Емдеу: сынған жері 1 ℅ 20 мл новокаин ерітіндісі 2℅ 1 мл промедол
тері астына енгізіледі.
Орнына салу үшін 3 адам керек. Бірінші көмекші шынтағын 90˚1
қолымен тоқпан жілік айдаршығынан ұстап, екінші қолымен білезігінен
ұстайды. Екінші көмекші бір қолымен иық үстінен, екінші қолымен қолтық
астынан ұстайды. Екеуі де тоқпан жілік бойымен керіп төмен қарай тартады.
Біртіндеп қолды көлденең деңгейде 90˚ көтереді. 30˚-40˚ алға қарай осы
жерде дәрігер сүйекті орнына салады. Торокоброхиальді гипс салады.
Тексеріс рентген жасайды, орнында тұрса 2-2,5 ай гипсте болады.
Абдукциялық, аддукциялық сынықтарда орнына түспесе, онда операция
жасауға тура келеді. Мұнда көбінесе “Г” тәрізді пластинамен немесе БИОС-
пен бекітеді.
101 сурет. Тоқпан жілік мойнының сынуын Т тәрізді пластинамен (а)
және екі винтпен (б) бекіту
Шаншылып сыну Көбінесе тікелей шынтаққа немесе алақанға тік өс бойымен құлағанда
болады. Бұл жағдайда клиникалық белгісі өте көмескі болады.