Травматология



Pdf көрінісі
бет158/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   297
 
 
112 сурет. Монтеджи сынығы 
 
Тасымалдауы: Крамер шинасы. 
Емдеуі: шынтақ буынына 1% новокаин 15мл енгізіп, тері астына 2%1мл 
промедол ерітіндісін енгіземіз. Екі көмекші қажет. Бір көмекші бір қолымен 
бас  бармақты,  екінші  қолымен  қалған  саусақты  ұстап  өзіне  қарай  тартады. 
Екінші  көмекші  бір  қолымен  тоқпан  жіліктің  төменгі  1/3  бөлігінен  артқа 
қарай тартады. Осы кезде дәрігер саусағымен алдыңғы жақта шығып тұрған 
кәрі жілік басын сыртқа қарай итеріп, өз орнына басады.  
Шыққан сүйекті орнына салғанда кәрі жілік сынығы өз қалпына келеді. 
Алақанын  үстіне  қаратып,  шынтақты  90˚  бүгіп,  білек  осін  сыртқа  қарай 
қайырып, сол қалыпта иықтан алақан – саусақ буынына дейін 4 аптаға дейін 
гипстік  байлап  саламыз.  Содан  кейін  гипсті  алып  сол  қалпында  орамды 
гипсті  салып  14-16  апта  ұстаймыз.  Ұзақ  ұстау  себебі  ол  мерзімнен  ерте 
алатын  болса  кейін  кәрі  жілік  басының  дағдылы  шығуы    болуы  мүмкін. 
Екінші  себебі  шынтақ  сүйегінің  жоғарғы  1/3  бөлігі  сынса  оның бітуі  де  өте  
баяу өтеді.  
Жазулы  сынғанда  кәрі  жілік  басы  шынтақ  буыны  сыртқы  жағында 
шодырайып шығып тұрады. Бұл жағдайда шынтақ буынында ерікті қозғалыс 
жасай  алмайды.  Шынтақ  буынын  астына  үстіне  қарай  бұра  алмайды.Бұл 
жағдайда  екі  түрлі  кәрі  жілік  шығуы  кезінде  де  кәрі  жіліктік  жүйке 
тарамдарының зақымдалуы мүмкін. Сондықтан саусақтардың  сезімталдығы 
төмендеп жойылуы мүмкін. 
Орнына салу үшін тағы да жансыздандыру жасап, екі көмекші екі жаққа 
қарай тартып жоғарыда айтылған бойынша дәрігер кәрі жілік басын сырттан 
ішке  қарай  және  алдына  қарай  итеріп  орнына  басады.  Жоғарыда 
айтылғандай мерзімде гипс салынады. Орнына  екі жағдайда да түспесе онда 
операциялық жолмен емдейміз.  
Кәрі  жілікті  сыртқы  жағынан  ашып,  кәрі  жілік  мойнынан  капрондық 
лентамен немесе басқа аллопластикалық тіндермен гомогетеро-пластикалық 
тіндермен  сақина  тәрізді  байламдарды  қалпына  келтіреміз.  Гипсті  2  айға 
саламыз.  


155 
 
 
 
113 сурет. Монтеджи сынығы. Орнына салу және бекіту  
(тарту бағыттары стрелкамен көрсетілген) 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет