Травматология



Pdf көрінісі
бет154/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
ШЫНТАҚ ӨСКІНІНІҢ СЫНЫҒЫ 
 
Бұл сынық көбінесе шынтақ өсіндісіне тікелей құлағанда немесе тікелей 
соққы  тигенде  болады.  Кейде  үшбасты бұлшықеттің шектен  тыс  жиырылуы 
салдарынан  жұлынып  сынуы  кездеседі.  Жұлынып  сыну  көбінесе  диск 
лақтыратындарда  болады.  Шынтақ  өсіндісінің  сынуы  буынішілік  сыныққа 
жатады.   
Клиникасы: буынға қан жиналуы(гемартроз) себебінен буын көлемінің 
үлкеюі,  шынтақ  буыны  маңының  тегістеліп  кетуі,  ауру  өз  еркімен  шынтақ 
буынын  жаза  алмауы  жатады.  Себебі  шынтақ  буынды  жазатын  тоқпан 
жіліктің үшбасты бұлшықеті  осы өсіндіге бекиді.  Ол бұлшықеттің қызметі 
шынтақ буынын жазу. Сынған өсінді артына үстіне қарай ығысады. Сол еттің 
жиырылуы  әсерінен  басып  көргенде  өсінді  өз  орнында  анықталмай  одан 
жоғары  тұрады.  Гюнтер  үшбұрышының  тепе-теңдігі  бұзылады,  ерікті 
қозғалыс болмайды.  
Тасымалдауы:  Крамер  шинасы  арқылы  екі  буынды  бекітіп  салу  әдісі 
жоғарыда айтылған. Рентген тексеріс жасап көреміз. 
 
108 сурет. Шынтақ өсіндісінің сыну түрлері  
А) ығысусыз Б) ығысумен 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет