгоф заңын қолданады;
электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің пайдалы әсер коэффициентінің формулаларын есептер шығаруда пайдаланады.
Ойлау дағдыларының Қолдану, жоғары деңгей дағдылары
деңгейлері


Орындау уақыты 25 минут


Тапсырмалар

  1. Бірінші суреттегі кедергінің мәндері R1=2 Ом, R2=10 Ом, R3=15 Ом, R4=4 Ом-ға тең. Екінші суретте авометр кескінделген.


1-сурет 2-сурет



  1. Вольтметрдің көрсетуін жазыңыз [1]

  2. Жалпы кедергіні табыңыз RАВ [2]

  3. Амперметрдің көрсетуін табыңыз [2]




  1. Реостаттың жылжымалы контактісінің бір қалпында I1=1,7A ток күшін, ал вольтметр U1=16,3 В көрсетті. Контактіні солға жылжытқан кезде амперметр I2=2,4 A ток күшін, ал вольтметр U2=14,7В көрсетті.

  1. Ток көзінің ішкі кедергісін анықтаңыз

[2]

  1. Ток көзінің ЭҚК-ін есептеңіз

[2]

  1. Схемадағы кедергілердің мәндері R1=100 Ом, R2=100 Ом, R3=150 Ом-ға тең, ал ЭҚК-ің мәндері Ɛ1=75 В, Ɛ2=100 В-қа тең

Кирхгоф заңын пайдаланып, өткізгіштің ұштарындағы ток күштерінің мәндерін табыңыз



  1. 1-тармақтағы ток күшін есептеңіз

[1]

  1. 2-тармақтағы ток күшін есептеңіз

[1]
с) R3-пен өткізгіштегі ток күшін есептеңіз
[1]

  1. Көтергіш кранның электрқозғалтқышы 380 В кернеумен жұмыс істейді. Оның орамындағы ток күші 20 А. Кран 1т жүкті 50 с ішінде 19 м биіктікке көтерді. (g=9,8 м/с2)

  1. Электрқозғалтқышының желіден тұтынатын қуатын анықтаңыз

[1]

  1. Құрылғының пайдалы қуатын есептеңіз

[1]

  1. Қондырғының ПӘК-ін анықтаңыз

[1]

  1. Қозғалтқыштың өндірген жұмысын есептеңіз

[1]



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет