Қуық маңайындағы клетчатканы дренаждауды Буяльский-Маяк Уортер әдісі бойынша жүргізуге болады. Бірақ, бұл үшін қосымша
операция жасау және жарақаттанған адамның аяқтарын едәуір алшақтату
қажет. Жатқан сырқат адам бұл әдіспен қойылатын дренажда Куприянов
әдісіндегіден аз еңкіштеу болады.
Операция жасау техникасы.Сан ұма қаптарында 4-5 см бос жер
қалдырып, сан бөлігінің жоғарғы ішкі жағын ала көлденеңінен 4-6 см етіп
тіледі. Қозғалтқыш (келтірме) бұлшықеттерді аздап ажыратып, жапқыш
фасция мен жапқыш тесік бұлшықетін кеседі. Жапқыш тесік бұлшықетіндегі
тесіктің медиальді (ішкі) бөлімі арқылы жамбас қуысына дренаж жіберіледі.
Бұлай дренаждау қуыққа операция жасалмайтын жағдайда дұрыс.
Зардап шегушілер көптеп келіп түсіп жатпаса және таяу уақытта оларды
эвакуациялау қажет болмаса, онда несеп шығару каналын тесіп өткен
жарақатқа қолданылатын ең тамаша әдіс- парауретальді урогематома мен
жамбастың клетчаткалы бос жерін катетермсн дренаждау арқылы үрпіге
алғашқы тігіс салу болып табылады.
Егер іріңдеу, қабыну процестері өріс алып кетпесе, онда үрпі жарасы
кейінірек 2-4 күннен соң тігілуі мүмкін.