Монтеджи және Галеаций сынықтары Бұл сынықтардың 2 түрі болады. Ол жарақат алу себебіне байланысты
бүгулі, жазулы қалыпта сынады. Олар көбіне тікелей соққы тигенде болады.
Монтеджи сынығында шынтақ сүйегі жоғарғы немесе ортаңғы 1/3
бөлігінен сынып, кәрі жілік басы орнынан тайып кетеді. Бұл сынық бүгулі
қалыпта немесе қол жазулы қалыпта соққы тигенде болады. Бүгулі сынықты
қорғаныс сынығы деп атайды. Бұл жағдайда бірінші соққы шынтақ сүйегіне
тиіп, әрі қарай кәрі жілік басы алдына үстіне қарай ығысады. Шынтақ буыны
және білектің жоғарғы 1/3 бөлігі ісінеді, ауру шынтақ буынын бүге алмайды.
Себебі шынтақты әрі қарай бүккен жағдайда кәрі жілік басы жұмсақ тіндерді
езеді. Сондықтан ауру шынтақ буынын сәл жазған қалыпта ұстағанын жөн
көреді.Шынтақ буынының ішіне қарай (пронация)сыртына қарай
бұру(супинация) мүмкін болмайды. Шынтақ сүйегінің жоғарғы 1/3 бөлігінде
сәл ойық пайда болады.