123
жағдайда, ортан жілік басы сәл сыртқа қарай жылжып, шұңқырдың жоғарғы
жиегіне тіреліп, оны сындырып жібереді, жілік басы жоғары үстіне немесе
жоғары артына қарай шығып кетеді.
Жамбасты екі жағынан ішіне қарай сыққанда шаптың маңы қатты
ауырады (Варнейля белгісі). Жамбасты алдыңғы үстіңгі өсіндісі тұсынан,
ішкі жағынан ұстап сыртқа қарай кергенде шап аймағы қатты ауырады. Бұл
Ларрея белгісі деп аталады.
Емдеуі: Жамбас ішіне Школьников-Селиванов әдісі бойынша блокада
жасаймыз (бұл әдіс жоғарыда көрсетілген). Ауруды қатты төсек бетіне
жатқызып, тізесінің астына жастық қойып, сандарын сыртқа қарай керіп,
өкшелерін бір-біріне тиістіріп жатқызамыз, бұл құрбақа тәрізді қалып
(Волкович белгісі) 2 ай жатады. 10-12 күндері отыруға рұқсат береміз.
Сегізкөз көлденең сынғанда сегізкөз маңайы қатты ауырып, ісінеді.
Шалқасынан жатқанда, отырғанда күшейе түседі. Сондықтан ауруды үрмелі
резеңкеде жатқызамыз. 1-1,5 ай жатады. Электрофарез новокаинмен және
амплипульс 8-10 күн береміз.
Достарыңызбен бөлісу: